Тақырыбы: Спортты ал серікке ...
Мақсаты:
І. Білімділік
Оқушылардың жеке денсаулығы мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыр және дене шынықтыру пәніне қызығушылықтары арттыру.
ІІ. Дамытушылық
Оқушыларды тез әрі орнықты қимыл - әрекетке жаттықтыру, психологиялық процестер
мен адамдық қасиетті дамыту.
ІІІ. Тәрбиелік
Оқушыларды ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу..
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Қажетті құрал – жабдықтар: доп, кедергілер, секірме, төсеніш, стол.
Өтілетін орын: спорт зал
Спортты ал серікке ...
(спорттық жарыс)
Барысы:
1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз, марапаттау.
Жарысқа қатысатын сыныптарынан құралған команда. Әр команданың өз аттары, өз ұрандары бар.
«Жас қыран» командасы
«Сұңқар» командасы.
Жарысты өткізу ережелері:
А) Топты өз орындарына тұрғызу;
Ә) Әділқазылар сайлау.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ, дененің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 5а,ә сынып оқушылар арасында спорттық сайыс өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз,
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйер де, төреші де өзіңіз.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысайық.
Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Спорттық жарыс ойынының шарттары:
Таныстыру. Әр команда өздерін таныстырады.
Мәреге кім бұрын?
3 – ші адам артық.
Кім мерген?
Допты ойын.
Секіртпемен секіру.
Кім жылдам?
Ептілік
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда, - деп, алғашқы ойынымызға көшейік.
«Мәреге кім бұрын?»
Ойын шарты: Мұғалімнің берген бұйрығы бойынша сөре сызығына жүгіріп шығып жалаушадан айналып, шеңберден өтіп, тура жүгіріп келіп екінші ойыншыға таяқшаны береді. Ол таяқшаны алысымен сөреден жүгіріп шығып, ойынды бірінші ойыншы сияқты жалғастырады. Қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.
Жүргізуші:Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Сайысымыздың келесі бөлімі «3 – ші адам артық»
Ойын шарты: Ортаға 3 стол қойылады. Әрбір командадан 1 ұл, 1 қыздан шығады. Столды айнала жүріп, ысқырған кезде орындыққа тез отыру керек. Отырып үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Столды кеміте отырып ойынды жалғастырамыз.
«Кім мерген?»
Ойын шарты: Алдыда тұрған 5 – 6 метр қашықтықтағы шарды жару керек. Ол үшін алдымен кедергілер арасынан жүгіріп келіп шарды жарады. Қанша шар жарылса, сонша ұпай жазылу керек.
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Допты ойын»
Ойын шарты: Бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады..
«Секіртпемен секіру»
Ойын шарты: Белгі бойынша кедергілер арасынан секіріп барып, секіріп қайтады. Ойыншы сөре сызығына секіріп жетіп екінші ойыншының қолына секіртпені береді. Ойын солай жалғаса береді. Қай команда бұрын келсе, жеңімпаз атанады.
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
«Кім жылдам?»
Ойын шарты: Төсеніштен жүгіріп барып домалау, қайтарда тура қайту.
«Ептілік»
Ойын шарты: Екі оқушы допты аяқтарының арасынан түсірмей бір – біріне беру керек, қайтар жолда допты бастарының арасынан ұстап кедергілер арасымен келіп ойыншыларға тапсырады. Олай болса балаларсіздерге сәттілік!
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Спортты ал серікке ...» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі