Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: М.Әуезовтің өмірі мен әлемдік әдебиетке қосқан үлесін, хикаяттағы тарихи тұлға арқылы оқушылардың көзін шындыққа жеткізу. Мағжан Жұмабаев, Шерхан Мұртаза шығармаларымен байланыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды өткен тарихқа көз жіберте отырып, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру, туған өлке тарихын сөз ету
3.Тәрбиелік мәні: Оқушылардың туған еліне, халқына , Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, адамгершілікке , адалдыққа баулу.
Сабақтың түрі: іздену сабағы, аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бүктеме, нақыл сөздер, карта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Технология : сатылай кешенді талдау технологиясы
VII Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару
Әлем тәнті болды «Абай жолына»,
Біз қараймыз жүріп өткен жолына.
Дана Мұхтар, дара Мұхтар бүгінде,
Табылар әр қазақтың үйінде,- дей отырып, ел баласы бола білген Мұхтар өмірі мен шығармашылығына тоқталамыз.
3.Жаңа сабақ
М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
- Балалар біз бүгін Мұхтар Әуезовтің туып-өскен жеріне сырттай саяхатқа шығамыз. Міне, мынау Абай ауданы Бөрілі ауылы Аяққорған қыстағы.Осы үйде жазушы өмірге келген. Мынау- әкесі Омарханның бейіті.
-Балалар сендер осы кезге дейін жазушының қандай шығармаларымен таныстыңдар?
- «Әжемнің әңгімесі», «Көксерек», «Біржан сал ауылында» әңгімелерін оқыдық.
-Дұрыс. Ал енді осы жазушының әңгімесінің негізінде түсірілген қандай киноларды көрдіңдер?
- «Көксерек», «Асуда атылған оқ» киноларын көрдік.
-Жақсы. Енді сендерге осы жазушы өмірі мен шығармашылығын зерттеу үшін «Әдебиетшілер», «Зерттеушілер», «Тарихшылар » тобын құрып , зерттеу туралы тапсырмалар берілген.
Сабақты мына жоспар көлемінде талдап отырып меңгерелік:
ә) Ата үмітін ақтау.
ә) Кинодан үзінді.
б) Проблемалық сұрақ
Болашақ ұлы жазушының есімінің қойылу тарихы туралы «Әдебиетшілерді » тыңдалық.
Әдебиетші: М.О.Әуезов 1987 жылы 28-қыркүйекте Абай ауданындағы Бөрілі қыстағына жақын Аяққарағанда туған.
Түрік,араб-парсы әдебиеттерінен жақсы хабардар Әуез атаның «мұхтар» деген сөздің «азат»,«білімді»,«таңдаулы» деген мағынаны білдіретінін көкірегіне түйгені бар еді.Сол сөзді таңдап алып,өзінің үлкен ұлы Омархан мен сүйікті келіні Нұржамалдан туған немересіне Мұхтар деп ат қойды.
Кішкентай Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді.
Әуез қарт ұлы ақын Абайдың адал досы болған.Ол Абайдың асыл өлеңдері халқының қазынасына айналса екен деп арман етушілердің бірі еді.
Ол кезде қазақ елінде сауатты адамдар аз болатын,кітап болмайтын.Осындай жағдайда Әуез қарт өзінің сүйікті ақыны Абайдың өлеңдерін көшіртіп, түптетіп алады.Соны оқулық орнына пайдаланып,балаларына алдымен араб әріптерін үйретіп,хат танытады.Содан соңғы Әуез мұғалімнің бар ұстаздық әдісі Абай өлеңдерін шәкірттеріне бірінен соң бірін жаттата беру болды. Күндердің күнінде Әуез атаның алдына 5-6 жасар кең маңдай, бұйра шаш бала Мұхтар да шәкірт болып тізе бүгеді.
Мұхтардың жас кезіндегі жақсы көріп, құмарта ойнайтын ойындарының бірі әйзік болатын.
Бұл туралы Мұхтардың ағасы Ахмет Әуезов былай дейді:«Әйзік»ойыны ауыл балаларының ішінде Шоңқа екеумізге қиын тиеді.Бала кезінде Мұхтарды «Шоңқа» деп атайтынбыз.Себебі сақаны шиырып ата алмаймыз. Ойын тәртібін көп бұзамыз. Содан да болар көбіне әйзік ойынында асықтан ұтылып қалатынбыз.Мұндайда Шоңқа өзімен теңдес балалардан ұтылғанына шыдай алмай,намысы келіп жылайтын».
Әуез ақсақал өз баласы Қасымбекті Семейдегі орыс мектебіне бергізген еді. Артынан сол Қасымбек Әуез атасының рұқсатымен Мұхтарды қолынан жетелеп апарып Семейдегі бес кластық орысша оқытатын училищеге түсірді.
Түсінігі о бастан кең Мұхтар сыныптас балаларының ішінен дараланып оқшау шықты.Мұхтар үнемі байсалды,тәртіпті әрі ұстамды.Сол үшін болса керек,үнемі сабақты жақсы оқыды.Бала Мұхтардың бойында тағы бір ерекшелігі бар.Ол-жаңалыққа құмарта,қызыға қарайтындығы,орыс балаларының жүріс-тұрысына зер салып, солардан үлгі ала қояды.
- Енді «Зерттеушілерді » тыңдалық.
Зерттеуші: 1914 жылы қыркүйек айында алғаш рет ноғай балалары мен қазақ балаларынан Семей қаласында 24 адамнан тұратын «Ярыш» атты футбол командасы құрылды.Мұхтармен бірге оқыған әрі сол футбол командасына қатысқан ғалым Қасым Мұхамедов өткенді еске алып былай дейді: «Футболды оқуға алғаш келгенде және май айларында ойнайтынбыз.Жұмасына екі,үш рет базар, шіркеу алаңдарында бас қосатынбыз.Мақсатымыз футбол ойынын үйрену еді.Бұл қазақ балалары үшін үлкен жаңалық болатын.Сабаққа зейінді Мұхтар «Ярыш» командасының құрамында ойнап жүргенде өзінің тағы бір талантын көрсетті.Біз оның бойынан қолға алған мақсатты іске беріктігін,әр нәрсені білуге,үйренуге құштарлығын байқайтынбыз.Бұл кезде,оқып жүрген кезінде Мұхтар «өнерді үйрен де жирен» деген қағиданы, немесе «жігіт сегіз қырлы,бір сырлы болуы керек» деген мәтелді жадында берік сақтайтын адам боп көрінетін».
-Ал осы келтірілген үзіндіден Біз Мұхтардың зейінділігін, қолға алған мақсатты іске беріктігін көреміз.Ата үмітін ақтады деген осы.Тұңғыш құрылған футбол командамыз «Ярыш» екенін білдік.Команданы құрудағы мақсаттары: футбол ойынын үйрену. Бұл қазақ балалары үшін үлкен жаңалық еді. Қазір өздерің қазақстандық қандай футбол командасын білесіңдер?
-Есіл, Қайсар, Ертіс, Шахтер, Қайрат т.б.
-Қазіргі Семей футбол командасы қалай аталады?
Биыл Қазақстан футбол командасының құрылғанының неше жылдығын атап өтеміз? Тақтаға назар аударалық.
- Мұхтар өзінің «Абай жолы» роман-эпопеясымен әлемге Абайды, Абай арқылы қазақ халқын таныта отырып, өзі де әлем әдебиетінен ұлы дарын, қайталанбас тұлға болып орын алды. Бұл шығармасымен жоғарғы сыныпта танысамыз.Әрбір адамға қойылған есімнің өзіндік мән-мағынасы бар. Мына сендердің де аттарыңның өзіндік мәні бар. Сендердің өз аттарыңа лайық, ата-ана үмітін ақтайтындарыңа сенімім мол.Бүгін «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты туралы мағлұмат аламыз.
- Енді «Тарихшыларымыз » «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты туралы қандай деректер берер екен?
Тарихшы: Мұхтар мен Тұрар Орынборда танысады. Онда 1-ші құрылтай съезі болады да, Тұрар сөз сөйлейді.Сол кезде Семей, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Сібірь ревкомы Омбыға қараған. Бөкей ордасы, Адай болысы, Маңғыстау уезі,Қостанай округі,Астрахань губерниясы, Атырау жағалауын Қазақстанға кері қайтарып заңдастырған -Тұрар Рысқұлов еді. Тұрар Ташкентте «Шолпан», «Сана» журналдарын ашады. Соған қазақ зиялыларын Тұрар жинаған. Ел ішінде «ұлтшыл» атанған Мұхтар да сонда барады.
Сол кезде Мұхтарға Тұрар өз әкесі Рысқұл жайындағы шытырман оқиғаны айтып береді. Кейін болған оқиға жерлері Қараш асуы, Талғар өзені, Саймасай жайлауын аралап, «Қараш-Қараш оқиғасын» өмірге әкелген.
20 - жылдардың ортасында жас жазушы М.Әуезовке осындай шығарма жазу туралы идеяны оның досы, көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов (1894-1938) берген.Шығарма сюжетінің негізінде Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлының (1859 – 1907) өмірінде нақтылы болған бір оқиға және соған байланысты шырғалаңдар арқау болған.
1880ж. патша өкіметінің жергілікті өкілдерінің қысымына шыдамай, жиырма үйлі Шілмембет Оңтүстік өлкесінен үдере көшіп, Верный (Қазіргі Алматы) уезі, Талғар болысына келіп қоныстанады.Жиырма үйдің біреуі – Рысқұлдың отбасы. Рысқұл байдың жылқысын, інісі Молдабек қойын бағады. Еті тірі, өзі мерген әрі балуан Рысқұл сегіз қырлы, бір сырлылығымен төңірекке аты жайылады.Үлкен Талғар болысы Естемес Рысқұлды қолына ұстап жұмсайды.
Осында жүріп Рысқұл Естеместің биі, өзі құралыптас жігіт Саймасай Үшкемпіровпен танысады.Естемес жасы келген адам, Саймасайдың арманы – болыс болу. Кезекті болыс сайлаудың қарсаңында Саймасай Рысқұлдың көмегімен кедейлерді жақтас етіп әрі ұлыққа пара беріп, болыс сайланады. Саймасай Рысқұлдың қасына алып, оны шабарманы етеді. Рысқұл оның
малына қорған болады, тоқал алуына көмектеседі. Бірақ болыстың жылы қабағы көп ұзамай өзгереді. Жаныс руының «болыстың руы» жуандары Шілмембеттерді қысымға алып, түрлі зорлық – зомбылық жасай бастайды. Болыс та оларды қолдап алым – салықты аз руға салады.
Жоғалған малын іздеп даугерлер келгенде, болыс оны Рысқұлға төлеттіретін үкім шығартып, төлемесе, ұры ретінде абақтыға қаматтыратынын айтып қоқытады. Жаны күйзелген Рысқұл болыспен қатты сөзге келіп, кетіп қалады, болыстан кек алуға бекінеді.Сөйтіп, ашынған Рысқұл Қараш – Қараш асуында аңдып отырып, тоқал алып келе жатқан болысты атып өлтіреді.
Тұрар күндіз абақты ауласын тазалап, тұтқындарға су, тамақ тасып, түнде түрме ішіне, әкесінің қасына қонып жүреді.Сауатын түрмеде ашады.Рысқұл бір жылдан соң сотталып он жылға Сахалинге айдалады.Семей өңіріне жеткен кезде кісенін үзіп, шуақта қалғып отырған конвой бастығын өлтіріп, шомылып жүрген күзетшілерді мылтық атып қашырып, барлық тұтқындарды босатады.Бір жолдасымен қашып отырып Түркістанға келеді, одан Таласқа кеп тұрып, 1907 жылы қайтыс болады.
- Осы айтылғандардан повеске нақтылы өмір шындығы арқау болғанын және шығармада тағдыр – талайы бейнеленген кейіпкерлердің өмірде негізгі прототипі бар екенін көреміз. Прототип дегеніміз не?
Әдебиетші: Прототип– көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Шығармадағы Бақтығұл – Рысқұл, Бақтығұлдың інісі Тектіғұл - Молдабек, баласы Сейіт – Тұрар, Қатша-Тұрардың анасы Ізбайша, Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров, Сары руы- Сәлік руы, Шалқар болысы- Талғар болысы, Бүрген болысы- Түрген болысы, Талғар өзені- Талғар өзені, Қараш асуы- Қараш асуы.
Зерттеуші: Қараш-Қараш оқиғасының болған жерін картадан көрсетеді. Тарихшы: Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» 1927 жылдың желтоқсан айы мен 1928 жылдың қаңтар айларында жазылған.1959 ж.қайта өңделіп басылған.
1961 ж.орыс тіліне аударылған.1968 жылы «Қазақфильм»мен «Қырғызфильм»
киностудиялары бірігіп, Болат Шәмиев өзі сценарий жазып, өзі режиссерлік етіп, бас кейіпкерді қырғыз актері Сүлейменқұл Чокмаров сомдап, «Асуда атылған оқ»
деп аталатын көркем фильм түсірген.
4. Кинодан үзінді көре отырып, сұрақтарға жауап беру.
Хикаяттың бас кейіпкері кім?
Бақтығұлдың қасиеті?
Оны ұрлыққа итермелеген не жағдай? Ұрлыққа бару себебі?
Бақтығұл кімнен пана іздейді?
Жарасбайды өлтіруі?
Бақтығұл әрекеті дұрыс па?
Жақтаушы Даттаушы
5.Енді кейіпкерлерге сипаттама беру.
1. Бақтығұлдың портреті: Бақтығұл өзі кесек, балуан денелі,иықты,кеуделі келген.Қалың тік қара мұртты.(тақтаға жазып көрсетеді)
2. Бақтығұл бейнесін ашу
Бақтығұл - еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ
Бақтығұл - кек алушы күрескер
Бақтығұл - Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны
Бақтығұл - қорғансыз сорлы
Тараулар. Тақырып. Басты оқиғалар.
І. Іште кеткен кек....
•....Тектіғұлдың науқасы
•. Өксікті күндер
•. Аянышты өлімі
ІІ. Кек жолындағы жортуыл...
.•....Сәлмен жылқысына барымталау
•. Ұрланған бие
ІІІ. Қуғыншылар....
•....Сойылған бие
•Қуғыншылар
•. Соққыға ұшыраған Бақтығұл
•. Намыс,ар,қорлану
ІV. Пана іздеу....
•....Арқар ату
•. Жарасбайға тартуы
•. Өтініш,тілек
V. Адасу....
•....Жарасбай жанындағы тірлік.
•. Ақ жолдан таю
•. Барымташы Бақтығұл
VІ. Екі жүзді аярлық....
•....Ел ішіндегі тартыс
•. Сатқындық.
•. Билер соты, үкім
VІІ. Қуғын....
•....Қуғынға ұшырау
VІІІ. Өш алу....
•....Жасырыну
•. Әділ үкім....
Алынған кек
6.Кітаппен жұмыс.
Үйге оқуға үш тарау берілген. Сол үш тарауды сатылай кешенді талдайық.
Авторы –
Тақырыбы-
Идеясы-
Жанр түрі-
Хикаяттың басталуы -
Хикаяттың дамуы -
Хикаяттың шиеленісуі -
Хикаяттың шарықтау шегі -
Шешімі –
Әдеби теориялық ұғым -
Сөздік - Ұры-затты,нәрсені ұрлаушы адам. Ұрлық-біреудің затын рұқсатсыз алу.
Кек-біреуге,жауға деген өшпенділік. Жоқшылық-кедей,жарлы болу.Зорлық-Қиянат,зәбір көрсету,жала.Паналау-Сүйеніш ету.Барымта-жауласқан екі елдің мал-мүлкін бір-бірінен күшпен тартып алуы.
Сөздікті дәптерге жазамыз.
Тәрбиелік мәні -
VII. Сабақты бекіту: Ұқсас тағдырлар
Слайд арқылы «Қараш- Қараш оқиғасы» мен «Қызыл Жебе» романын салыстырамын.
Тұрар 7 жасында әке қасында болса, Тұрардың баласы да 7 жасында әке қасында бөлек камерада түрмеде болды. Тұрар аман шығып, осы Меркіге келіп, мына мектепте білім алса, Тұрардың баласы өзінен бір күн бұрын қайтыс болды. Міне, мынау- Тұрардың отбасы
- Балалар біз өзіміз оқып отырған мектептің аты осындай тарихта үлкен орнымен ерекшеленетін қоғам қайраткерінің атымен аталатынын ерекше мақтан тұтайық және осы атқа кір келтірмей сабақты жақсы оқиық.
Нені білемін? |
Нені білдім? |
Нені білгім келеді? |
|
|
|
Кестені толтыру арқылы сабақты қорыту.
Бағалау. Үйге тапсырма:
1.Хикаттың ішінен көнерген сөздерді дәптерге жазып келу.
2.Бақтығұл мен Жарасбай бейнесін салыстырып ашу, арасындағы қарым-қатынасты талдау.
3.Тұрар Рысқұлов туралы іздену, Ш.Мұртазаның «Қызыл Жебе» романын оқу.
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі