Сабақтың тақырыбы: Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты кодтауды үйрену, сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттырды кодтап үйрену
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың мазмұнына байланысты міндеттер:
• Сандық, мәтіндік, графиктік ақпаратпен танысу;
• негізгі ұғымдарға анықтама беру;
• кодтап үйрену
Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:
• мәтінді оқи отырып мазмұнды игереді;
• пікірлеседі, өзара талқылайды;
• тақырыпты талдайды, тәжірибеде қолданады.
Топтық жұмыс немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндеттер:
• өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады;
• топпен және өз бетінше жұмыс жасауды үйренеді;
• бір-бірінің ойын, пікірін тыңдауға дағдыланады.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Кластерлеу (жүзім шоғы) әдісі, ЖИГСО 2 әдісі, Еркін жазу әдісі
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
• Құралдар: компьютер, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, А1 форматты қағаз (плакат);
• Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, қима қағаздар, талқылау картасы, бағалау парақтары, кері байланыс парағы.
Сабақтың жоспары:
САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
• оқушылармен сәлемдеседі;
• сергіту сәтін ұйымдастырады («Мен саған сенемін, себебі...»);
• топқа бөлу (оқушылар гүлдің, мектептің, кітаптың белгілі бір элементтерін жинақтау арқылы топтасады).
• мұғаліммен сәлемдеседі;
• сергіту сәтін орындайды;
• топқа бөлініп отырады.
ОЙ ҚОЗҒАУ Қызығушылығын ояту:
Кластерлеу (жүзім шоғы) әдісі
«Ақпарат» сөзін қалай түсінесіңдер, ойланып көрейікші
• Ойланады, кестені толтырады;
• Топ ішінде ойларымен бөліседі, топ ішінен бірнеше мысалдар келтіреді;
• Не білгілері келетінін жазады, бөліседі, ұсынады.
•
МАҒЫНАНЫ АЖЫРАТУ
ЖИГСО 2 әдісі
Оқушыларға оқулықтағы «Сызықтық алгоритмдерді программалау» тақырыбындағы мәтінді оқуды тапсырамын. • Мәтінді оқиды;
• Мәтінді жұпта талқылайды;
• Оқушылар өз сұрақтарына қандай жауаптар тапқаны туралы баяндайды;
• Содан кейін мәтіннен жалпы қандай идеялар тапқаны туралы баяндайды.
ОЙ ТОЛҒАНЫС
Еркін жазу әдісі
Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.
Оқушыларға уақыт беріледі, берілген уақыт ішінде қағаз бетіне өз алған ақпараттар туралы пікірлерін жазады
КЕРІ БАЙЛАНЫС
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
Тақырып соңындағы «Өзіңді тексер!» тест жұмысын орындауды тапсырамын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі