Жамбыл облысы Меркі ауданы №9 Меркі колледжі
Өндірістік оқыту шебері: Борибаева Назира Кидиралиевна
Өндірістік оқыту сабағының жоспары
Топ шебері: Борибаева Назира Кидиралиевна
Сабақтың тақырыбы: Жоңқаның пайда болуы туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жоңқаның пайда болуы туралы түсінік бере отырып, металды кешенді өңдеу тәсілдерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігінің және еңбекті қорғау ережелерін үйрету.
Дамытушылық: Жоңқаның пайда болуы туралы түсінік беру қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, жону процесінің технологиясымен таныстыру, жұмыр тістеуікпен және қысқышпен жұмыс icтeyгe үйрету, металды көркемдеп өңдеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Студенттерді жұппен және топпен жұмыс жасауға дағджыландыру, өз мамандығын сүюге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету, таныстыру.
Сабақтың көрнектілігі: Сым оның түрлері, шынжыр баулар, жұмыр тістеуік, қысқыш,балға, қайшы.
Сабақтың көрнекілігі: Сұлба, буклеттер.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
а) Білімгерлермен амандасу
б) Білімгерлерді тізім бойынша тексеру
в) Білімгерлерді күн тәртібімен таныстыру
II. Кіріспе нұсқауы
2.1. Жан-жақты білімдерін тексеру.
2.2. Жаңа тақырыпты түсіндіру және көрсету.
2.2.1. Санитарлық, гигиеналық және техника қауіпсіздік ережелерінің нұсқауы.
Өткен сабақты қайталау:
1. Сымның қандай түрлерін білесіңдер?
2. Диаметріне байланысты сымдардың майысуына түсінік беріңдер.
3. Сымнан жасалған әшекей бұйымдарды атаңдар.
4. Токарь дегеніміз қандай мамандық?
5. Машиналарды және механизмдерді жасау кезінде қандай токарлық жұмыстар пайдаланады?
6. Токарлық өңдеу дегеніміз не?
7. Токарлық станоктарда алынатын металл қабаты қалай аталады?
8. «Жоңқа» деп қандай материалды атаймыз?
9. Дайындама материалдары дегеніміз не?
Сабақты түсіндіру:
Жоңқа — кесу кезінде дайындамадан сылынып дефорацияға ұшыраған металдың ширатылған немесе үгітілген бет қабаты; дайындаманы жонып өңдегенде пайда болатын өте жұқа немесе ұлғақ метал кесіндісі.
Жоңқа бунағы
Жарықшақ жоңқа — өзара байланыспаған бөлек түйір ретінде түсетін жоңқа.
Опырылмалы жоңқа — бөлек элемент түріндегі жоңқалар немесе ішкі жағынан анық көрінетін элементтерге бөлінғен жоңқа.
Ширатылған жоңқа — элементтерғе бөлінбей ширатып шығатын жоңқа.
Жоңқа бунағы — жоңқаны жинауға немесе ұсақтауға, тасымалдауға, сонымен қатар құралдың кескіш бөлігіне арнайы салқындату сұйығын (АСС) жеткізуді жеңілдетуге арналған бунақ.
Ж о ң қ а — металды кесу арқылы өңдеудің қалдық өнімі. Материалдың пластикалық деформацияланып, бүлінуі нәтижесінде жоңқаға айналуы кесумен өңдеу кезінде спецификалық шарттармен өтеді. Бұл металдарды кесу арқылы өңдеуге тән функционалды тәуелділіктерді көрсететін процестің арнайы заңдылықтарын анықтайды.
Әдіпті кесу мен оны жоңқаға айналдыруға негізделген металдарды өңдеудің барлық түрлері мен тәсілдері “металдарды кесу” деген терминмен анықталатын, өңдеудің әртүрлілігін құрайды. Кесудің барлық түрлері жалпы заңдылыққа бағынады.
Сабакты бекіту:
1. Жону дегеніміз не?
2. Жону прцесі қандай шартта жасалады?
3. Өңделінетін деп нені атайды?
4. Жоңқа түрлерін атап бер?
5. Элементті жоңқа қалай алынады?
6. Сатылы жоңқа қай кезде пайда болады?
7. Иірмелі жоңқа қалай жасалады?
8. Жарықшақ жоңқа қай кезде жасалады?
Окушы білімін бағалау, көтермелеу, мадақтау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, Сымнан жасалатын өрнектердің суретін салып келу.
III.Ағымды нұсқау
3.1. Топтарға бөліп тапсырма беру әдебиеттегі №8 беттегі тапсырмаларды орындау)
3.2. Ұйымдастыру жұмыстарын беру
Қорытынды нұсқау
Тапсырмаларын жинау, атқарылған жұмыстарын тексеру,қорытынды шығару, қателерін тексеру.
Баға қою.
Үйге тапсырма беру.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі