МКҚК №11 «Арай балабақшасы»
№5 "Гүлдер" ересек тобы
Қазақ тілі мұғалімі: Каримова Асемгуль Бекеновна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қызметі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Топтық сабақ
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Жеті түсті гүл
Мақсаты: Білімділік. Балаларды гүлдермен таныстыруды жалғастыру. Өткен сабақтан алған білімдерін еске түсіре отырып, түстерді ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық. Балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, есте сақтау, ойлау, қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелік. Кішіпейілділікке, достыққа, табиғатты қорғауға, тазалыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Жеті түсті желекті гүл, сандар, слайд, видео
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын
Сабақ түрі: Қайталау
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң қонақтар!
Сәлеметсізбе! Здравствуйте!Hello
— Қалдарың қалай балалар?
— Қазір жылдың қандай мезгілі?
— Көктем айлары қандай?
— Көктемде қандай өзгерістер болады?
— Балалар біз бүгін сендермен саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз жай емес, сиқырлы саяхат. Алыста-алыста сиқырлы ел бар, сол елде ерекше бір гүл бар. Ол гүл сендердің қайсыбір тілектеріңді орындайды. Қалай ойлайсыңдар бұл қандай гүл?
— Балалар: Бұл Жеті түсті гүл
— Мұғалім: Дұрыс.Жеті түсті гүл. Бірақ, бұл елде қатты жел болғанда, сиқырлы гүліміздің желектері шашылып қалыпты. Ондай болса, сол гүліміздің желектерін жинау керек. Желектерді жинау үшін біз жеті түрлі тапсырманы орындауымыз керек.
Дайынбыз ба, балалар? Тапсырманы орындасаңдар жеті түсті гүлдің сендерге тосын сыйы бар.
1-тапсырма: Ойын. Сипап біл. Жемістер мен Көкөністер
2-тапсырма: Слайд бойынша жұмыс.
— Біздің Отанымыз? Біздің Отанымыз- Қазақстан.
— Елбасымыз кім? Қасым Жомарт Тоқаев
— Елордамыз қай қала? Нұр- сұлтан қаласы
— Қазақстан рәміздері? Ту, елтаңба, әнұран
3-тапсырма. Рет-ретімен тұру ойыны. Шарты: Балалар сандарды қолдарына алып, араласып тұра қалады. Әуен қосылады. Рет-ретімен тұр дегенде тұра қалу керек. 1-10-ға дейін санау. Кері санау. Үш тілде санатқызу
4-тапсырма. Үй жануарларын ата.
Сергіту сәті: Аяқпенен топ-топ әні. Балалар айтып, қимылмен көрсетеді.
5-тапсырма. Ойын. Аудармашы. Шарты:Допты лақтыра отырып ойнату, мұғалім орысшасын айтады, балалар қазақша жауап береді.
Ана — мама
Әке — пап
Ата — Дедушка
Әже — Бабушка
Әпке — сестра старшая
Сіңлі — младшая
Аға — брат
Іні — младший брат
Қарындас — сестренка мальчика (ұл балаға)
6-тапсырма. Түстерді ата. Үш тілде айтқызу
Қызыл —
Сары —
Көк —
Жасыл —
Қызғылт сары —
Ақ —
Қара —
7-тапсырма: Жабайы жануарларды ата.
Қорытынды: Балалардың еңбегін бағалап, мадақтау. Жеті түсті гүл тосын сыйын балаларға қалдырады.
Қоштасу.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберге біз тұрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі