Жамбыл облысы Тараз қаласы
№57 орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі
Тулаганова Азиза Абдумажитовна
Қазіргі заман талабы жаңашылдық болғандықтан дәстүрлі сабаққа деген көзқарас өзгеріп, сабақ беру тәсілін жаңа бағытқа бұра бастадық.
Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі сондықтан бұл мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болғандықтан ол тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады.
«Lesson Study» үдерісіне тоқтала кетейін. Мектебіміздің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары Жүнісова Айгүл Құдиярбекқызына ерекше рахмет айта кеткенді жөн санадым. Өйткені, ІІ деңгейді оқып келгеннен кейін мектеп мұғалімдерімен өз тәжірибесін бөлісті. «Тәжірибедегі рефлексия» атты мектепішілік педагогтар арасында 25 ықшам сабақ, көптеген каучинг-семинарлар ұйымдастырды. Коучинг сессия барысында «Lesson Study» үдерісіне тоқталып, жас мамандарды түрлі әдістермен таныстырды. Мектеп тренері мен деңгейлік оқиған мұғалімдер шығармашылық топ құрды.
Осы әдіспен қалай жұмыс істеу керектігін үйрену мақсатында «Lesson Study» үдерісі бойынша сабақтар жоспарланды. Осы зерттеу сабағын өткізу мақсатында бірнеше мұғалім таңдап алынды. Әр мұғалім 4 сабақтан өткізетін болды. Бұл сабақты бірінші болып мен математика сабағымда қолдандым.
Мақсатым: түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім-сапасының артуын бақылау болатын. Сондықтан 3 деңгейде оқушыларды анықтап алып, зерттеу жұмыстарын бастадым.
А – жоғары деңгейлі оқушы, ұшқыр ойлы, алғыр оқушы. Сабақта тиіс фактілерді нақты қабылдай алады. Зейінмен тыңдап, сұрақтар қою арқылы өз тобында терең байланыс орната алады. Ол қандай ортада болса да, өзіне тең дәрежеде ұстайды. Маңайындағыларға ықпал ете алатынын біледі. Келешегін ойлауға жоспарлы түрде ынталанады.
В – орта деңгейлі оқушы, албырт, сезімтал бала. Бірақ ойланып шешім қабылдайды. Сезімге беріліп, қателіктер де жіберіп алады. Үлгерімнің орта болуы қабілетінің жоқтығынан емес, сабаққа бірде дайындалып, бірде дайындықсыз келетінен болады. Өзі ақкөңіл, жайдарлы, сыпайы оқушы.
С – төмен деңгейлі оқушы тік мінезді, ашуланшақ, еріншек, асығыс, тез шешім қабылдайды.
Жоспарлаған 4 сабағымды өткіздім. Сабаққа зерттеу тобының мүшелері қатысты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Мен «Зымыран сұрақтар», «Математикалық жұмбақтар», «Сана түнелі» әдістерін тиімді қолдандым. Оқушылар топтық және жұптық жұмыстар жасады. Менің бақылағаным 3 оқушы сабаққа белсене қатысты. Топқа және жеке бағалау парақшалары таратылып, топтар бағаланды. Сабақты қорытындылау үшін «Сана түнелі» әдісін қолдандым.
Зерттеу жұмысының мақсатына жеттім деп ойлаймын, өйткені бақылаған оқушыларымның сабаққа деген ынтасы артты. В-деңгейлі оқушы
А- деңгейіне, С-деңгейлі оқушы В-деңгейіне көтерілді. Дегенмен жұмыс болған жерде кемшіліктер де болады. Мысалы, оқушылар топқа бөлінген кезде шуылдап кетті. Бағалау парақшаларын дұрыс толтырмау деген сияқты кемшіліктер орын алды. Мұндай кемшіліктердің бәрі алдағы уақытта күнделікті жұмыс барысында жойылады деп ойлаймын. Өзімнің жетістігімді айтар болсам, білім алушылармен қарым-қатынасым жақсы қалыптасты. Уақытты тиімді пайдалана білдім. Сабақты ұтымды жоспарлай алдым.
Бұл сабақтар тізбесін өткізген кезде біз мұғалімдер бір-біріміз бен тығыз қарым-қатынаста болып, өзара тәжірибе алмастық. Әр түрлі әдіс-тәсілдер үйрендік. Тәжірибе молайды. Кәсіби біліктіліктеріміз артты. Болашақта «Lesson Study» тәсілдерін қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды мақсат етеміз. Қорытындылай келе «Lesson Study» үдерісі мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі