Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
МКҚК «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Рсаева Гульшат Удашкевна
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: Судың қасиеті
Мақсаты: Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Көрнекілік: слайд - шоу, су, тұз, қант, бояу
Әдіс- тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ жауап, мадақтау.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушы |
Шаттық шеңбері Күніміз ашық болсын! |
Балалар менімен бірге қайталайды. |
|
Қазір жылдың қай мезгілі? Бір жылда неше мезгіл бар? Күз мезгілінде неше ай бар? Қазір қай ай? Күз мезгілінде ауа райы қандай болады? Қар еріп неге айналады?
Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін табыңдар? Аяғы жоқ, қолы жоқ, Бірақ тыныш тұрмайды. Сақтамасың қорын тек, Барша тіршілек қурайды. Бұл не? Жарайсыңдар балалар, жауабы Су. Бүгінгі сабағымыз ерекше әрі қызықты сабақ. Біз бүгін судың қасиетімен танысамыз. Судың қандай қасиеті болатынын өздерің тәжірибе жасап, білетін боласыңдар. Ендеше мына үстелдерге жақындайық. - Суды бір стақаннан екінші стақанға кұйыңдар. - Судың қандай қасиетін байқадыңдар? Ал,енді ішіп көрейік, дәмі бар ма?
- Стақандағы суға қасық саламыз. - Судың түсі қандай? - Стақандағы суды иіскеп көрейікші, иісі бар ма? Балалар сендер судың қандай қасиеттерін білдіңдер?
Енді осы судың түсін, дәмін өзгертуге бола ма?Қалай? Стақандағы суға тұз салу (не болғанын айту) Стақандағы суға қант салып араластыру(не болғанын айту) - Судың түсі бар ма?Егер оған бояу қосып жіберсек,оның түсі өзгереді. - Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, су қайтеді? Ал мұзды жылы жерге қойсақ
-Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады,яғни бу болып ұшады. Орнымызға отырамыз. - Балалар сендер су туралы мақал-мәтел білесіңдер ме? Қандай тыйым сөздер білесіңдер? Суды дұрыс пайдалану керек.Суды сақтау, оның азаймау үшін не істеуіміз керек? Сергіту сәті Сылдыр-сылдыр-сылдыр-су |
Күз Төрт мезгіл бар Үш ай Қараша Суық, адамдар жылы киінеді, қар аралас жаңбыр жауады. Суға
Су
Су ағады,ол сұйық ,пішіні жоқ.
Судың дәмі жоқ
Су түссіз және мөлдір Судың иісі жоқ
Су сұйық.Су дәмсіз.Су түссіз.Су иіссіз.
Иә
Балалар тәжірибе жасайды. Өзгерістерді айтады.
Мұз болып қатып қалады. Ол еріп суға айналады.
Су анасы бұлақ.Сөз сағасы құлақ. Жылай-жылай арық қазсаң Күле-күле су ішерсің. Суға түкірме Кірдің суын баспа.Суды шашып ойнама. Судың да сұрауы бар. Балабақшада, үйде кранды жауып жүру керек, сумен ойнамау керек. |
|
- «Суды» орысша қалай атайды? - Ал ағылшынша? - Су адамдарға не үшін керек? - Балалар, адамдар сусыз өмір сүре ала ма? - Ал, жануарлар мен өсімдіктер ше? - Егер де біз осы топтың ішіндегі гүлдерге су құймасақ, олар тіршілік ете ала ма? - Жарайсыңдар балалар! Сусыз адам да , жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Сондықтан «Су- тіршілік көзі» деп атаймыз. - Судың қандай қасиеті бар? - Суды қалай пайдаланамыз?- Балаларды мадақтау. - Орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық! |
Вода Water
Ішу,жуыну,кір жуу, шомылу,тамақ пісіру үшін,бетін жуу үшін,шай қайнату үшін керек.
Балалар сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек, судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
Игереді: судың сұйық, иісі,дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі: оның түсі, дәмі және иісінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін; өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.
Меңгереді: судың қасиеті туралы, суды үнемдей білуді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі