Эссе және өлең-жыр байқауы

Қарттарым – асыл қазынам

Тақырыбы: Қарттарым – асыл қазынам

Мұғалімі: Достаева Ж.Г

Күні: 01.10.2019ж

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты әжелер мен асқар таудай аталар!

1- қазан қарттар күні мерекесі келіп жетті. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Жүргізуші:  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар бөліміне құлақ түрелік.

 

1-оқушы. ТОТЫ

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып немереңіз.

2-оқушы. НҰРБЕК

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз

3-оқушы. БЕКЖАН

Әжем өрнек тереді,

Сырмақ отыр оюлап.

Басы ауыра береді,

Ша ішпесе, қоюлап.

4-оқушы:  ҚАНАПИЯ ӘДІЛЕТ

Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

5-оқушы. АДИА

Ата отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

 Әулиедей аялап,

 Ардақтаймыз бәріміз!
 

6-оқушы.АРУНА

 Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді!
7-оқушы. ЖАНӘДІЛ

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

8-оқушы.АРСЫЛАН

Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

9-оқушы. НҰРСАЯ

Әжем менің, ақ әжем

 Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.
10-оқушы.СЕРІЖАН

 Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

11-оқушы. ПАРАСАТ

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

12-оқушы.АРСЕН

 Әжемді жақсы көремін,

Өлең атып беремін.

Үлкен болып өскенде,

Бәрін алып беремін.

13-оқушы. ГАУҺАР

Мені ертіп жетектеп,

Осы күнге жеткізген.

Бізді бағып өсірген,

Аман болсын жан әжем.

14-оқушы ТЕМІРЛАН

Атам мені үнемі,

Құлыным деп жүреді.

Әжем маған сенеді,

Ертегі атып береді.

 

Жүгізуші: Көрініс «Қарт пен немере»  

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немересі болыпты.. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі: Әке мен шеше: ЕРКЕБҰЛАН, ИНАБАТ
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.
  БАЛАСЫ: БЕКЗАТ

 «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.

 

 Балалардың орындауында хор  Сағындым, әже сағындым

 

Көрініс Ата мен немере. Ата рөлі: ҚАУЫПБАЙ ӘДІЛЕТ, Баласы ПАРАСАТ

Бір күні атасы мен немересі жол бойында келе жатса, жерде тағаны көреді.

Атасы немересіне:

  • Балам, ана көріп тұрған тағаны алшы?

Немересі:

  • Ата ол сынған тағаны не істесің, керегі жоқ

Атасы өзі еңкеіп,көтеріп алып, ауыл шетіндегі шебершіге тапсырып ақшасын алады да, бір қалта шие сатып алады.

Атасы қалтадағы шиені бірте бірте жер түсіріп келе жатады. Артына қарасы немересі әр шиеге еңкеіп теріп келе жатыр екен. Сонда атасы была деді:

балам, бір тағаны еңкеіп алуға ерініп, енді сол тағаға сатып алған шиеге 12 рет еңкейдің. Есіңде болсын аз жұмысқа қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаласың.

 

Ойын: Мақалды жалғастыр

Ел боламын десең бесігіңді түзе.

Бала тілі бал.

Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.

Бірлік болмай,тірлік болмайды.

 Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

Не ексең соны орасың.
Батыр туса ел ырысы

Жаңбыр жауса жер ырысы

Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда қарызыңды өтей алмайсың.

Балалы үйде өтірік жатпайды.

Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол

Айтылған сөз атылған оқпен тең.

Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.

Жігітке жеті өнерде аз болады.

 Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.
 

Ойын: Аялы алақан

Ойынның шарты:

Ортаға бір ата немесе әже шығады. Ол топ арасында балалардың алақанын ұстап, өзінің немересін табуы қажет

Ата-әжелеріміздің ақыл - өсиеттерін тыңдайық

 

Жүргізуші. Жаңбырмен жер көгереді, 
Батамен ер көгереді,- дегендей үлкендерден бата сұраймыз

Жүргізуші. Құрметті ата-әжелер сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Әрқашан жандарыңызда сіздерді құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...