Сабақтың тақырыбы: Допты екі қадам жасау арқылы лақтыру
Сабақ/оқу мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға Допты екі қадам жасау арқылы лақтыру техникасын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың жылдамдық, күш, икемділік т.б. қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға баскетбол ойнының адам өміріне қажеттілігін түсіндіру
Әдісі: Түсіндіру, жаттығу орындау.
Түрі: Аралас сабақ
Типі: Сабақтың тақырыбын меңгерту
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер: Дене шынықтыру пәнінің оқыту әдістемесі
Құрал-жабдықтар: баскетбол добы, ысқырық, кеспе қағаз, кедергілер.
Сабақ/оқу барысы
Реттік № |
Сабақ/оқу кезеңі |
Мазмұны |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
1. Сапқа тұру. Рапорт беру, 2. Журналға белгі соғу. 3. Киім үлгісіне назар аудару. |
2 |
Дайындық бөлім |
1. Оң-ға! Баяу жүгіру (5 айналым) . 2. Саптық адыммен адым бас. 3. Залдың ортасынан үш лек бойынша адым бас. 4. Бастаушы орнында . 5. Оң-ға! Жартылай оң-ға! Дене қыздыру жаттығулары 1) Бастапқы қалып аяқ йық көлемінде екі қол белде басты солға төрт рет оңға төрт рет айналдырамыз. 2) Бастапқы қалып аяқ йық көлемінде қолды йыққа қоямыз йықты алға төрт рет оңға төрт рет айналдырамыз. 3) Бастапқы қалып аяқ йық көлемінде оң қол жоғарыда сол қол төменде 1-2 санақ бойынша қолды артқа сермейміз 3-4 санақ бойынша қолды ауыстырамыз. 4) Бастапқы қалып аяқ йық көлемінде қолды белге қоямыз белді солға төрт рет оңға төрт рет айналдырамыз 5) Оң қол жоғарыда сол қол белде 1-2 санақ бойынша солға иілеміз 3-4 санақ бойынша оңға иілеміз. 6) Саусақты айқастырамыз аяқты алшақ ұстаймыз 1 санақ бойынша алақанды оң аяққа 2 санақ бойынша ортаға 3 санақ бойынша сол аяққа 4 санақ бойынша бастапқы қалыпта тұрамыз. 7) тізені ішке 4 рет сыртқа 4 рет айналдырамыз 8) Саусақты бір-біріне айқастырамыз білекі айналдыра отырып аяқтың ұшын айналдырамыз. |
3 |
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) |
Допты бір иықтан лақтыру Оқушыларды екі топқа бөліп 5-6 метр шамасында қарама- қарсы тұрғызып допты 1 немесе 2 рет жерге ұрып бір иықтан пас беріп ұрып барып кедергіден айналып қайта допты ұрып бір -біріне беріп келу. |
4 |
Негізгі бөлім |
Допты екі қадам жасау арқылы лақтыру Баскетбол ойынында ең бастысы себетке допты салу болғандықтан себетке тез түсу жағын қарастырамыз .Сол себепті бізге ең ыңғайлы және нәтижелі жаттығудың бірі екі қадам жасау арқылы допты лақтыру. Допты екі қадам жасау арқылы лақтыру жаттығуын орындау үшін допты ұрып келіп үштік белгіленген сызығынан өткеннен кейін допты екі қолмен ұстап бірінші қадамды оң аяқпен бастап екінші қадамды сол аяқпен және сол аяқтың күшімен жоғары секіру қажет. Жаттығуды орындау барысында допты қарсыластың тартып алмауы үшін алдымызға ұстаймыз. Допты себетке лақтыру кезінде қалқанда белгіленген сызық бойына лақтырамыз. Допты қалқанға лақтыру кезінде жоғары секіріп ауада 2-3 сек.өзімізді ұстап қалқанды дәлдеп лақтыру қажет. |
5 |
Өтілген сабақты (материалды) бекіту |
1-жаттығу Бір орнында тұрып допты қабылдап екі қадам жасап лақтыру. (оң және сол қаптал) 2-жаттығу Допты шығарып беріп алға жүгіріп қайта допты қабылдап 1-2 мәрте жерге ұрып екі қадам жасап лақтыру. (оң және сол қаптал) 3-жаттығу Кедергілер арасымен допты ұрып келіп екі қадам жасау арқылы лақтыру. (оң және сол қаптал) |
6 |
Үйге тапсырма |
Допты екі қадам жасау арқылы лақтыру жаттығуларының түрлерін орындау |
7 |
Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау |
Оқушыларды бағалау Спорт залдан саппен шығу |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі