Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы
Қосестек орта мектебі
География пәні мұғалімі: Бертілеуова Гүлсім Аманғосқызы
Класс: 7а Күні: 23 ақпан
Сабақтың тақырыбы: Канада. Орталық Америка елдері.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Канаданың географиялық орны, геологиялық құрылысының ерекшеліктерін ұғыну, климаты, өзен, көлдері туралы білімдерін тереңдету.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, ғылыми дүниетанымды қалыптастыра отырып, нақты және өз ойын толық жеткізуге дағдыландыру.
Б) Тәрбиелік: Экономикалық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, қиыншылықтарды жеңудегі өжеттілікке, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке және бір-бірін тыңдап, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаңа технологиялық әдіс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кескін карта, атлас
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы ойын арқылы сұралады.
«Зымыран сұрақтар» ойыны
1. Солтүстік Американы қандай халықтар мекендейді?
2. Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел?
3. АҚШ жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр?
4. Қандай табиғи ескерткіштері бар?
5. АҚШ-тың астанасы қалай аталады?
6. АҚШ арқылы Солтүстік Америкадағы ағып өтетін ең ірі өзен?
7. АҚШ-тың ең ірі қаласы?
8. Солтүстік Америка материгіндегі елдер?
9. АҚШ-тың ұлттық саябақтары?
10. Әйгілі кино орталығы Голливуд қай қалада орналасқан?
Саяси картадан оқушылар біртіндеп шығып Канаданың қалаларын, таулары мен өзен – көлдерін, қоршап жатқан теңіздер мен аралдарын көрсетеді.
(Оқушыларға жұлдызшалар таратып, сол бойынша әр оқушы өздеріне ұпай жинап отырады)
III. Жаңа сабақ барысы
«Қызықты мәлімет» кезеңі
Парта үстіндегі дайындалған карточканы таңдап, қосымша қызықты мәліметтерге жауап береді. (Оқушыларға жұлдызшаларды тарату, ұпайларын анықтау).
Төрт шумақ өлең оқып, сол арқылы тақырыпты ашып алу.
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы Канада, Орталық Америка елдері.
Оқушыларға жұптық тапсырма беремін. Оқулық арқылы және қосымша материалдармен тапсырма беріледі.
1-жұп. Географиялық орны. Табиғаты.
2-жұп. Өзендері мен көлдері. Пайдалы қазбалары.
3-жұп. Орталық Америка елдері.
4-жұп. Канаданың аралдары мен теңіздері. (Жұмыс жасалған соң оқушыларға жұлдызша тарату арқылы ұпай жинап, оны бағала).
Мұғалімнің мәліметі: Канада дүние жүзі жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Канада жерінің ауданы (9976) мың км материктің солтүстік бөлігімен Канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы - Оттава қаласы.
Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен Солтүстік бұғысы Карибу тіршілік етеді.
Канаданың басты байлығы – көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінде Канада дүние жүзінде бірінші орын алады. Жалпы айтқанда Канада ормандарға бай.
Мұнда Америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Сондықтан жергілікті халық ағаш дайындау және оны өңдеумен айналысады.
Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай.
Ал, енді осы тақырыптан алған білімдеріңді байқау үшін, мынандай тапсырмалар беріледі.
Жеке тапсырма. Картаны пайдаланып, географиялық орны мен табиғатына сипаттама береді.
«Топтастыру стратегиясын» пайдалана отырып, оқушылар тапсырмасын қорғайды.
Оқушыларға осындай тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір – бірінің жұмыстарын тексереді. Бағалап отырады.
«Кім картаны жақсы біледі?» ойыны.
1. Канаданың астанасың дүние жүзі саяси картаға түсіру.
2. Орталық Америка елдерін картаға түсіру.
3. Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді.
4. Канаданың негізгі халқы Еуропадан қоныс аударғандар ол қалалар қалай аталады?
IV. Сабақты пысықтау:
ә) Жалпы оқушыларға «Ия, жоқ» ойыны ойналады.
Сұрақтар.
1. Жер көлемі бойынша ең үлкен 10 елдің құрамына Канада кіре ма? Ия
2. Оңтүстік Америка ең ыстық материк пе? Жоқ
3. Мадагаскар көл ме? Жоқ
4. Гренландия аралы Орталық Америка құрамына енеді ма? Жоқ
5. Дүние жүзіндегі халқының саны ең көп елдерге АҚШ кіре ма? Ия
6. Жердің серігі ай ма? Ия
7. Бес мүхит бар ма? Жоқ
8. «География» грек тілінен аударғанда саяхаттау деген мағынаны білдіреді? Жоқ
9. ТМД елдерге Мексика, Франция кіре ма? Жоқ
10. Дамыған елдерге АҚШ, Германия, Жапония жата ма? Ия
Оқушыларды бағалау. Жиналған жұлдызшаларын санап, оқушыларға тиісті бағалары қойылды. Сабақ барысында барлық оқушылар әр тапсырма сайын бір – бірінің жұмыстарын тексеріп отырды және баға беріп отырды. Өз пікірлерін айтты.
V. Үйге тапсырма: Канада. Орталық Америка елдері.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі