Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жетікөл ауылы
ЖББ Жетікөл бастауыш мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Қалимолла Базаргүл Ануарқызы
Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.
Жүргізуші:- Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-ші сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасалы отыр.
Бүгін елдігіміз ескерліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатып шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер.
Тәрбиші, ата–ана.
Сеніммен үміт артады,
Бөбетері есейіп.
Мектепке енді барады.
Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа енді жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар
Алда мектеп – Ана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Мектепалды даярлықпен қоштасатын бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық
Биязы мінезімен
Түрлі рөлді сомдайды,
Күлімдеген Жасминді
Барлық досы қолдайды.
***
Спортты жаны сүйеді,
Салауатты өмір сүреді.
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Нұрсұлтан топтың жүрегі.
***
Бойында үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы бір сырлы,
Намысшыл жігіт Әбілмансұр.
***
Ортамыздың ажары,
Жангүлімдей ерке қыз
Әр қылығын көтеріп,
Еркелете береміз.
***
Ұстаз болу арманы
Өзі сондай салмақты.
Нұрландырған ортаны.
Біздің Айымгүл жан-жақты.
***
Білімді қыз инабат,
Болар бізге қолқанат.
Жақсылықты арқалап,
Дильназда да бар талант.
***
Инабатты сұлу қыз,
Әдемі де түзу қыз,
Гаухар топтың аруы.
Мұны бәрі біледі.
Балалардың ағылшын тіліндегі амандасуларын тыңдайық.
Қазақстанның мемлекеттік гимны орындалады.
Балалардың ағылшын тіліндегі тақпақтарына кезек берейік.
Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар
Алда мектеп – Ана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Би: Қуыршақ
Нұрсұлтан:
Құшағыңда жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім,ән тыңдап
Алаңдауды білмедім
Әбілменсұр:
Адам етіп баптаған
Ардақтап бізді баптаған
Даярлыққа мың алғыс
Ұстаздармен мен мақтанам
Жүргізуші:
Бөбек еді ол рас
Кіп – кішкентай кешегі
Бүгін, міне азамат
Болды бәрі деседі.
Тіл дамытып, сурет салып.
Жаттықтырды қолдарын
Мектебіне шығарып сап,
Тілейік ақ жолдарын
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
Қызықты би: «Арам зам зам»
Бүгін қызық бүгін той
Сендер үшін біліп қой
Әнде салып, би билеп
Жалғастырсын ойды - ой
Айымгүл:
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
Жасмин:
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Дайындық топты қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Жангүлім:
Біз балауса баламыз
Жетілді ой-санамыз
Даярлықпен қоштасып
Біріншіге барамыз
Дильназ:
Күннің нүры шуақты
Сергітеді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді
Гаухар:
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік,
Сурет салып, ән жаттап
Оқып жазып үйрендік
Жүргізуші:
Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай даярлық
Мәңгі есте сақталсын
ӘН: алфавит «ағылшын тілінде»
Жүргізуші:
Ұл – қыздарды көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін шаттана.
Би: кукарелла
Ән: «Еңбекшіл бала»
Жүргізуші: Міне балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін,балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі