Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті
Б. Қанатбаев атындағы орта мектептің мектепалды
даярлық сыныбының тәрбиешісі Ідірісова Агила
Білім саласы |
Тақырыбы |
Мақсаты |
Әдістері |
«Коммуникация»
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері |
Блок тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Апта тақырыбы: «Тарихқа саяхат» |
*Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстау. * Суреттер бойынша тапсырмадағы сұрақтарға жауап беріп, әңгіме құрастыру. *Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау. Жазу жолдарына Қ әріпінің баспа түрін жазу |
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, таныстыру, ойындар, талдау, топтастыру. Көрнекілігі: Қ дыбысының таңбасы, суреттер, әріптер, текшелер, сандар,сандық, кілт Құрал-жабдықтар: Әліппе-дәптер, қарындаш. |
|
|
|
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызыметі |
Балалардың қызыметі |
Мотивациялық қозғаушы |
Балалармен шаттық шеңберін құру. Қосыл, қосыл шаттық шеңберіне, Нағыз адал дос болып. Қосыл, қосыл шаттық шеңберіне, Ең сенімді дос болып. Д/ойын: «Артығын тап» Жануарлардың суреттері бес-бестен тақтаға ілінеді. |
Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
Жабайы жануарлар мен үй жануарлары туралы айтады.
Үй жануарларының ішінен жабайы аңдарды, жабайы жануарлардың ішінен үй жануарларын тауып көрсетеді. |
Ұйымдастырушы-ізденістік.
ҰОҚ қортындысы |
Өткенді қайталау. Балалар, бүгін біздің топқа бейтаныс әріп қонаққа келіпті. Бұл әріп өзінің қандай әріп екенін айтпады. Сендерге не дер екен енді әріптің өзіне сөз берейік. Әріп: Балалар, мен қаладан келдім. Ондағы өздеріңдей балалардың сендерге жолдаған өтініштерін ала келдім, сендер сол тапсырманы орындасаңдар мен өзімнің қандай әріп екенімді айтамын. 1 тапсырма. (мысық, мата, маса, суреттері). Бұл ненің суреттері, сөздерді буынға бөліп, алғашқы дыбысын ата, ол әріпті кассадан көрсет. ІІ тапсырма. Д/ойын: «Дыбыстар үйі» Ойынның шарты. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату. Өткен әріптерді атап, дауысты дыбысты қызыл қорапқа, дауыссыз дыбысты көк қорапқа орналастыру керек. ІІІ тапсырма. Мал, алма сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Жарайсыңдар балалар, сендер қонақ әріптің тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар.
Негізгі бөлім: Жаңа сабақ Ойын: «Сиқырлы сандар» Балалар қазір біз «Сиқырлы сандар» ойынын ойнаймыз.Біз білімді, әрі тәртіпті болсақ, сандар бізге не жасырып тұрғанын білеміз. Сандар ретімен ашылады. Астында суреттер жасырылып тұрады. 1 санын ашайық. Балалар ненің суретін көріп тұрмыз? Қайық сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? 2 санын ашайық. Қандай дыбыс естіліп тұр? 3 санын ашайық. Қандай дыбыс естіліп тұр? 4 санын ашайық Қандай дыбыс? Балалар сонда бүгін бізге келге бейтаныс қонақ қандай әріп екен?
Қ әріпі үш рет хормен айтқызылады. Қ әріпі қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Қандай текшемен белгілейміз?
Ойын: « Сөз ойла, тез ойла» Суретпен жұмыс: Топтастыру. Қ әріпінің жанына қ әріпінен басталатын суреттер топтастырылады. Сол суретке сөйлем құрайды.
Практикалық жұмыс.
Қала деген сөзге дыбыстық талдау жасайды. Бір бала шығып тақтада орындайды. Қала деген сөзде:
Қалған балалар орындарында орындайды.
Қала деген сөзде неше дауысты дыбыс бар? Неше дауыссыз дыбыс бар? Неше әріп бар?
Әліппе -дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Балалар суреттегі төлдердің іс-әрекетін әңгімелейді. Төлдер туралы әңгіме жүргізіледі. 2-тапсырма. Жануарлардың құлақтарының суретін салады. Құлақ сөзін буынға бөледі, оған дыбыстық талдау жасайды. Балалар, қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
«Қ» дыбысының айтылу артикуляциясы Қ дыбысын айтқан кезде ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Қ қатаң, дауыссыз дыбыс. 3-тапсырма. Жаңылтпаш жаттайды. Сергіту сәті
Қояным тұршы Бетіңді жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы Енді алға адымдап жүрші. 4-тапсырма. Ермексаздан Қ әрпін мүсіндейді. 5-тапсырма. Сурет бойынша сұраққа жауап береді, әңгіме құрастырады. Күшік пен Мысыққа ат қояды. Мысалы: Мойнақ, Ақмоншақ.
Сөздерді байланыстырып сөйлеу. Д/ойын: «Сиқырлы сандық» -Балалар мынау не? -Сандықтың ішінде не бар екен? Қане көрейікші. -Кім шығады? -Сен не алдың? -Қасқыр сөзінде қ дыбысы бар ма? Сөздің қай жерінде тұр? -Ал сен не алдың? -Ұшақ сөзінде қ дыбысы бар ма? -Қай жерде тұр? -Ал сен не алдың? -Автобус сөзінде қ дыбысы бар ма? -Балалар, сиқырлы сандықта сиқырлы кілт бар екен? -Кілт сөзінде қ дыбысы бар ма? -Бұл алтын кілтті оқу қызыметіне өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге сиқырлы сандық сыйға берді. Жарайсыңдар, балалар сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер.
1.Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу қызыметіне қандай әріп қонаққа келді? 2. Қандай дыбыс? 3. Неге дауыссыз дыбыс дейміз? 4.Қандай текшемен белгілейміз? 5.Қ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Балалар смайликтер арқылы бағаланады.
|
Балалар жауап береді.
Қораптарға орналастырады.
Қайық
Қ дыбысы
Қасықтың суреті Қ дыбысы Қойдың суреті Қ дыбысы Қасқыр Қ дыбысы
Қ әріпі
Жеке-жеке айтқызылады. Дауыссыз дыбыс көк текшемен
Қ дыбысына сөздер айтады.
Қас, қарбыз, қауын,қияр,қасқыр.
Қ әріпі дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілеймін а әріпі дауысты дыбыс қызыл текшемен белгілеймін л әріпі дауыссыз дыбыс көк текшемен белгілеймін а әріпі дауысты дыбыс қызыл текшемен белгілеймін Екі дауыссыз дыбыс бар
Екі дауысты дыбыс бар Төрт әріп бар.
Балалар өз ойларын білдіреді.
Қызыл, көк түсті қарындаш
Қ дыбысы. Қ дыбысын қайталап айтады.
Балалар өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
Қ әріпін бастырып жазады.
Мынау сандық
Мен қасқырдың суретін алдым. -Қ дыбысы бар. Басында, ортасында. Мен ұшақ алдым. -Ұшақ сөзінде қ дыбысы бар. -Аяғында. -Автобус сөзінде қ дыбысы жоқ.
-Кілт сөзінде қ дыбысы жоқ. Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «Қ» дыбысын және әрпін, буынға бөліп сөздерді оқуды, дыбыстық талдау жасауды біледі.
Игереді: Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, шағын әңгіме құрастыруды, байланыстыра сөйлеуді игереді.
Меңгереді: Суреттегі заттарды атауды, сөздегі қ дыбысының орнын ажыратуды меңгереді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі