Эссе және өлең-жыр байқауы

Қош келдің — Наурыз!

№11 «Арай» балабақшасы
№3 «Алтын сақа» ПДК ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Кекенова Айгерим Жангельдиновна

Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.

Көрнекіліктер: Бейнетаспадан «Наурыз» мерекесін көрсету. Тақтадағы суреттер.

Шаттық шеңбері.

Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем.

— Көктем мезгілінің қай айы?

— Наурыз.

— Дұрыс айтасыңдар балалар, қазір көктем мезгілінің наурыз айы. Көктем мезгілі үш айдан тұрады. Олар: Наурыз, Сәуір, Мамыр. (Ай аттарын бірге қайталайды).

Балалар бүгін үлкен мереке – Наурыз тойы. Ұлыс күні. Наурыз мерекесін біз жыл сайын айрықша өткізіп келеміз. Наурыздың 22-ші жұлдызында күн мен түн тенеледі. Қыс өтіп, көктем келіп, мал төлдейді. Бар тіршілік жанданып, айнала құлпыра түседі. Сондықтан да Наурыз - жыл басы болып саналады. Ата-бабаларымыздың салтында ұлттық мерекені той-думан мен ойын-күлкі, ән-жыр мен атап өткен.

(Наурыз мейрамы туралы слайд).

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Біп-биік боп өседі.

(Мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды).

— Балалар, біздің ұлттық дәстүрлерімізді атап өтейікші

— Тысау кесу, бесікке салу, сырға салу және т.б.

Қазақтың салт-дәстүрі: «Бесікке салу».

Балаларды шеңберге отырғызып, бесікке куыршақты бөлейміз. «Әлди-әлди» жырын шырқаймыз.

— Ұлттық ойындарды атап өтейін: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, арқан тартыс және т.б.

Ұлттық ойын: «Арқан тартыс».

Балалар екі топқа бөлінір, арқанды тартады. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады.

C:\Users\admin\Downloads\IMG-20190318-WA0069.jpg


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...