Өлең, жыр, ақындар

Алтын күз

(Балалар әсем әуен ырғағымен, мерекеге сай безендірілген залға кіреді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар!  Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді  бастаймыз.-(балалар бірге айтады)

Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған

Әнімізді шырқаймыз.

Ән «Алтын күз»

Жүргізуші:Иманали мен Руфина күз мерекеміздің ашылуына арнап тақпақтарын айтып берсін.(Инсар,С.Асан,Амели,Аружан шығып кетеді)

Әдемі:

Осень славная пора

Любит осень детвора

Осенью кругом чудесно

Необычно, интересно

Осень время не простое

Осень время золотое.

Иманали:

Жатыр дала жылтылдап,жаз шуағын мол құйды,

Күз астында алтын дән, тербеледі толқиды.

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

Руфина: 

Полюбуйтесь –маскарад

Лес меняет свой наряд

Снял зеленый, мерит новый

Желтый,красный и лиловый.

Эвелина:

Жаздай күткен бәріміз,Сары алтын,сары күз

Алтын ұя бақшада, сабақ бастар шағымыз.

Көк аспаның мөлдіреп, алтын күнім елжіреп

Асыр салып жүре бер,сары көлегің желбіреп.

 

(Балалар орындарына отырады.)

Жүргізуші:Мінеки, күз келіп, күн суытып, аспан бұлттана бастады.

Бұлттар:      Біз бұлттармыз,  бұлттармыз

Қолымыздан ұстаймыз.

Көк аспанды торлаймыз,

Күнді жасырып қоршаймыз.

Жүргізуші:          Көрінші бізге қымбатты күнім

Қуантшы бізді нұр шашып бүгін

Күн-Аружан:   Қуантар ем бұлттар мені қоршап алды,

Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын мен жерге

Желді  шақыршы көмектессін сендерге.

Жүргізуші: Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа

Бұлттарды ұшырып, қушы өте алысқа

(Музыкамен жел келеді)

Жел-Амели:  Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,

                    Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.

Бұлттар:    Біз бұлттармыз, үлкее береміз,  (шеңберді үлкен жасайды)

Ашуымызға тисеңдер,

Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.

Жүргізуші:      Сұрғылт бұлттар! Біз сендерден қорықпаймыз,

Күнді сөндіре алмайсыңдар.

Күштіміз деп, мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар?

Жел-АмелиБалалар, бұлттар қанша мықты болса да олар желден қорқады. Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе жалғыз шамам жетпейді.  (Бәрі үрлейді)

Бұлттар:  Ай, ай, ой, ой бізді қуып жатыр, қашайық.

                       (Жел бұлттарды қуып кетеді, күн қалады)

Жүргізуші:Мінеки балалар,  күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды. Олай болса күнімізбен қосылып ойын ойнайық.

Ойын «             »

Жүргізуші: Жарқын күн!  Мерекеміз одан сайын жандана түссін, бізге шуақты сәулелеріңді шашып, нұрыңды төкші.

Күн-Аружан:  Жарайды, онда мен бар әлемге шуағымды шашайын.

                                     Би «Оранжевое солнце» 

(күн-Аружан, Мөлдір,Бека,Леон шығып кетеді)

Жүргізуші:Қараңдаршы,  балалар, бізге күз ханшасы өзінің  үш айымен келе жатыр, кане қарсы алайык.

 (Музыкамен күз, қыркүйек, қазан, қараша кіреді)

Күз: Сәлеметсіңдер ме балғын балалар! Мені сағына күтіп отырған       боларсыңдар. Мен астықты жинап, Табиғат –Ананы қыс мезгіліне  әзірлеп қойдым. Бүгін  мен өзіммен бірге үш айымды ертіп келдім.

Қыркүйек-Мөлдір:   

Мен кыркүйек айымын

Жылы күн райымын

Аспанды құс шарлай бастады

Алғашкы қоңырау қуантты жастарды

Қазан-Бекзат:         

Қазанда халкымыз

Тойшыл ол салтымыз

Береке байлығын

Беріп тұр алтын куз

Қыркүйекке еремін

Молшылық беремін

Қараша-Леон:       

Күз мезгілі тамаша

Менің атым қараша

Қараша айында

Қыс қамын дайында!

Жүргізуші:  Алтын күз! Келіңіздер, төрге шығып қонақ болып, балалардың өнерін тамашалаңыздар.  Алтын Күз! Саған байлығың мен астығың,  алуан түрлі жеміс-жидектерің мен алтын түске боялған жайлауың үшін мол алғысымызды айтамыз. Жасаған еңбегіңнің алғысы ретінде балалардың орындауында «Күзгі вальс» биін қабыл алыңыздар.

Би: «Күзгі вальс»

 (Мода қыздары Сания,Жасмин,Д.Амина,Айлин,Т.Анель,Мелиса,Амели, Аида, Медина, С.Амина шығып кетеді)

 

Жүргізуші:  Ортаға жылы лебіздерін айтуға: Камила,Милана,Нұрайна,Дарина,Б.Анель  шығады.

Камила:

Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз,

Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,жомарт екен күз деген.

Милана:

Осень это сказка

Все кругом как в ярких красках

Желтый и багровый

Красный и лиловый.

Нұрайна:

Кездескен соң күзімен

Бұтағынан үзілді

Ай жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Дарина:

Алып келді мереке,астық жемі береке,

Батырлыққа жараса, көбейді той тамаша.

Ән салады өзен, тал құрақ,

Шашу болды жапырақ.

Б.Анель:

Алтын нұрдай тамшылап,жапырақтар төгілді

Біздің өмір таң шуақ, бізідң өмір көңілді

Біреу астық түсіріп,біреу бидай ұшырып,

Жатқан мезгіл күз екен,алдым соны түсініп.

Күз: Қандай керемет! Рахмет балалар!

Жүргізуші:  Күз ханшайымы сіздің құрметіңізге біздің ару қыздарымыз, «Күз аруы» тақырыбында табиғи материалдардан аналарымен бірігіп,сән көйлектерін дайындап келді.2018 жылдың Күздік сән үлгілерін қарсы алыңыздар! Т.Анель,Сания,Жасмин,Д.Амина,Айлин, Мелиса,Амели,Аида, Медина,С.Амина.

(Ортаға сән көйлектерімен қыздар кіріп,мода  көрсетеді, тақпақтарын айтады)

 

Т.Анель:

Алтын нұрдай тамшылап,жапырақтар төгілді

Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді

Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,

Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

Сания:

Қыстың жақын қалғанын , жапырақтар білгендей,

Желмен ұшымен барады,жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді

Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

Жасмин:

Как красиво все кругом

Золотым осееним днем

Листья падают кружатся

И под ножками ложатся!

Д.Амина:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Айлин:

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Мелиса:

Осень славная пора

Любит осень детвора.

Сливы, груши, виноград

Все поспеют для ребят.

Амели:

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз

Елге бәрін сыйлаймыз.

Аида:

Листья золотом расшиты

Тропки дождиком умыты

В ярких шапочках грибы

Все нам осень даришь ты.

Медина:

Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз – ырыс, береке,бірлік ала келді.

С.Амина:

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайрандаған күліп ойнап,

Келді міне, алтын күз.

Күз: Қандай тамаша! Бүгінгі сән үлгісіне қатысқан ару қыздарымызға арнайы сыйлықтарымда бар,қабыл алыңдар!

(Музыка  ойналып, қалың киінген сырқат бала кіреді)

Сырқат бала: Ой, мына күз мезгілі қандай суық еді, жаурап барамын. Осы мезгілді ұнатпаймын.Туууу,басым ауырып тұр. Көніл-күйім де болмай тұр. Жаңа маған асыр салып ойнаған балалардың даусы естіліп еді,  солар сендер емессіңдер ме?

Жүргізуші:Иә, ол біздің балалар. Біз алтын күз мерекесін тойлап отырмыз.

Сырқат бала:  Сендерге қарап кызығып тұрмын. Бәрің көңілдісіңдер. Сендердің шаттана қуанған дауыстарың алысқа естіліп жатыр. Ал менің  ауырғаным басылар емес, тұмау болып калған секілдімін.

Жүргізуші:Біздің  не үшін көңілді екенімізді білгің келсе, айтайын. Біз денемізді шынықтырамыз, дұрыс тамақтанамыз, жемістер мен көкөністерді көп жейміз, дәруменге толы шырындар ішеміз. Осының бәрін жайдарлы жаз бен жомарт күз тарту етті, сондықтан біз көңілдіміз.

Күз: Балақай! Мен саған  да өз жемістерімнен сый тарту етейін. Олардың құрамында дәрумендер көп.  Мә мына жемістерді ала ғой. Үйіңе барғанда жерсің.  (жеміс салынған себет береді) Есіңде болсын, дені сау балаға ешқандай да ауру жоламайды.

Сырқат бала: Мен түсіндім. Рахмет. (себетті алады)

Жүргізуші:Алтын күз дұрыс айтады, балақай! Жемістер денсаулыққа өте пайдалы.

Жүргізуші (Іннің бейнесіне келтірілген ширмаға келіп): 
— Мына інде кім тұрады екен? 
Міне баспалдағы 
Баспалдақта мұңлы кірпі 
Қолшатыры қолында 
Сыбырлады жәй ғана 
Кірпі - Данияр: — Мен ертегіден кеткенмін 
Мен әннен де жоғалғанмын 
Мен орманнан қуылғанмын 
Мені мүлдем ұмытқан 
Үйшігімді таптап кеткен 
Езіп- жаншып, шашып кеткен 
Кім мұнда бұзық болған
Ал, үйім менің — осы орман!
Жүргізуші: — Кірпі, сені біреудің ренжіткені, өте өкінішті- ақ. Қаласаң біз сенің көңіліңді көтерейік? Біздің балалар саған осы күз мезгілі жайлы орыс тілінде арнап ән айтып береді.

                       Ән «Осень, осень, осень...» 

Күз: Әндерің тамаша екен, өркендерің өссін. Ал енді маған рұқсат беріңдер, мен кетейін. Барып бау-бақшамды тексерейін. Сау болыңдар. (Күз кетеді)

Жүргізуші:Басыңның ауырғаны қойды ма?

Сырқат бала:  Жоқ , әлі де мазам болмай тұр.

Жүргізуші:Олай болса, келе ғой, бізбен бірге денеңді шынықтыр, спортпен шұғылдан. Сонда жазыласың. Балалармен қосылып спорт биін биле.

                                    Би  «Спорттық»

Сырқат бала: Спортпен шұғылданған денсаулыққа өте пайдалы екеніне көзім енді жетті. Мына биден соң бойым жеңілдеп жақсарып қалған сияқтымын. Көңіл-күйім де көтеріле бастады. Мен енді әрдайым спортпен шұғылданатын болам. Сендерге көп рахмет балалар. Маған көп нәрсе үйреттіңдер, сондықтан сендерге алғыс айтып, алтын күздің берген жемістерінен дәм татырайын. (жеміс таратады)

Ал, балалар, мен кетейін, әйтпесе мені анам іздеп қалар. Сау болыңдар. (кетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі Алтын күз мерекеміз аякталды, сау болыңыздар. Күз берекелі,мерекелі болсын!

 

 

 

 

МКҚҚ «№75 бөбекжай» балабақшасы

 

 

 

Алтын күз мерекесіне арналған сценарий

 

 

«Күз – мерекем, күз – берекем»

 

 

Ересектер «Балдаурен» тобы

 

 

                                              
                                Тәрбиеші: Болысбаева Диана

                                                                      Нұрымбаева А.С.

                                                 Муз.жетекшісі: Калиева А.М.

 

 

 

 

 

Алматы , 2018

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз