Сабақтың тақырыбы
|
Қысқа қашықтықта жүгіру, 60м 8 - сынып Байқоңыр қаласы Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы білім беретін №14 орта мектептің денешынықтыру пәні мұғалімі: Орналиев Теміржан Куантканович.
|
||||||
Жалпы мақсаттар |
Оқушыларды қысқа қашықтыққа жүгіруге үйрету. Қысқа қашықтыққа жүгіру арқылы оқушылардың шапшаңдық, ептілік, төзімділік, батылдық қасиеттерін жетілдіру. |
||||||
Оқыту нәтижесі |
Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіруді үйренеді, сөреден шығуды, мәреден өтуді игереді. Қысқа қащықтыққа жүгіру арқылы оқушылардың шапшаңдық, ептілік, төзімділік қасиеттері жетіледі. Қазақстанның жеңіл атлетикадан белгілі спортшыларын біледі. |
||||||
Әдісі |
Өзін-өзі тану, СТО әдістері, түсіндіру, практикалық, диалогтік тәсіл, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
|
||||||
Дереккөздері
|
Әдістемелік журналдар |
||||||
Тапсырмалар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
Уақы-ты |
Күтілетін нәтиже |
||
Ұйымдастыру кезеңі |
Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері»(жылы, жақсы, тамаша). |
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, бір-біріне «жылы», «жақсы», «тамаша» сөздерін пайдалана отырып тілек тілейді |
«Жылы», «жақсы», «тамаша» сөздері |
2мин |
Көңіл-күй көтеріледі, сыйластығы артады, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлауды үйренеді. |
||
Топқа бөлу |
«Жылы, жақсы, тамаша» сөздері арқылы топқа бөлу. |
«Жылы, жақсы, тамаша» сөздеріне байланысты топтасады. |
|
1мин |
Байқағыштық қасиеті артады. |
||
Дайындық бөлімі |
Жүру жаттығулары: - қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру; - қол белде, өкшемен жүру; - қол алда, жартылай отырып жүру; - қол тізеде, толық отырып жүру.
Жүгіру жаттығулары: - қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу; - қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу; - сол жақпен қарап, артпен жүгіру; - қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру - қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру;
|
Бой жазу, дамыту жаттығуларын жасайды.
Жоғары секіруі керек.
Ара қашықтықты сақтауды қадағалайды.
Тізені бүкпейді. |
|
7мин |
Оқушы бойын жазады, бұлшық еттерін қыздырады. |
||
|
- екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру; - екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру; - сап бойынша жүру; - тыныс алу жаттығулары. Жалпы дамыту жаттығулары: - Б.қ қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды 4 санақ бойынша солға , 4 санақ бойынша оңға айналдыру; - Б.қ. аяқ иық көдемінде, қол иықта, қолымызды алға 4рет, артқа 4рет айналдыру; - Б.қ. аяқ иық көлеміндк, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 2 рет сол жаққа, 2 рет оң жаққа қол созып иілу; - Б.қ. аяқ көлемінде, қол белде, 1-сол аяққа, 2-ортаға, 3-оң аяққа еңкейіп екі қолды аяққа жеткізу, 4-бастапқы қалыпқа келу; - Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4рет, сыртқа 4рет айналдыру; - Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол белде, дене алдыға еңкеулі қалыпта, денені 1-4санаққа сол жаққа,1-4 санақ бойынша оң жаққа айналдыру; - Б.қ. аяқ иық көлемінен алшақ, қол белде, 1-сол аяққа отыру, 2-б.қ., 3-оң аяққа отыру, 4-б.қ.
- Секіру жаттығулары |
Қолды белдің деңгейінде ұстап, тізені қолға жеткізеді;
Көзді жұмбайды;
Қолды толық амплитудамен айналдырады;
Тізені бүкпейді;
Тізені бүкпеуге тырысады;
Тепе-теңдік сақтайды.
Жоғары секіреді |
|
|
|
||
Жаңа сабақ «Қысқа қашықтыққа жүгіру, 60м»
Негізгі бөлім
Қызығушылығын ояту |
СТО әдісі – «Ротация» (ауыстыру). Үш түрлі сұрақ қағазға жазылып беріледі. Сағаттың тілімен ауыстырылады. Әр топ өзінің түсті маркерімен жауап жазады. Өзінің түсімен жауап берген қағаз келгенше ойын жүре береді. Әр топтың жауабы талқыланып, ортақ дұрыс жауап талқыланады. |
Сұрақ жазылған қағаз сағаттың тілімен әр топқа барады.
Қойылған сұрақтарға оқушылар жауап жазып береді. |
Сұрақ жазылған қағаз, 3 түрлі маркер |
2мин |
Пробремалық сұрақтарды талқылауға қатысады, қысқаша мазмұндау қабілеті дамиды, таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. |
||
Мағынаны тану
Практикалық жұмыс |
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы: - Оқушыларды екіге бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту; - «Сөреге!», «Дайындалыңдар!», «Жүгір!» командаларын түсіндіру және орындау; - Кеудені дұрыс ұстап, қолдың дұрыс сілтеу және дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасау; - Қол мен аяқты айқастыра кең адымдап және қысқа адымдап жүгірту;
Көргенін топта талқылау. Әр топ мүшесінің мазмұндауы. Сұрақтарға жауап алу. Ережені тұжырымдату. Ақпараттық хабар беру
Іс-тәжірибе жүзінде көрсету, түсіндіру Қауіпсіздік ережесіне ескеру Қысқа қашықтыққа жүгірудыің техникасын үйрету
Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты теория жүзінде түсіндіріп, практика жүзінде көрсету.
Төменгі сөреден шығу техникасын үйрету. «Сөреге» деген бұйрық берілгенде сөре сызығына келіп бір жарым табан санап алып, қолды сөре сызығынының үстіне қойып, итеілетін аяқты алдыға қойып, екінші аяқтың тізесі итеретін аяқтың табанының орта тұсында тұрады, салмақ қолға түсіп тұрады. «Дайындал» деген бұйрықта аяқтар жартылай жазылып, денені алға қарай ұмсындырамыз. «Жүгір» деген бұйрықта бар екпіні мен аяқты жылдам қолды алға артқа сермеп 20 метрге максимальді қарқын алғанша жиі-жиі басып жүгіреді.
|
Топта талқылайды Топтың 1 мүшесі мазмұндайды. Сұрақтарға жауап береді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Ережені тұжырымдайды. Ақпараттық хабар алады.
Оқушылардың орындауы
Оқушылардың сөреге дұрыс тұрады және иетеретін аяқтарын алға қою
Оқушылар «жүгір» деген бұйрық бойынша жүгіреді |
Суреттеме плакаттар
Ысқырғыш, секундомер ,т.б. |
10мин
10мин |
Өз бетінше жұмыс жасайды, өз ойын шығармашылықпен жеткізе білу, ұсынылған сұрақтар бойынша сараптау, болжау, тұжырым жасау, жаңа ақпаратқа қызығушылықпен қарау, сөздік қорының көбеюі
Оқушылар үйренеді, қауіпсіздік ережесін сақтайды, қысқа қашықтыққа жүгіру ептілігі қалыптасады. |
||
Қорытынды бөлім Ой-толғаныс |
«Синкуейн» әдісі – «Қашықтық» |
Оқушылар «қашықтық» тақырыбына 5 жолды өлең құрастырады. |
|
5мин |
Ұсынылған тақырып бойынша жан-жақты түйіндеме жасай алады. |
||
Бағалау |
«Светофор» - қызыл,сары,жасыл үлестірме қағаздары арқылы бағалауды ұсыну |
Оқушылар қолыңдағы «қызыл», «сары», «жасыл» үлестірме қағаздары арқылы жеке оқушыны, топты бағалайды |
Үлестірме қағаздары |
5мин |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі