Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге кенті
«Теңге бөбекжай–бақшасы»
№3 «Құлыншақ» ортаңғы тобының тәрбиешісі: Жайлыбаева Зағыпа
Тақырыбы: «Бір жылда не үйрендік?»
Мақсаты:
Үйрету: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту, сандарды санау, өткенді қайталау.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын бойыту, ойлау қабілетін арттыру, жыл мезгілдері туралы алған білімдерін тиянақтау.
Тәрбиелеу: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Көктем – весна, жаз – лето, күз – осень, қыс – зима.
Қолданылған көрнекілік құралдар: суреттер, слайд7
Әдіс тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауаптар.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері Қайырлы таң, көздерім Қайырлы таң, құлақтарым Қайырлы таң, қолдарым Қайырлы таң,аяқтарым Қайырлы таң, достарым Доброе утро, глазки Доброе утро, ушки Доброе утро, ручки Доброе утро, ножки Доброе утро, друзя
Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? Көктем мезгілінің ерекешеліктерін атаңдаршы. Көктем мезгілін екі тілде айтамыз Көктем мезгілі туралы тақпақтар білеміз бе? |
Балалар қуана шаттық шеңберге тұрады. Балалар толық жауап береді.
Көктем, весна
Мұхаммедин Көктем болды алақай Қуанар барлық балақай Көктемде жаңбыр болады Бақшаға гүлдер толады |
|
Ғажайып сәт: Қараңдаршы, біздің почтамызға хат келіпті, қарайықшы кімнен келгенін. Қызыл телпектен келіпті. Қызыл телпек бізден көмек сұрап жатыр екен, әжесіне апара жатқан гүлдің күлтелерін түсіріп алыпты, соны біздерден орнына жапсырып берулерін сұрайды екен. Күлтелерін жапсырмас бұрын, әр бір күлтенің өзінің тапсырмалары бар екен сол тапсырмаларды орындасақ қана күлтелерін |
|
|
орнына жапсыра алады екенбіз.Балалар Қызыл телпекке көмектесемізбе, тапсырмаларды орындаймызба?
1.күлтенің тапсырмасы: 4 мезгіл атауын ата. Төрт мезгілдері туралы тақпақ айтып беріңдер. Көктем – весна, жаз – лето, күз – осень, қыс – зима.
2. күлтенің тапсырма: 1 – ден 5- ке дейін тура және кері санау. Санамақтар айт.
3.күлтенің тапсырмасы: Төрт түлік малды және олардың төлдерін ата.
Ойын: «Жануарларды құрастыр» Шарты: Жануарлардың суреттері бірнеше бөліктерге бөлінген, сол бөліктерді орнымен орналастырып құрастыру.
Үй жанаурлары және жабайы жанаурлар туралы тақпақ кім біледі?
4. күлтенің тапсырмасы: Табиғат нешеге бөлінеді, оларға нелер жатады Сергіту сәті Қәне жалқау болмайық Шынығуды қолдайық |
Ия Мұқаш, Ақсұңқар, Шыңғыс, Жанерке. Балалар жаттап қайталайды. 1-ден 5-ке дейін санау, тура және кері. Санамақ айту. 1-ден 5-ке дейін. Ерасыл Бір дегенім – білім, Білімсіз жоқ күнің. Екі дегенім – елім, Далам, тауым, көгім. Үш дегенім – үміт, Үміт ақтар жігіт. Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім – бесік, Шықтық содан өсіп.
Сиыр – бұзау Жылқы – құлын Түйе – бота Қой – қозы. Балалар қызығып ойнайды. Аида Ауылдың қойы бар,
Майра Түлкі деген қу ғой,
Табиғат екіге бөлінеді: Тірі және өлі табиғат. Тірі табиғатқа: ағаштар, гүлдер, шөптер, аңдар, өсімдіктер. Өлі табиғатқа: Күн, ауа, су, тау, топырақ, құм. |
|
Қысы жазы көктем күз Денсаулықты қолдайық
5.күлтенің тапсырмасы: Ұнаған түсіңді таңда, сол түстің тапсырмасын орында.
1.Үйшік ертегісін құрастыр. 2. Сұрақтар: 1. Біз қай қалада тұрамыз? 2. Біздің балабақшаның аты? 3 .Біздің еліміздің бас қаламыздың атауы? 3. Жемістер мен көкөністерді ажырат. 4. Бұл қандай пішін. Балалар міне соңғы күлтемізді жапсырдық, дайын болған гүлді почта арқылы Қызыл телпекке жолдайық |
Балалар қимылдар келтіріп сергіту сәтін жасайды.
Балалардың жауаптары
|
Рефлексті коррекциялаушы |
Бүгінгі оқу қызметіміз ұнадыма? Бізге хатты жолдаған? Қандай ойын ойнадық? Табиғат нешеге бөлінеде? Қандай ертегілерді құрастырдық. Балалар сендер оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Балаларды мақтау-мадақтау. |
Балалардың жауаптары |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі