«Көктем аруы—2019» байқауы
Сыныптан тыс шараның мақсаты:
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Мұғалім: Армысыздар ұстаздар, көрермен қауым және оқушылар! 8-Наурыз мерекесінің қарсаңында сыныптың ару қыздары арасында байқау өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер.Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы 2019» атты байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Азамат:
Армысыздар, аталар мен аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2-жүргізуші: Арлан
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
3-жүргізуші Әбілмансұр:
Сайысқа қатысатын ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
(Әсем әуен ойнап тұрады)
3-жүргізуші Әбілмансұр:
Әдемі қыз Лаура,
Көркіне көз тоя ма?
Қол соғайық жақсылап,
Қошеметті аямай.
1-жүргізуші: Азамат:
Сүйкімді қыз Айзере,
Жүреді ылғи жайқала,
Көрсетеді деп өнерін ,
Ару қызға сенеміз
2-жүргізуші: Арлан
Ал, жиылған халайық,
Табиғаты ғажайып,
Айдай сұлу Ақбөпені,
Қол соғып қарсы алайық.
3-жүргізуші Әбілмансұр:
Күн көркіне таласқан,
Елді өзіне қаратқан.
Бар қылығы Мерейдің,
Тал бойына жарасқан.
1-жүргізуші: Азамат:
Балаусамыз ерке қыз,
Көз тояды көрсеңіз.
Тәрбиелі, талапты,
Елді өзіне қаратты.
2-жүргізуші: Арлан
Өнерлі қыз Томирис
Келді міне құлпыра.
Көрсетеді өнерін,
Мына тұрған халқына
3-жүргізуші Әбілмансұр:
Інжу деген аты бар,
Атына сай заты бар.
Көздерінің оты бар,
Қошемет пен құрметке,
Оның әбден хақы бар
1-жүргізуші: Азамат:
Аружан қыз ақылды,
Сабағын жақсы оқиды
Өлеңді де оқиды,
Кестені де тоқиды
2-жүргізуші: Арлан
Тәрбиелі, талапты
Қызымыз біздің Арайлым
Қошеметпен ортаға ,
Шақырайық асыға
3-жүргізуші Әбілмансұр:
Өзі нәзік, өзі көркем,
Жарасымды мінезі
Келді міне жарысуға
Біздің әнші Жасмина
1-жүргізуші: Азамат:
Дана деген әнші қыз,
Мектептің ән тобында
Тамылжыта ән салып,
Баурап алар тәмамда
2-жүргізуші: Арлан
Өзі ерке, дара қыз,
Қылықтары жарасқан
Есімі оның Малика,
Қарсылас бар ма таласар?
3-жүргізуші Әбілмансұр:
Сыныптың ол тірегі,
Анасының жүрегі .
Ұлжанымыз әрқашан ,
Биіктерде жүреді
1-жүргізуші: Азамат:
Уа, арулар, арулар
Ешкімнің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сыр,
Оны әділқазың бағалар.
(Қазылар алқасымен таныстыру)
2-жүргізуші: Арлан
Біздің қыздар өнерлі,
Таныстырсын өздерін
Тамылжытып сөздерін
(Таныстыру кезеңі)
3-жүргізуші Әбілмансұр:
Қыз емес, қыздың аты алтын қызыл,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Сахнада көрсетеді өз өнерін,
Халқының сақтай білген ізгі салтын- демекші, кезек Өнер көрсету кезеңінде
1-жүргізуші: Азамат:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты –
- дей отырып, келесі кезекте экрандағы ұяшық санын таңдау арқылы, ондағы сөзге коментарий айтып беру керексіздер
(слайдта мынадай сөздер жазылып тұрады: Наурыз көже, құрт, ірімшік, бесікке салу, тұсау кесу, Ақ сүйек, қонақ күту, сүйінші сұрау, көрімдік, шаш күтімі, қазақтың ұлттық киімдері, қазақша туыстық атаулар, қыз қылығы, мақал-мәтел, қазақ ырымдары, тыйым сөздер )
Арлан: Мансұр, сені біреу шақырып тұр.
Мансұр: Кім?
Арлан: Қос ішекті домбыраң.
Азамат: Халыққа арнап күй орындап берсең қайтеді?
Мансұр: -Әрине, әкел, домбырамды.
Азамат: Әбілмансұрдың орындауында «.................................................»
2-жүргізуші: Арлан:
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз Сән үлгісін көрсету.
3-жүргізуші Әбілмансұр:
2-жүргізуші: Арлан:
Мына сайыс маған қатты ұнап тұр. (деп алақанын уқалайды, қызыға)
1-жүргізуші: Азамат:
Бүгінгі сайысымыз осымен тәмамдады. Әділқазы мүшелері аруларымыздың ұпайларын санап, қорытындысын шығарғанша, біздің жігіттердің өнерін тамашалайық
Ұлдар биі: Шляпадағы джентельмендер
Ән: «13 қыз»
3-жүргізуші Әбілмансұр:
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.
2-жүргізуші: Арлан:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі арулардың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты
3-жүргізуші Әбілмансұр:
.-дей келе, сөз кезегін әділқазы мүшелеріне берейік.
(Әділқазы мүшелерінің сөз сөйлеп, аруларды марапаттайды)
1-жүргізуші: Азамат:
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі