Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы
«Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп» КММ
«Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі
Тайпақова Гаухар Исабековна
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік
Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» әнімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
- Әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан республикасы.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жақсы балалар.
Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.
Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!
Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.
Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
Каусар.
Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Сабина.
Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.
Дінмұхаммед.
Қазақстан - азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да
Алмас.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Мерей.
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел
Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ ұлдарының орындауында «Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар!
Би «Алға Қазағым»
Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
- Балалар рәміздерімізді кім атап береді?
Дұрыс айтасыңдар балалар? Ортаға рәміздер туралы тақпақтарын айтуға Рамазан. Нұржігіт.Зерде келе қойыңдар.
Рамазан.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Нұржігіт.
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Зерде.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам
Әнші қызымыз Мөлдірдің орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
Келесі тақпақтарын айтуға балалар
Жібек. С.
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Әлинұр.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Мөлдір.
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
Қуаныш.
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
Тәрбиеші:
Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар–ай - деп
«Қазақстан-бақытты балалардың Отаны» биін тамашалыңыздар!
Тәрбиеші:
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.
Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады,
Олжас.
Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.
Диас.
Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.
Аяла.А.
Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным
Інжу.Қ.
Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан өлкем,астанам,
Отан туған ауылым.
Інжу. З.
Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ел өркендеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Тәрбиеші:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
деп Қадыр Мырза Әли ағамыз жырлағандай ана тілімізді құрметтеп балаларымыз заман талабына сай өзге тілді де меңгеріп жатыр.
Жанел. Жандарбек.
Еркеназ.
Қазақстан - азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Аиша
В День Независимости я
Стране желаю возродиться,
И чтобы каждая семья
Имела шанс к мечте стремиться.
Жанель.
Родина моя – Казахстан!
Там лазурное небо и снежные горы,
Бескрайних полей золотые просторы.
Закаты как в сказке и звездные ночи,
Рассветы ясны как красавицы очи.
Данеля.
Там свято хранятся традиции предков,
И люди плохие встречаются редко.
Там радость так радость, беда не беда,
Гостям в каждом доме там рады всегд
Бота. Күтпеген сәт: Баланың түсі
Бала (Димаш): Әже, әже шыраққа қарашы ұстап алайықшы.
Әже: біссімілла неге шошындың бала?
Бала: Әже, әже көп түс көрдім, әже көп жарық күнді көрдім.
Әже: Е балам, ол сенің бақытың балам, Тәуелсіздігіміздің мәнгі жарық күні. Балам бара ғой, жолдастарыңнан сүйінші сұрай ғой.
Бала: Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді.
Тәрбиеші: Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай.
Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар 2. Туымыз, Елтаңба, Әнұран теңіміз бар. Осы елімізді, жерімізді басқарып отырған ел басымыз бар.
Теңесер көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!
Тәрбиеші: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.
Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз
Деңсаулықпен әкелсін берекеңіз
Өзбек биін алып келген ортаңызға
Мұң бұралған бишілерді қарсы алыңыз
Биші қыздарымыздың орындауында өзбек биі «Назюлим» .
Орындайтындар: Мөлдір, Аиша, Зерде, Ботагөз, Каусар, Еркеназ.
Бахтияр.
Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.
Әділ.
Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.
Тәрбиеші:
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі