«Жүргізуші-2019» байқауының
СЦЕНАРИЙІ
Өтетін орны: Достық үйі
Өтетін күні, уақыты: 24.09.2019 ж сағат 15.00
Жүргізушілер:
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты екібастұздықтар! «Үздік жүргізуші – 2019» байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бүгінгі байқау – нағыз қайнаған қуаттың көзі, бойға күш берген шуақтың өзі! Бүгінгі байқау – келешекке керілген шығармашылықтың желкені, жалынды жастардың мекені! Жас таланттардың басын қосқан өнер алаңы! Оларды алда байрақты бәсеке күтіп тұр. Әр өнерпаз кеудесінде намыс туы желбірей берсін!
Жүргізуші: Олай болса сіздердің құрмет қошеметтеріңізбен қатысушыларды сахна төріне шақырайық.
Қатысушылармен таныстыру
Жүргізуші: Байқау үміткерлерімен таныс болдыңыздар, енді бүгінгі байқаудың әділ бағасын берер аса қадірменді қазылар алқасын таныстырып өтейін:
Жүргізуші: Бүгінгі сайыс 4 бөлімнен тұрады. Қатысушылар осы аталған бөлімдер бойынша сынға түседі:
1-бөлім: «Сәлем сөздің анасы», таныстыру бөлімі;
2-бөлім: «Көркем сөз шебері», көркем шығармадан, драмадан үзінді немесе кез келген танымал ақынның өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу;
3-бөлім: «Сөз мәнері» (қатысушыларға түрлі сценарий нұсқалары беріледі: салтанатты шара, корпоративтік шара, шоу-бағдарлама және т.б. мәнерлеп оқып беру ).
4-бөлім: «Импровизация» (аудиториямен жұмыс, кез- келген оқиғадан шыға білу)
Жүргізуші: Ал қазылар алқасы үміткерлерді төмендегі критерийлер бойынша бағалайды.
- жүргізушінің шеберлігі
дауыс ырғағы;
киім үлгісі;
орындау шеберлігі
сахна мәдениеті;
Жүргізуші: Сайсымызды бастамас бұрын сөз кезегін Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Жұмабекова Шынар Болатқызына береміз.
Жүргізуші: Бүгінгі байқаудың мақсаты: Көркем сөз шеберлерінің өнерін дамыту, әртүрлі жанрдағы мәдени шара жүргізушілерін анықтау, жарыққа шығару, шығармашылық орта қалыптастыру, тәжірибе алмасу. Олай болса сайыскерлерге бірінші бөлімді бастауға рұқсат, яғни өздерін таныстыру бөлімі.
Қатысушылар рет – ретімен өздерін таныстырады.
1 Жүргізуші: Жүргізушіге түрлі мәдени шараларды жүргізу үшін дауыс ырғағының, мәнерінің, көркемдік бояуының қанық болуы маңызды. Олай болса екінші кезеңге көшейік. Қазір қатысушыларымыз дайындап келген көркем шығармаларын оқитын болады.
Қатысушылар рет – ретімен көркемсөз оқиды.
2 Жүргізуші: Сайыстың ІІІ бөлімі өте қызықты болады деп ойлаймыз. Себебі қатысушылардың жүргізушілік қабілетін осы бөлім аша түсетіндей. Сайыскерлерге түрлі сценарий үлгілері, яғни дайын мәтіндер таратылады. Қатысушы өз тарапынан мәтінді қандай мәдени шараға арнап жазылғанын көрсетіп, соған орай нақышын келтіріп оқуы керек.
(Осы кезде қатысушылар қазылар алқасының үстелінен билеттік жүйе арқылы мәтін таңдап алуы керек. Сәл үзіліс жасалуы тиіс. Дайынмын деген қатысушы шығып оқи беруге болады)
Қатысушылар рет – ретімен берілген мәтінді оқып шығады.
Жүргізуші: Сайыскерлерімізді келесі бөлімге дайындалу үшін сахна сыртына шығарып саламыз.
Жүргізуші: Осы жерде бастау үшін жарысты,
Талай талант танысты да, табысты.
Аламанда айбыны үшін еліңнің
Жібермеңдер, қолда ұстап намысты!
Жүргізуші: Қымбатты, көрермен біз сайысымызды жалғастырамыз. Келесі бөлім «Импровизация».
Жүргізуші: Шынымен, мәдени шара барысында түрлі жағдайлар болады. Мәселен, жарық сөніп қалады, музыка ойнамай қалады. Осындай жағдайда жүргізушілер тығырықтан қалай шығады сынап көрейік.
Жүргізуші: Сайысты бастайтын Базилова Дильназ
Қатысушылар рет – ретімен аудиториямен жұмыс жасайды.
Жүргізуші: Байқауға қатысушылар барлық сыннан өтті. Кім жүйрік? Бұл жарыста кім озып шықты. Ол қазылар алқасына аян.
2 Жүргізуші: Қазылар алқасы өз қорытындысын шығарғанша, назарларыңызға шағын концерттік бағдарлама ұсынамыз.
КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА
Жүргізуші: Сайыскерлерді сахна төріне қошеметтеп шақырайық.
Жүргізуші: Сөз қазылар алқасына беріледі
ҚҰТТЫҚТАУ. МАРАПАТТАУ
Жүргізуші: Осымен, байқау өз мәресіне жетті. Барша қатысушыларымызға алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші: Ел болашағын дамытар, халқының қамын жейтін еңбекқор, білімді, өресі биік өрендеріміз көп болсын! Келесі кездескенше, күн жақсы болсын!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі