Өлең, жыр, ақындар

Үлкен-кіші. Биік-аласа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Теңге аулы «Теңге бөбекжай-бақшасы»
Тәрбиешісі Менкеева Анар Құдагелдіқызы

№6 «Еркемай» ІІ-кіші тобы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы«Үлкен-кіші. Биік-аласа.»

Мақсаты: таңертең(таң)-тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші, биік-аласа) салыстыруды үйрету. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер: ойыншық кірпі, шымылдық, Слайд

Сөздік жұмыс: таңертең, үлкен-кіші, биік-аласа.

Билингвальді компонент: таңертең-утро, үлкен-большой, кішкентай-маленький, биік-высокий, аласа-низкий, ұзын-длинный, қысқа-короткий.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің оқу қызметі

Балалардың оқу қызметі

Моти-вациялық қозғаушы-лық

- Балалар, бүгінгі оқу қызметімізге көптеген қонақтар келген екен, қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Атаулары қандай?

- Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар, бүгінгі өтетін оқу қызметіміз Математика. Тақырыбы «Үлкен-кіші және биік-аласа»

Оқу қызметін бастамас бұрын өткен тақырыпты есімізге түсірейікші. Кім біледі?

- Дұрыс, жарайсың!

Слайдпен пішіндерді қайталау:

- Балалар, мынау қандай пішін?

- Неліктен шаршы дейміз?

- Шаршыға нелер ұқсайды?

- Ал,мынау қандай пішін?

- Неліктен үшбұрыш дейміз?

- Үшбұрышқа нелер ұқсайды?

- Ал, мынау қандай пішін?

- Шеңберде бұрыш бола ма?

- Ол неге ұқсайды?

- Жарайсыңдар балалар!

- Енді жаңа тақырыбымызға өтейік.

Ғажайып сәт.

- Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік мезгілдері туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.

Жұмбақ:

Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден.

                              (Кірпі.)

Балалар, жұмбақ не туралы?

Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады. Кірпі балаларға бір тәулікте төрт мезгіл болатынын, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталатынын айтады.

- Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме?

- Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалып, түнде ұйықтайды.

                                Қимылмен шаттық шеңберін жасайды

 

 

 

 

- Қыс

- Үш ай бар

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан

 

 

Үшбұрыш, шеңбер, шаршы

 

 

- Шаршы

- Өйткені төрт бұрышы бар

- Үстел, терезе, кітап

- Үшбұрыш

- Өйткені үш бұрыштары бар.

- Үй шатыры, шырша

- Шеңбер

- Жоқ ол дөңгелек

- Күн, алма, доп

 

 

 

 

 

 

 

 

Кірпі туралы

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

Ия, білгіміз келеді

Ұйымдастыру-іздестіру

Кірпі:

- Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Кірпілер бірдей ме?

- Олар қандай екен?

Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғанын айтады:үлкен кесе үлкен кірпіге,ал кішкентай кесе кіші кірпіге арналған.

                        Сергіту сәті:

                Ормандағы аюдың

                Құлпынайы көп екен

                Теріп-теріп алайық

                Қалтамызға салайық

Кірпілерді көріп тұрмыз

- Әртүрлі.

- Үлкен және кішкентай.

 

 

 

Ойын «Кірпі немен қоректенеді

Шарты:  суреттерді көрсету арқылы кірпі қай нәрсемен қоректенетінін сұрайды.

Кірпі балаларға тапсырмаларды дұрыс орындағандары үшін рақмет айтып қоштасады.

 Балаларға үйлердің суреттерін көрсетеді.

- Балалар, үйлер бірдей ме, жоқ әртүрлі ме?

- Дұрыс? Бір үй биік,ал басқа үй аласа.

- Бір-біріңе арқаларыңмен тұрыңдар,қайсың биік, қайсың аласа екенін көреміз. Балаларға биік-аласа сөздерін түсіндіреді.

Ойын «Суреттерді орналастыр» .

Шарты: Берілген суреттерді көлеміне қарай ажыратып орналастыру.

 

 

 

   

      

         

 

 

  Салыстырып жауап береді.

  

Рефлексивті- түзетушілік

 - Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?

 - Балалар, біз қандай тақырып өттік? Не үйрендік?

Ұйымдастырған оқу іс-қызметінде араласқан балаларды мақтап, мадақтау.

 

Күтілетін нәтиже:

Меңгереді: Үлкен-кіші, биік-аласа мағынасын.

Игереді: суреттерді дұрыс орналастыруды

Қолданады: дайын пішіндерді орнына жапсыруды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз