Алматы қаласы Алатау ауданы МКҚК «№168 бөбекжай-балабақшасы»
Кіші «Нұрбөпе» тобы
Тәрбиеші: Асқанбаева Меңді Райымкулқызы
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру, жасыл шыршамен таныстыру, жаңа ән айтқызу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.
Зал әсем Жаңа жылдық шыршамен, ойыншықтармен безендірілген. Әуен ойналып, балаларды карсы аламыз.
Жүргізуші:
Құтты болсын, Жаңа Жыл барша халық!
Қуанышпен шаттыққа тамсанайық.
Бәрімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық! Балалар, бүгін біз Жаңа Жыл мерекесін қарсы алуға жиналдық. Қош келдіңіздер! Армысыздар қонақтар!Жаңа Жыл мерекесі баршамызға құтты болсын! Балалар, бүгін қандай әдемі болып отырсыңдар, жарайсыңдар! Мұнда барлығы керемет, безендірілген әдемі зал, қонақтар барлығы бар екен. Тағы не көріп тұрмыз? Біздің ортамызда не тұр, айтыңдаршы?
Балалар: Шырша
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Дұрыс айтасыңдар. Бірақ балалар, қараңдаршы біздің шыршамыз көңілсіз сияқты. Неге? Өйткені шамдары жанбай қалыпты.
Ғажайып сәт: Аю кіреді.
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендердің мерекелерінді тамашалауға келіп қалдым.
Жүргізуші: Рахмет Аю. Қош келдіңіз! Бізге көмек керек болып тұр. Шыршамыздың шамдары жанбай көңілсіз күйде тұр. Барлығымыз бірге шыршамыздың шамын жағып көрейік:
Жасыл шырша таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (2 рет қайталау) Шырша жанбайды.
Қане, ендеше барлығымыз шыршамызға арнап әдемі ән айтып берейік. Сонда көңілденіп шамдары жарқырайтын болар.
Ән: «Жасыл шырша жанында!» (Әннен кейін шыршаның шамы жағылады).
Жүргізуші: Қандай керемет, балалар қараңдаршы, шыршамыздың шамдары жанып, жарқырай түсті. Біз де қуанып қалдық. Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма?- демекші, барлығымыз көңілді ойын ойнайық.
Ойын: «Шырша».
Шарты: Музыка әуенімен барлық бала ортада билеп жүреді. Музыка тоқтағанда тәрбиеші бір баланы шыршанын астына жасырып қояды. Кімнің жасырынып қалғанын балалар табуы керек.
Қоян кіреді: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін барлықтарың әдемі болып келіпсіңдер. Жарайсыңдар! Мен сендердің көңіл-күйлеріңді көтерейін деп келдім. Билегенді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иәә. Ендеше барлығымыз тұрып билейік.
Би: «Шыршалар биі»
Балалардың тақпағы:
Арон:
Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жаңа жылда Жаңа жыр,
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!
Димаш:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса!
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса!
Жүргізуші: Жарайсыңдар, біздің балаларымыз ақылды, өнерлі екен. Енді біз қонақтарымызбен де ойын ойнасақ дейміз. (2 ата-ана шығады)
Ата-анамен ойын: «Лента бойымен жүріп өту».
Шарты: Орындық бойымен созылып жатқан лента үстімен бір көріп жүріп өту керек. Екіншісінде көзін байлап өзі жүріп өтуі тиіс.
Балалармен ойын: «Қар жинау».
Шарты: Балалар қар жинап жарысады.
Түлкі кіреді.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін барлықтарың әдемі болып келіпсіңдер. Жарайсыңдар!Менсіз мерекені қалай қарсы алып жатырсыңдар? Мен сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтайын деп келдім. Мереке баршамызға құтты болсын!
Жүргізуші: Рахмет Түлкі.
Ата-анамен ойын: «Аққала жасау»
Шарты екі топқа бөлініп, аққала жасап жарысады. Қай топтың аққаласы әдемі шықса, сол топ жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: балалар, біздің мерекеміздің басты қонағы Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр дейді. Көргілерің келе ме? Олай болса, Аяз атамыз бен Ақшақарды ортаға шақырайық.
Барлығымыз бірге:
Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерді көргеніме қуанып тұрмын, сағынып қалыппын. Мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші: Иә Аяз ата, сізді көргенімізге біз де қуанып тұрмыз.
Дөңгеленіп тұрайық.
Ойын-сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық- деп, Аяз ата мен Ақшақарға әнімізді айтып берейік.
Ән: «Ақшақар»
Осымен Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі