Өлең, жыр, ақындар

Астана – бас қала. Тәуелсіз елдің көшбасшысы. Бәйтерек кешені

«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№25 орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығының
Тәрбиешісі Наурызбаева Саулехан Уалихановна

Білім беру саласы: Әлеумет. Коммуникация. Таным. 

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру. Көркем әдебиет. Құрастыру. 

Тақырыбы: «Астана – бас қала. Тәуелсіз елдің көшбасшысы. Бәйтерек  кешені»

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана туралы білімдерін суреттерді қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру. Бүлдіршіндердің бойына Отанға, Президентке  деген сүйіспеншілік пен құрмет – қасиетін қалыптастыру. Еліміздегі бас ғимараттарды ажырата отырып атай білу.

Дамытушылық: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін дамыту. Тұнғыш Президенттің өмір жолынан түсінік беру. Бас ғимараттарды  ажырата білуге үйрету. Сыйластық туралы түсініктерін дамыту. Ғимаратты құрастыра білу. Балаларға бас ғимарат сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Үлгі бойынша пішінің, пропорциясын ескере отырып, Байтерек кешенін құрастыруды үйрету.

Тәрбиелік: Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Өз елінің Презинденттіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тілдерін дамытуға, логикалық ойлауға,өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу. Ғимараттарды ажырата және қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Сөздік жұмыс: Республика, Тұнғыш Президент, Ақорда, бас ғимарат, кешен, символы, монументі. 

Көрнекілік: Президент суреті, Қазақстан картасы, бас ғимараттар, иллюстрациялық суреттері, құрастырғыш текшелері. 

Әдіс – тәсілдер: Қазақстан Республикасы, Тұнғыш Президент, Елбасы, сөз жұмбақ шешу, түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, құрастыру.

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз.
Ренжуді білмейміз.  (балалар шеңбер бойында тұрып орындайды)  
Қуанасың сен де,
Қуанамын мен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге      

- Гимн орындалады

Сабақтың барысы: Балалар сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.

– Біз қай елде турамыз?

– (Балалардың жауабы) 

– Дұрыс айтасыңдар Қазақстанда Республикасында турамыз (картамен жұмыс,қысқаша түсінік беру)    

Аңсар: 

Әйнегі – күн, шатыры – аспан
Кең дала.Төсі толқыған егін,
Көлдері көкке күмістер шашқан.
Қазақстан – Республикам менің.

Нурайым:  

Отан – халық жүрегі
Әр кеудеде тұр ұрып,
Анаң болып күледі,
Келе жатқан жүгіріп.

– Отанымыздың басқаласы қай қала?

– Астана – Отанымыздың елордасы. Ол – еліміздің мақтанышы

Сырым: 

Ел жүрегі – Астана                                                          
Жаңа қала, жас қала
Зәулім, сәнді үйлері.
Үлгі болған басқаға.

– Осы Отанымызды елімізді бейбіт жолына, ел тыныштығына бастайтын адамды елбасы дейді. Ендеше осы елбасы кім екенін білу үшін сөзжұмбақ шешіп көрейікші.

1. Бөлмеге кретің жер?

2. Қай малдың төлі?

3. Адамның қандай дене мүшесі?

4. Қандай ойын құралы?

5. Уақытты бағыттаушы құрал не?  

6. Ас ішетін құралды не дейміз?

– Балалар мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

Нұрсұлтан Назарбаев

– Дұрыс айтасындар

– Еліміздің  көшбасшысы. 

– Елбасы. 

– Елбасы  сөзі неше әріптен тұратынын  санайықшы.

1 ЖЕЛТОҚСАН Тұңғыш Президент күні деп жарияланган. (2011 жылы 10 желтоқсанда парламент санатының толық отырысында бекітілді)

(қысқаша тоқталу: Қарапайым ауылда ,қарапайым отбасында өскен.Халқымыздың сеніміне бөленген,бүгінде әлемге әйгілі қайраткер,тарихтың ұлы тұлғасы)

Кәусар:   

Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.

Әмина:

Президент ең алғашқы,
Қырандай самғап ұшты.
Халқымның көшбасшысы
Келер күнге құшақ ашты.            

Осман: 

Тәуелсіздікті елге сыйлады
Бейбітшілікті қалады
Орындалып арманы
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.   

Президент қай қалада отырып елтыныштығы жайлы жұмыстарын жүргізуде.

Астана қаласында

Өте жақсы.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрамыз,
Айналаны шоламыз.  
Жауқазындай жайқалып,
Бәйшешектей иіліп,  
Сәл тынығып аламыз,    
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.  
Сабақтары салалы.

Осы бас қаламызда үлкен, кіші ғимараттар көп сол ғимараттарға тоқталып өтейік. Ол ғимараттардың көлемі жағынан емес, ондағы  атқарылаты қызметтер жағынан салыстырып көреміз.

1. Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы

2. Бейбітшілік пен келісім сарайы. Қазақ жеріндегі достық, бірлік және бейбітшіліктің символы болып табылады.

3. Ханшатыр. Қазақстанның астанасы – Астана қаласындағы ірі ойын–сауық және сауда кешені. (Астананың жаңа символы)

Сонымен қатар Астанада ең көрікті монументер (ескерткіш) бар.

«Мәңгілік Ел»  салтанатты қақпасы. 

«Астана – Бәйтерек» кешені – Астананың символы. 

Бәйтерек кешенінің жоғарғы қабатына шығып қарасаң, Астананың керемет көркін тамашалайсың. (қысқаша түсіндіру)

Онда балалар қазір сендермен осы бәйтерек кешенін өз қолымызбен  құрастырып көрейік (топпен жұмыс).

Құрастырылған бәйтерек кешеніне қысқаша тоқталып өту.

Қортынды:

Біздің Отанымыз?

Отанымыздың бас қаласы?

Бас қаланың қандай ескерткіш, символдары бар?

Күтілетін нәтиже: Отанын, елін, жерін сүйіуге, мейіріділікке баулу.

Балаларды мақтап, мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз