Өлең, жыр, ақындар

Менің ең жақсы қасиеттерім

Түркістан облысы Ордабасы ауданы
«Достық» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(Мектептің жас мамандарымен жүргізілген тренинг)
Педагог–психолог: Аухатова Ақнұр Изатуллаевна

Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Жаңа ғасыр — адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы — мектеп

Н. Ә. Назарбаев

Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиында күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым  саласын терең білумен, сол білімнің балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің  күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай, білімді интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан–жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

Тренинг сабақ құрылымы:

1. Танысу «Қадір – қасиет» жаттығуы

2. «Менің мінезім» жаттығуы

3. «Ашулы шарлар» жаттығуы

4. «Тиімді қарым-қатынас орнату» жаттығуы

5.  Жеті құндылық жаттығуы

5. «Ашулы шарлар» жаттығуы

6. Релаксациялық жаттығу «Сарқырама»

7. Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Топтағы қағида:

1. Белсенділікті арттыру

2. Бірігіп жұмыс істеу

3. Бір-біріне кедергі келтірмеу

4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену

5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу

6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу

7. Өзін еркін ұстауға үйрену

1. «Қадір қасиет» жаттығуы

Мақсаты: Өзін таныстыру, есімнің жанына өзінің жақсы қасиетін қоса  айтуы керек. Осылай кезекпен жалғасып барлық қатысушы өзін  таныстырып өтеді.

2. «Менің мінезім» жаттығуы

Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.

Әрбір қатысушыға қағаздар таратылады. Қағаз ішіндегі кестені толтыру қажет. Төрт бөлікке бөлініп сызылған әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.

Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,

Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,

Жылан, Балық.

Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады..

1.Үйде

2.Жұмыста

3. Жолдастарының арасында

4. Өзіндік баға

 

 

 

 

 

Жауабы:

1. Түйе — шыдамды
2. Жылқы — тектілік
3. Сиыр — өкпелегіш
4. Қой — жайдарлылық
5. Ешкі — ұйымдастырушылық
6. Ит — адалдық
7. Мысық — биөрісі басым адамдар
8. Тауық — шығармашыл
9. Қаз — тазалық
10. Аққу — сезімтал
11. Қарлығаш — бауырмал
12. Үйрек — ұқыптылық
13. Бұлбұл — әнді жақсы көретін
14. Арыстан — қайратты
15. Қасқыр — жігерлі
16. Түлкі — бейімделгіш
17. Маймыл — әртістік қабілеті бар
18. Қоян — елгезек
19. Тауешкі — талғамы жоғары
20. Тасбақа — мейірімді
21. Жылан — салқынқанды
22. Балық — еркіндікті қалайды

Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?

3. «Ашулы шарлар» жаттығуы

Мақсаты: Өзінің ашуын басқара білуге шақыру. Оқушымен жұмыс жасау барысында өзін ұстай білуге кеңес беру.

Шарты: 8-10 қатысушыны ортаға шығарып бір-бір шарды үрлеп, оларды байлау сұралады.

Қатысушыларға түсіндіру керек, шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа - адам сезімін білдіреді. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.

— Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шыңару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?

— Бұндай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар да ашуға толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана шардың жарты ауасын шығарамыз. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады,. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін білдіреді. Ендеше ашуымызға ерік беріп алмайық.

4.  «Адамгершілік ағашы» жаттығуы. Қатысушыларға қағаздардан жасалған кішкентай жапырақшалар таратылады. Әр топ мүшелері өздерінің қолындағы жүрекке «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?», – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырады.

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, ағашымыз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу.

5. «Жеті құндылық» жаттығуы

Бірде жолаушы өмір жолында арманды мақсатты орындайтын құсты іздеп жолға шығады. Бірде сол кісімен жолда келеміз. Алдыңызға берілген ісқағаз бетіне 7 құндылықтарыңызды жазуларыңыз керек (Отбасы, жұмыс үй, ана, әке, бала, ақша ) т.б.

1. Жолда шаршап әлсіреп демалуға бұлақ басына келіп су ішу қажет қатты шөлдеп тұрсыз. Су ішу үшін бір құндылықтарыңызды берулеріңіз қажет.

2. Су ішіп болғасын тағы жолға шықтық. Кенеттен алдымыздан жол екіге бөлінді, тура жолды табу үшін тағы бір құндылықты беруіміз керек.

3. Ұзақ жолмен келе жатырмыз алдымыздан арыстанмен арпалысқан адам шықты. Арыстан әлгі адамды жегелі жатыр екен. Әлгі адам көмек қолыңды созшы деп жалынуда. Арыстан болса осы адамды аман қалдыру үшін бір құндылығыңды бер дейді.

4. Кеш батып келеді дала қараңғы орманға кіріп келеміз. Орман іші қараңғы екен, шам жарығы болса ғой деп армандап қоямыз. Егер шам жарығы керек болса тағы бір құндылық береміз.

5. Орманнан шықсақ алдымызда үлкен өзен шыға келді. Оны қалай кесіп өтеміз, кенеттен шетте тұрған қайықты байқадық. Қайық егесі әлгі  із арыстаннан құтқарған адам екен. Ол бізге арғы жағаға шығу үшін бір құндылықө бересің  деді.

6. Қалған құндылықтарымызбен жолда келеміз. Алдымызда үлкен тау екен. Біз іздеп келе жатқан арман орындайтын құстың ұясыда көрінеді. Ол биікте тұрғандықтан бүркіт мен сендерді сол құсқа алып барамын. Ол үшін маған құндылық берші дейді.

Соңғы құндылық қалды.

Соңы.

Бүркіт киелі құсқа алып барады әлгі құс сендер менің бір шартыма көндіңдер сендерге барлық 7-құндылықтарыңды қайтарамын.

Бай бақытты да ұзақ ғұмырлы өмір сүріңдер деп барша адамды қуанышқа бөлеп құндылықтарын қайтарыпты.

 6. «Тілек шамы» жаттығуы.

Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Қорытынды:

Қымбатты ұстаздар! Сыйласымды қарым-қатынасымыз бұзылмасын, алдарыңызда отырған оқушыларға деген мейірімдеріңіз күннің шуағындай болсын деп тренингімізді аяқтаймыз. РАХМЕТ!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер