Алматы облысы
Балқаш ауданы
"№1 Бақанас орта мектебі МДШО"МКМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Жұман Дария Жұмаділқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Мен өз елімнің патриотымын"
Мақсаты:
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын,Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы -патриот тәрбиелеу.
Ресурстар: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, слайдтар,маркер,стикер.
Әдістер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі,көрсету, іздену,
Барысы:
І Ұйымдастыру кезең.
-Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
Кіріспе әңгіме:
-Балалар, бүгінгі 1-қыркүйек білім күнгі сабағымыздың тақырыбы:"Менің өз елімнің патриотымын" деп аталады. Биылғы оқу жылы қазақ елінің айтулы мерекелерімен тұспа-тұс келуде.Билектің күшімен,найзаның ұшымен қорғаған қазақ даласында үлкен мереке.Биыл Қазақстан Республикасының жүрегі,тірегі Елордамыз Астанаға -20жыл.
Топтарға бөлу.
Ой қозғау.
-Отан дегеніміз не?
-Бұл сөзді естігенде есіңе ,көз алдарыңа тағы қандай сөздер келеді?
Топтық жұмыс.
"Отан"тақырыбына постер құру,қорғау.
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі