Эссе және өлең-жыр байқауы

Аналар – асыл жандар

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектептің ағылшын пән мұғалімі  
Джалгасбаева Нурсулу Нурлановна

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: фотосуреттер, презентация, оқушылардың өз қолмен салған суреттерден көрме, А3 форматындағы қағаз желім, қайшы, журналдар.

Бейнебаян: «Ана туралы жыр»

Мұғалім:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн, қымбатты аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе  10 «Ә» сынып оқушысы Ғазизаны әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

Мұғалім

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар, - дей келе келесі бейнебаян өздеріңізге арналады.

Бейнеролик: «Анам туралы...»

Мұғалім

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп оқушыларымызды өздерінің аналарына арналған ақ тілегімен, ана туралы асыл сөздерімен ортамызға шақырамыз.

Зарина:  Бала үшін ең қымбат анасы. Сондықтан да, аналар ешқашан қартаймаңыздар, жүздеріңізден күлкі кетпесін.

Ана-жүрек, Ана- тірек! Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет. Ана-күнің, күніңе табынып өт.

Еңлік: Ана-құдірет. Бар игі жақсылықтың бастауы, өміріміздің шырайын беріп тұратын көктегі күн іспеттес, жаны ізгілікке толы, махаббаттан жаралған, алақаны ыстық, сүті балдан да тәтті, көзінен мейірім шапағаты әрқашан төгілетін - ол ғазиз аналар.

Расул:  Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ақ тілегін жолдайтын мен сияқты

Топ – томпақ баласы бар

Ана, сіздің сәл ғана күлімсіреуіңіздің мына дүниенің сәнін келтіріп,жайнатып жіберді. Сондықтан да, аналар үнемі күліп жүріңіздер, жүздеріңізден күлкі кетпесін.

Алихан: Сіздердің күлгендеріңіз жанымызға шуақ, басымызға бақ орнатады.

Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен, баласына ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. «Ат биеден туады, алып анадан туады».

Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалымда, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші де, мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен

Динара:  Әйел-Ана, Әйел-өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат баласына ұрпақ  сыйлар ұлы жанның, құдірет  иесінің есімі  әрқашан да қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры-биік.  

Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің  іргетасы солардың қолымен қаланады.

Таңсұлу: Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман – есен бүгінгі күнге жеткізген әйел ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

Батырбек:  Анаға қандай жақсы сөз айтсаңда жараса кетеді.

Анар:  Жүрегі нәзік, көзі шуақ, жаны ізгі, алақаны ыстық, мейірім мен махабаттан жаралған жан – ол АНА.

Ернат: Ана, Анашым сенің алақаныңда әрдайым, әр уақытта болғым келеді. Әр адамның өз анасы өзіне ай мен күн. Аналар сіздер әлемдегі ең әдемі әйелсіздер. Сіздердің әдеміліктеріңізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көктемнің күн шуағына малынған әсем гүліндей боп әдемі болып жүре беріңіздер, аналар. Ең бастысы аман болыңыздар.

Аналар сіздер біз үшін көктегі күн, көздегі нұр. Біз сіздерді кей–кейде ренжітсекте, ақ жүрегіңізбен, ақ көіңілдеріңізбен үнемі кешіресіздер.

Мәди: 8- наурыз біз үшін үлкен мереке, ұлы той. Бұл мерекеде балалар анасының асты–үстіне түседі, жасаған әрбір қателігі үшін кешірім сұрайды.

Гүлжазира: Ардақты да аяулы аналар. Біз сіздерді құдайымыздай сыйлаймыз, сыйынамыз.

 Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.

Нұрлыбек: Анам менің – аялаған ақ гүлім

Анам менің  - бақытым мен шаттығым

«Анашым» - деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің – өмірдегі тірегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін

Бейбіт:Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.

Ана көрегендінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.

Нұрсәуле: Ана – дүниедегі бірден – бір құдірет. Ана – бұл Құдайдың кішкентай сәбилер аузындағы аты.

Мұғалім: 

Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары

Хор: «Анашым»

Мұғалім:

Қол соғып ортамызға қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ананың тапқырлығына тәнті болып,
Бәріміз жұмыла қол соғайық – демекші белсенді аналарымызды ойын алаңына шақырамыз.

1 – сұрақ: Сыныпта неше оқушы, неше ұл, неше қыз бала бар?

2 – сұрақ: Сіздің балаңыздың қасында кім отырады?

3 – сүрақ: Дүйсенбі күні балаңызға неше сабақ және қандай сабақтар болады?

4 – сұрақ: Балаңыз оқитын кабинет нөмері?

5 – сұрақ: Балаңыздың сынып жетекшісінің толық аты – жөні?

Жүргізуші:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ АНАМ!

Олай болса келесі кезекті аналарға береміз. 5 анадан тұратын топ құралады. Әр топ «Мен бақытты анамын» тақырыбына постер құрап, оны қорғап шығады.

Мұғалім:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті аналар – асыл жандар біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.

Шуақты күндерде кездескенше!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...