Астана қаласы
«NURORDA» мектеп–лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Жанбосынова Жанагүл Балташевна
Тақырыбы: «Кім жылдам?» 5, 6 – сынып қыз балалары арасындағы жүзуден эстафеталық жарыс
Мақсаты: оқушылардың денсаулығын нығайту; жүзу спортына қызығушылықтарын арттыру.
Жарыс бағдарламасы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Құрметті, оқушылар! Бүгінгі «Кім жылдам?» атты спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Оқушылардың денсаулығын нығайта отырып, жүзу спортына қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіліп отырған спорттық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
- Бүгінгі жарысымызға 8 топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерден өтуі тиіс. Барлық топтарға сәттілік тілейміз!
Жарыс төрешілері таныстырылады.
- Жарыс 5 баллдық жүйемен бағаланады.
- Сөреге сайыскерлерді шақырамыз.
Жарысқа қатысушы барлық сайыскерлер ортаға шықты.
II. Негізгі бөлім
Жарыс шарты:
1. Топтың аты, ұраны.
2. 20 м. жүзіп өту (кролль арқамен әдісі).
III. Қорытынды бөлім
- Құрметті біздің спортшыларымыз, сіздер бүгін өз күштеріңізді, жылдамдықтарыңызды көрсете білдіңіздер. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік!
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Сайыскерлерді дипломдармен марапаттап, табыстайды.
- Осымен, эстафеталық сайысымыз аяқталды. Қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз! Сау болыңыздар!
Жарыс барысынан үзінділер
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі