Өлең, жыр, ақындар

Етістіктің сөйлемдегі қызметі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

Пән

Қазақ тілі

 

Мұғалім

Муканов Бек Шынгазинович

Мектеп, сынып

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№27 орта мектебі»КММ

7 «ә» сыныбы.

Сабақ тақырыбы

Етістіктің сөйлемдегі қызметі

 

 

Жалпы мақсаттары:

Етістіктің сөйлемдегі қызметі бойынша білім беру; Оқушыларға сөйлем мүшелеріне талдауды үйрету; Жаттығулар орындату арқылы алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту; Шығармашылыққа баулу; Логикалық ойлауын дамыту.

Сын тұрғысынан ойлап, өз ойын тиянақты жеткізуін қамтамасыз ету; Шығармашылыққа баулып, логикалық ойлауын дамыту; Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту.

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық (47,48-беттер)

Қазақ тілі. 7-сыныпқа арналған оқулық. Тұрсынова Г.Т, Қасымбек А.А, Нұрғазы А.Н. (181,183-беттер)

Ғаламтор:

 

 

 

www.bilimland.kz; http://itest.kz/lekciya_esimshe_kosemshe_etistikting_shaq_zhane_raj_kategoriyalary

 

Оқу нәтижесі:

Оқушылар тақырыпты меңгереді, сөйлемге талдау жүргізеді, сыни тұрғыдан ойлайды.

Негізгі идеялар:

Етістіктің барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқара алуы.

 

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:

Кесте;

Үлестірмелі қағаздар;

Таныстырылым;

АКТ-ны пайдалану.

Оқыту әдістері:

Ой шақыру, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау

Тапсырмалар:

Қазақ тілі оқулығы бойынша берілген мәтін,  214, 216, 217-жаттығулар, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ шешу, сұрақ-жауап, тест.

 

Мұғалім мен оқушының сабақтағы іс-әрекеті:

Сабақ: 8.50-9.35

 

 

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (5 минут).

Ұйымдастыру кезеңін жүргізу, оқушыларды топқа бөлу.

Сыныпты 4 топқа бөлемін. Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілеу.

 

 

Үй тапсырмасын сұрау: Қайталау (10 минут).

Үйге берілген тапсырманы орындай отырып, «Етістік ағашын өсіреміз». Мына үстелдің үстіндегі жапырақтарды ала отырып, артында жазылған сұрақтарға жауап беріп, жапырақты ағашқа ілеміз. Ал ендеше іске сәт!
Сұрақтар:
1. Етістік нені білдіреді?
2. Етістіктің неше шағы бар, атаңыз.
3. Осы шаққа мысал ойлаңыз.
4. Өткен шақтың түрлерін атаңыз.
5. Есімшенің жұрнақтарын атап беріңіз.
6. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
7. Етістіктің райларын атаңыз.
8. Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.
9. Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
10. Етістіктің мағыналық түрлерін атаңыз.
11.Құранды етістік дегеніміз не?
12.Қалып етістіктерін атап беріңіз.

 

Тест http://itest.kz/exam_test?test_id=363900133

1. Болымды етістік қай қатарда екенін белгілеңіз.

A) Ол жарықты өшірмеді.

B) Тілек досына таңдана қарады.

C) Ол осы жолы кешіккен жоқ.

D) Әкесінің дауысын естімеді.

E) Бала анасын ренжіткісі келмеді.

 

2. Болымсыз етістік болатын қатарды анықтаңыз.

A) Қызыл ал(ма)

B) Бұл – шығар(ма)

C) Сабақтан қал(ма)  

D) Қызық жарна(ма)

E) Қалам бар(ма)

 

3. Есім сөздерден жасалған туынды етістіктерді табыңыз.

A) Оқыттыр, айтқыз

B) Жазғызды, барды

C) Көрген, қозғалды

D) Тазалық, көрегендік

E) Серуенде, тазала

 

4. Өзгелік етістің барлық жұрнақтары тізбектеле жалғанған сөзді табыңыз.

A) Айттырды

B) Айтқыздырды

C) Айттыртты

D) Айтқыздыртты

E) Айтқызды

 

5. Қалып етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

A) Аулада бір топ бала ойнап жүр.

B) Жұмыстан ерте шықты.

C) Болған оқиғаны баяндады.

D) Кездесуге кешікпей келді.

E) Ағашты ортасынан бөлді.

 

Сөзжұмбақ шешу «Етістік»    
Есімше      1. -ған, -ген жұрнақтары арқылы жасалатын етістік                     
Бастауыш 2. Оқу – инемен құдық қазғандай. Тұйық етістік қандай қызмет атқарады?
Ілік            3. Анықтауыш қай септіктің сұрақтарына жауап береді?
Пысықтауыш 4. Мен жақсы оқу үшін жүрмін. Тұйық етістіктің қызметі?
Толықтауыш  5. Кітап оқудан жалықпа. Тұйық етістіктің қызметі?
Есім                6. Есімшенің атқаратын екі қызметінің бірі?
Көсемше        7. Жіктелмейтін жұрнақтары бар етістіктің ерекше түрі? 


Жаңа тақырып: (22 минут).

Ой шақыру стратегиясы:

Жақсы, балалар, етістік жайында жалпы білімдеріңізді көрсете алдыңыздар. Бүгінгі жаңа сабағымыз да етістікпен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

 

Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық. Осы бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қояр едіңіздер? (Оқушылардың жауабын алу. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді еске түсіре отырып, жаңа сабақты игеру. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдылану. Өз ойымызды жүйелі жеткізе отырып, танымдылығымызды дамыту).
Мұғалім: Жақсы, рақмет. Ал енді тақтадағы сөйлемдерге назар аудара отырып, етістіктердің атқарып тұрған синтаксистік қызметін тауып көрелік (әр топ дәптерлеріне берілген тапсырманы орындайды).
1. Мен биыл мектепті бітіремін (баяндауыш).
2. Оқу-білім бұлағы (бастауыш).
3. Білгенге – маржан, білмеске – арзан (толықтауыш).
4. Ол күлімсіреп қарады (пысықтауыш).
5. Оқудың шегі жоқ (анықтауыш).
 

Таныстырылым http://itest.kz/lekciya_esimshe_kosemshe_etistikting_shaq_zhane_raj_kategoriyalary

 

ЕТІСТІКТІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ 

1Етістіктің шақ, рай тұлғалары жіктеліп келгенде, тұйық етістік жатыс септігі тұлғасында тұрып немесе тұлғаланбай-ақ сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Біз Алатау бөктеріне саяхатқа шықтық. Олардың мақсаты – алған тапсырманы дер кезінде орындау.

 

2. Көсемше тұлғасында тұрған етістік қимылдың әртүрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Алтын таң рауандап (қалай?) атып келеді. Тұйық етістік көмектес септігінің жалғауын меңгеріп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыш болады. Адам еңбектенумен (қалай?) мақсатына жете аладыКөп жаттығу арқылы (қалай?) жетістікке жетті.

3. Есімше және тұйық етістік тұлғасындағы етістік атау септікте заттанып келіп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Оқу (не?) адамды мұратқа жеткізеді. Оқыған (кім?) – озар, оқымаған (кім?) – тозар. Әдепті болу (не?) – адамилық қасиет.

4. Есімше тұлғасындағы етістік және ілік септігіндегі тұйық етістік зат есіммен тіркесіп, анықтауыш қызметінде жұмсалады. Айтар (қандай?) сөзіңді ойланып ал. Көңіл  жеткізбейтін (қандай?) көк дөнен. Ойлаудың (ненің?) шегі жоқ.

5. Тұйық етістік не есімше тұлғасындағы етістік атау мен іліктен басқа септікте тұрып, толықтауыш қызметін атқарады. Оқудан (неден?) жалықпаБілуге (неге?)талпынған – жақсы қасиетБақылауды (нені?) күшейткен дұрысБілгенге (кімге?) маржан, білмеске (кімге?) арзан.

 

Оқулықпен жұмыс.

216-жаттығуды шартына сай ауызша орындату.

214-жаттығу. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап, етістіктердің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтаңдар.

217-жаттығуды шартына сай жазбаша орындату. Сөйлемдерге талдау жасап, етістіктің рай, шақ тұлғасынайтып, дәлелдеу.

 

Тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.
      1.К ү н д е л і к                      1.Оқушыға күнде еріп жүретін нәрсе не?
      2.Ұ с т а з                               2. Шәкіртке жанашыр, Мейірбан кім жаны асыл?
      3.С ә у і р                               3. Көктем айы?
      4.С у                                       4.Жылт-жылт етеді, Жырадан өтеді
      5.О т а н                                 5.Оттан да ыстық не?
      6.К ө м і р                              6.Аз сөз-алтын, көп сөз-....
      7.К ө к т е м                          7.Жыл мезгілі?

 

 

Сабақты қорыту (3 минут)  (http://itest.kz/lekciya_esimshe_kosemshe_etistikting_shaq_zhane_raj_kategoriyalary)

1. Толықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.

A) Айтар сөзіңді ойланып ал.

B) Оны көрген сайын қуанады.

C) Достар бас көшеде кездеспек болды.

D) Оқығандарын еске түсіре бастады.

E) Балалар ертең жарыспақшы.

2. Пысықтауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз.

A) Биік тау алыстан көрінеді.

B) Алып анадан туады.

C) Тілек жымиып күлді.

D) Ол үйіне қайтқалы отыр.

E) Түнде жаңбыр жауыпты.

3. Баяндауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз.

A) Бұл жолы Әмірқан басқа ән салды.

B) Мен сөйлесу үшін келдім.

C) Еңбектей-еңбектей орнына жетті.

D) Арай күлімсіреп қарады.

E) Ол шындықты жасырмады.

3. Анықтауыш қызметіндегі есімшені анықтаңыз.

A) Адал адамға әрқашан ақ жол.

B) Омар жазғандарын қарап шықты.

C) Келген кісілерге орын бердік.

D) Ол ертең іссапарға бармақшы.

E) Барар-бармасымды айтуым керек.

 

Рефлексия (3минут)

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын айтып, жазып жеткізеді. “Бүгінгі сабақтан не білдім?” деген сұраққа жауап береді.

 

 

Бағалау (2 минут)

Жиынтық бағалау жеке жұмыс, топтық жұмыс бойынша, оқушылардың сабаққа қатысуына, белсенділіктеріне қарай бағалау.

 

 

Үйге тапсырма:                                                                        215-жаттығу

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз