Эссе және өлең-жыр байқауы

Киелі сандардың құпиясы

Күні

23.10.2018 жыл

Мұғалім:

Абилова Алия Бакытбековна

Сынып :

9 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Киелі сандардың құпиясы

Сабақтың реті:

 

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқындағы киелі сандар жайында сипаттама беруге, сандардың өмірдегі маңыздылығы туралы айта білуге, ойларымен бөлісуге мүмкіндік жасау.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауға, топтық жұмыста өз ойын еркін жеткізуге, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға дағдыландыру.

Ұлттық сана–сезімді құрметтеуге, бірін–бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

  1. Оқушылар жан-жақты ойланады, ізденеді.
  2. Сандардық ұғымдарды ажырата алады.
  3. Қазақша мәтінді түсінеді, құрастыра алады.
  4. Өз ойларын еркін жеткізе алады.
  5. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.
  6. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
  7. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
  8. Топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Сабақтың типі:

Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану

Белсенді оқытуда қолданылатын  әдіс-тәсілдер:

СТО стратегиялары, АКТ, диалогтік әдіс, оқытуды және оқуды бағалау

Жұмыс түрлері:

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, презентация, флипчарттар, таратпалар, ұялы телефон.

І Ұйымдастыру кезеңі:

  - Сәлемдесу, түгендеу, балалардың назарын сабаққа аудару;
  - Сабақ барысында өздері құрастырған топ ережесін есте сақтау.
  - Бір-бірімізді тыңдаймыз!
  - Басқаның пікірін сыйлаймыз!   
    Тақырып көлемінде ғана сөйлейміз
  - Бүгінігі сабқтарыңызға сәттілік тілеймін!

«Мен тілеймін ...» әдісі арқылы психологиялық ахуалды қалыптастыру. Оқушылар бірі-біріне жақсы көңіл–күй сыйлайтын тілек сөздерді пайдалана отырып сыныпта жағымды атмосфераны қалыптастырады.

«Жеті қазына», «Үш бақыт», «Төрт ана» Қасиетті сан атауларына байланысты топқа бөлінеді. Ол үшін топ атауларына байланысты суреттер таратылады. Әркім өз тобына келіп отырады (топ басшы, хатшы, уақыт қадағалаушы сайланады).

ІІ Қызығушылығын ояту кезеңі

 - Сен үшін қандай сан сәттілік алып келеді?
 - Аптада неше күн бар?
 - Алғашқы мүшелі жас қанша жас?

(Оқушыларға әр кезеңде тапсырмалар беріледі)

ІІІ Жаңа сөздермен таныстыру

     Киелі сандар  - священные числа

     жетім – сирота

     үш арсыз – три разумных

ІІІ Мағынаны ажырату кезеңі  (М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқып, не туралы айтылғанын  түсіндіріңіздер)

1 – әрекет (3 топқа тапсырма беріледі.)

 І топ

Тыңда, Ойлан, Бөліс! (өлеңді оқу, жұптаса талдау, топта талқылау)

(Оқушылар өлең жолынан түсінгендерін әңгімелейді)

         Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

         Соған берем ойымның алтын кенін.

         Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын;

         Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

ІІ топ

Тыңда, Ойлан, Бөліс! (өлеңді оқу, жұптаса талдау, топта талқылау)

 (Оқушылар өлең жолынан түсінгендерін әңгімелейді)

           Ал екінші бақытым – Тілім менің,

           Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

           Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

           Қасиетті тілімнен түңілмедім.

ІІІ топ

Тыңда, Ойлан, Бөліс! (мәтінді оқу, жұптаса талдау, топта талқылау)

(Оқушылар өлең жолынан түсінгендерін әңгімелейді)

            Бақытым бар үшінші – Отан деген,

            Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

            ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

            Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

2 – әрекет

Артық болмас білгенің... (Экраннан «Сандар  әлемі» тақырыбында бейнематериал көрсетіледі және әр топқа топ атауларына байланысты қосымша мәтіндер беріледі) «Жылқы сұлбасы» стратегиясы бойынша флипчарт.

Шарты: 1. Жылқының төрт аяғына мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыздар. 

2. Жылқының басына мәтіндегі негізгі ақпаратты қысқаша жазыңыз. Мәтіннің негізгі идеясы.

3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі немесе өмірмен байланыстыра отырып, қысқаша ақпаратты жазыңыз.

«Жеті қазына» тобы

 Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептелген. «Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жетікүн, жеті ата, жеті жетім, жеті байлық деген пайда болған. 17-ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттілігіне байланысты болған. Қайтыс болған адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіру, еске алу жетімен байланысты. Наурызкөжеге де жеті тағам салып пісіреді.

«Үш бақыт» тобы

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік мәні, қасиеті болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, орнына, маңызына сай қолданған.Соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелген. Мысалы: Үш би, үш бәйтерек, үш асыл, үш қуаныш, үш кедейлік, үш жұрт, үш арсыз, үш қонақ.

 «Төрт ана» тобы

 Қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу байқалады. Мәселен сандардың ішінен киелі сандарды бөліп қарастыру үрдісі бар. Қазақ тіліндегі 1,2,3,4,5,9,12,40 сандары адамзаттық жалпы дүниетаным жүйесінде негізделген. Мысалы: төрт құбыла, төрт тұлға, төрт маусым, төрт тоқсан, төрт түлік. Ал ғалымдардың айтуынша төрт саны жұмбақ сан.

 3- әрекет «Кім жылдам?» әдісі. Берілген сандардан тақ сандарды жылдам, әрі қатесіз айту керек.

4,3, 15, 24,17, 66, 93, 48, 71, 13, 7, 28.

4 – әрекет  Тақтамен жұмыс

«Мозайка» әдісі

Әдіс негізінде берілген көмекші есімдерді қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.

ІҮ Бағалау   Критериалды бағалау

Өзін –өзі бағалауды жүзеге асыру.

Ү Үйге тапсырма беру

«Сандар сөйлейді» 5 және 9 саны жайында қосымша ақпараттар жинақтау

ҮІІ Кері байланыс жасау

Тест сұрақтары арқылы сабаққа кері байланыс жасау.

  1. Көмекші есімдер қатарын көрсетіңіздер
  А. Сол, мынау, сонау
  Б. Алд, арт, сырт, маң
  В. Жүр, тұр, отыр
  Г. Және, немесе, әрі

  2. Төрт ананың бірі
  А. Салт-дәстүр
  Б. Ана
  В. Бауырлар
  Г. Әке

  3. Матасуды табыңыздар
  А. Ол келді.
  Б. Кітапты аш.
  В. Үй іші
  Г. Төменгі қабат

  4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?
  А. А. Құнанбаев
  Б. М. Жұмабаев
  В. М. Шаханов
  Г. М. Мақатаев

  5. «Жеті» санына сәйкес атауды көрсетіңіздер
  А. Бақыт                           
  Б. Ата
  В. Маусым                      
  Г. Асыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...