Өлең, жыр, ақындар

"Ғарыш әлеміне саяхат" атты ашық кіріктірілген оқу іс-әрекеті

Шығыс Қазақстан Облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы
"Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Күншуақ" балалар бақшасы" КМҚК
Мұғалім- логопед; Казисова Айдана Алматкызы
Тәрбиеші: Оспангалиева Райгуль Токтаровна

Кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу іс-қызметі

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Таным»

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлімі: «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», «Дене шынықтыру».

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»

Мақсаты: Ғарыш,ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Түзету-білімділік: Балаларға  ғарыш, ғарыштық ұшулар, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы  түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып, балалардың ғарыш әлеміне  қызығушылығын арттыру;

Түзету-дамытушылық:Балалардың байланыстырып сөйлеуін, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру, түзету тапсырмалар арқылы дыбысты айту, ұсақ саусақ моторика қабілеттерін дамыту, ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру. ИКТ технологиясы арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

Түзету-тәрбиелік: Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ғажайып сәт, әңгімелесу.

Көрнекі–құралдар:қағаздан жасалған ракета, робот суреті, планеталар, күн, ай, жұлдыздар, ғаршкерлер суреті.

Алдын–ала жүргізілетін жұмыс: Ғарыш, ғарышкер туралы оқу-қызметін ұйымдастыру, тақпақтар жаттау.

Қостілділік компонент:ұшақ-самолет, зымыран-ракета, тікұшақ-вертолет, ғарыш-планета, ғарышкер-космонавт, жұлдыз-звезда, ай-луна.

Мотивациялық-қозғаушылық:

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге көптеген қонақтар келіпті қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Армысың, алтын күн!

Армысың, ашық аспан!

Сәлем баршаға,

Сәлем досыма!

Саусақ жаттығуы.

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос (қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз (екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір , екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық. (қолды төмен түсіреміз, демалтамыз)

Ұйымдастырушылық-түзетушілік.

Тәрбиеші: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Тәрбиеші: -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, қар ериді, ағаштар бүршік атады.

Тәрбиеші: -Балалар көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр.

-Кәне, бірге қайталайықшы.

-Бұл сәуір айында  үлкен мереке бар. Ол Ғарышкерлер күні.
Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде көптеген ғалам бар. Ал, біздер жер бетінде өмір сүреміз.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! (Теледидар арқылы суреттер көрсетіледі)

-  Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

Қостілділік компонент: Ұшақ-самолет, зымыран-ракета, тікұшақ-вертолет.

-  Ғарышқа тұңғыш ұшқан ағаларымыз Юрий Гагарин, Тоқтар Әубакіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айынбетов. Ғарышқа зымыранмен ұшқан бұл кісілер біздің мақтанышымыз.
Логопед: -Балалар, бүгін  бізде қызықты оқу қызметі болады. Біз бүгін ғарыш әлеміне саяхат жасаймыз. Алдымен саяхатқа шықпас бұрын біз өз-өзімізді ретке келтіріп алайық.  Біз жуынайық («Тәтті тосап»), шашымызды тарайық («Тарақ»), шай ішейік («Кесе»), тілімізге жаттығу жасайық («Сағат») (Артикуляциялық жаттығулар айнамен орындалады)

-Жарайсыңдар , балалар!

Логопед: - Балалар, сендер ғарышқа ұшқыларың келеді ме? Ендеше мына зымыранға отырайық. Кәне ұшуға дайындаламыз,  3.2.1. ал ұшып барамыз, барамыз.

Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрнымызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді ұшамыз. (теледидардан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)

-Ал міне керекті жерімізге де жеттік. Қараңдаршы қандай көп жұлдыздар, планеталар.

-Иә, балалар бұл роботтар ғаламшарлары екен.

 (Жоғарыға  аспан әлеміндегі  планета, робот суреттері теледидардан көрсетіледі)

Робот : Сәлеметсіңдер ме! Сендер қай ғаламнан келдіңдер? Мен осы ғаламда өмір сүремін. Маған  тамақ, су, ештеңе керек емес. Мен осы жерде жұмыс істеймін.

Балалар:- Салеметсізбе, робот аға! Біз жер ғаламшарынан келдік.

Тәрбиеші: -Балалар, біз осы ғаламшарға жеткенше шаршап калдық ия! Енді бәріміз роботпен бірге  сергіп алайық.

Сергіту жаттығуы.

Теледидардан видеоролик арқылы жасалынады.

Логопед: - Балалар, робот өзіне берілген  тапсырмаларды орындай алмай, басқа ғаламшарға ұша алмай отыр екен. Оған тапсырманы орындауға көмектесеміз бе?

Балалар: -Ия, көмексетеміз!

Логопед: -1-ші тапсырмасы «Буынұйқас жаттығуы»

  • Кәнеки, балалар, бәріміз бірге қайталаймыз!

Ға-ға-ға-ғалам

Ыз-ыз-ыз-жұлдыз

Кер-кер-кер-ғарышкер

Ро-ро-ро-робот

Логопед: -Жарайсыңдар, балалар!Енді келесі 2-ші тапсырма ғарышкерлер   туралы қандай тақпақ  білесіңдер?

Балалар:

1-бала.

Аспан, аспан, арайлым,

Сағанжиіқараймын.

Сенікөзбеншаламын,

Мен ғарышкерболамын!

2-бала

Космонавт

Он-пример для всех ребят

Его зовут героем.

Гордо носит космонавт

Звание такое.

Чтобы косманавтом стать,

Надо потрудиться:

День с зарядки начинать,

Хорошо учиться.

Логопед: -Жарайсыңдар, балалар! Тақпақты жақсы  біледі екенсіңдер. Енді келесі 3-ші тапсырма

Ойын:  «Зымыран-Ұшақ»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау, зейіндерін дамыту.

Зымыран- қолымызды жоғару көтеріп, ш-ш-ш-ш-ш-ш дыбысын дыбыстаймыз;

Ұшақ- қолымызды созамыз, с-с-с-с-с дыбысын дыбыстаймыз.

Логопед:- Жарайсыңдар, балалар! – Робот өзіне зымыран құрай алмай отыр екен, оған зымыран құрап береміз бе?

Балалар:- Ия, құрап береміз!

«Зымыран» атты ұсақ саусақ моториканы дамытуға арналған ойын.

Мақсаты:  Ұсақ саусақ моториканы, ойлау қабілеттерін дамыту.

(Зымыранды таяқшалар арқылы құрастыруды ұсыну).

-Жарайсыңдар, балалар! Балалар, сендер роботқа барлық тапсырмаларын орындап бердіңдер! Ол біз құрап берген зымыранмен басқа ғаламшарға ұшып кетті.

-Ол сендерге алғысын айтып, тапсырмаларды орындап бергендеріңе сыйлық берді. Оны тәрбиешілеріне табыс етемін, топқа барғанда сыйлықтарыңды аласыңдар.

Тәрбиеші: - Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз болды. Осында көргенімізді жердегі достарымызға, апайларымызға айтып берейік. Қане ұшуға дайындалалайық. 3,2,1. Ұштық.

Рефлексиялық-түзетушілік:

Тәрбиеші:-Балалар, бүгін уақытымызды сондай көңілді өткіздік!

-Біз бүгін қайда бардық?

- Ғарышкерлер  қайда  ұшады екен?

-Кімге көмектестік?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма? 

Олай болса біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-қызметіміз аяқталды. (Робот берген сыйлықтар таратылып беріледі)


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз