Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна
Әсем киінген балалар «Жаңа жыл!» - әнімен залға кіреді. Жаттығуларды көрсетеді.
Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
1 бала:
Даланың да, қаланың да,
Думандатып отбасын.
Тағы, міне Жаңа жыл,
Қақты уақыт қақпасын.
2 бала:
Құтты болсын Жаңа жылың,
Берекелі тәуелсіз елім,
Құтты болсын Жаңа жылың,
Мерекелі мәңгілік елім.
3 бала:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын!
4 бала:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын кез келді.
Қызыққа толы айнала,
Қуанышқа бөлер біздер.
5 бала:
Жүр, циркке барайық.
Соғылды әне қоңырау,
Кешігіп біз қалмайық.
Сайқымазақ, күшіктер,
Ойнап, бізді күлдірер.
Көңілденіп қайтайық,
Бәрің бірге жүріңдер.
6 бала:
Уа, халайық, халайық,
Қызықтарға бір батайық
Көңілді циркте,
Шырқап әнге салайық.
Ән. «Сәлем, цирк!» (балалар орындарына отырады)
Мұстафа:
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он тоғызыншы жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Амина:
Даламызға, қаламызға
Жаңа жыл келіп кіреді,
Қартыңызға, жалпыңызға,
Жалынды сәлем береді.
Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
Кел, достарым билейік-ән
Сайқымазақ:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Бүгінгі цирк кешінде,
Көңілді боп жүрейік!
Жүргізуші: қош келдің Сайқымазақ!
Кәусар:
Циркте жұрт самсаған
Мәз болса деп жан салған.
Ду күлдірсе бәріңді,
Қуанады ол соған.
Циркте біз күлеміз,
Толы шарды көреміз.
Думандатып өңірді,
Дем аламыз көңілді.
Дәубек:
Алып ұшқан көңілден,
Толқымасын қалайша?
Келіпті ғой арнайы,
Қызықтыра баршаны,
Сайқымазақ думаны.
Шат күлкі жайнап,
Қуанышқа кенелді,
Сайқымазаққа бәріміз,
Көрсетейік қошемет!
Би. Сайқымазақтар.
Жүргізуші:
Ала күшігім бар еді,
Қызықтырмай қоймайды.
Санап ол береді.
Қарасаң көз тоймайды.
Жалықпайды билеуден,
Таң қалдырып бәріңді.
Таусылмайды өлеңі,
Шырқап айтып береді
Жеке ән. Цирктегі күшіктер әні.
(Айлана, Амина, Ботагоз, Кәусар)
Сайқымазақ:
О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан
Ән салып қуанышпен,
Шақырайық ортаға.
(Аяз ата залға кіреді, Аяз атаның сөзі)
Жүргізуші:
Ел құрметтеп көп күткен,
Келді Аяз атамыз.
Келіңдер балалар,
Ән бастаймыз бәріміз.
«Аяз ата» әні орындалады.
Арыстанбек:
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Адия:
Ақша қарға малынған,
Аппақ тонын жамылған,
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағынған,
Аяз ата келеді,
Балаларды сағынып.
С. Бексұлтан:
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан,
Аян:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
А.Бексұлтан:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Айзере:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аяз атамен сайқымазақтың сөзі.
Акробаттар-биі
Ойын ата аналармен «Кел, ойнайық»
Ағылшын тілінде тақпақтар.
Орыс тілінде ән, тақпақтар. /Адия, Арыстанбек, С. Бексұлтан/
Құтты болсын Жаңа жыл! - әні.
Флешмоб.
Сиқырлы сәт, сыйлық беріледі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі