Өлең, жыр, ақындар

«Менің арманым – менің болашағым!»

Сабақтың тақырыбы: «Менің арманым – менің болашағым!»

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Сабақтың түрі: пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді  тақта
Балалардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. 
Пікірталас сұрақтары: 
1. Оқушының болашақ мамандық тандауға деген қарым-қатынасына талдау жасау. 
2. Мамандық таңдаудағы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеті. 
3. Мамандық тандаудағы жанұяның әсері. 

Құрметті оқушылар!   Бүгінгі сабағымыз байқағандарыңыздай мамандық таңдау тақырыбына арналмақ. Сол үшін  сіздермен пікір алмасып, жол көрсету мақсатында осы мектептің түлектері, қазіргі кезде болашақ  мына  мамандықтар бойынша білім алып жүрген 

Ерғали Руслан Мұратбекұлы

Мырзағали Ержан Арманұлы

Орашева Мариям Қайнарқызы

11-сынып оқушысы Сапрова Назым Бекболқызы

және мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда өзі білім алған мектепте математика пәнінің қызметін   атқарып жүрген Майданова Меруерт Ержанқызы мен мектеп психологі Латипова Толқын Гафуровна.

         Біріншіден алтындай уақыттарыныңызды бөліп келгендеріңізге алғыс білдіреміз.

Сіздерге деген оқушылар тарапынан қойылатын сұрақтар жетерлік.  Сондықтан пікірталасымыздың барынша ашық өтуіне ат салысуларыңызды сұраймын.

           Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
                 Ісім оңсын десеңіз,
                 Сол істің маманы болыңыз.
                Даңқым шықсын десеңіз,
                Көпшіліктің адамы болыңыз.

                Ойланайық, пікірлесейік
Мұғалім: Айтыңдаршы, мамандық дегеніміз не? 
 Оқушыдардың жауаптары: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейімдігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық дегеніміз не?

( слайдқа шығару)
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі.
«Мамандық» - Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.

Сұрақ-1: менің сұрағым Назым Бекболқызына: Неліктен сіз  журналистика саласын таңдап отырсыз және сол таңдап отырған мамандығыңызға қандай дайындығыңыз бар?

Сұрақ-2:  Сұрағым Руслан Мұратбекұлына: Сіз бұл мамандыққа түсу үшін қандай пәнді таңдадыңыз? Әскери адам болу үшін біліммен қатар спорт жағына да мықты болу керек екенін білеміз. Дегенмен қайсысы маңыздырақ?

Сұрақ-3:  Сұрағым барлық қонақтарға ортақ: Мамандық таңдаған уақытта ата-ана пікірін ескердіңіз бе, әлде өз қалауыңызбен бардыңыз ба?

Сұрақ-4: Сауалым Мариямға: Не себептен бұл оқу орнын таңдадыңыз? Осы білім алып жатқан  білім ошағында «Болашақ»  бағдарламасына қол жеткізу мүмкіншіліктері бар ма?

Сұрақ-5:Сұрағым Ержан Арманұлына: Дәрігер мамандығы өте қиын салалардың бірі.  Мен де болашақта сіз сияқты өмірімді осы саламен байланыстырсам ба деген арманым бар. Жалпы осы бағытта қандай кеңес бере аласыз? Оқу қиын ба?

Сұрақ-6: Қазіргі кезде талапкерлер ұстаздық жолды таңдай бермейді.

  1. Неліктен деп ойлайсыз?
  2. Бұл мамандыққа қалай келдіңіз?Ұстаз болған сізге ұнай ма?

Сұрақ-7: Толқын Гафуровна:

  1. Сіздің  қызмет жасап жүрген салаңыз мені де қатты қызықтырады. Дәрігер науқастың дертін емдесе, сіздер жан-дүниесін емдеп жазасыздар. Сіздің ойыңызша қазіргі қоғамда психологтің рөлі қандай?
  2. Мамандық таңдауда әр адам неге сүйену керек деп ойлайсыз?  

 Сұрақ-8: Қазіргі кезде мен мамандық таңдауға қиналып жүрмін.  Сұранысын жоймаған кай мамандықтарға баруға кеңес берер едіңіздер?

 Сұрақ-9: Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме? Қалай ойлайсыздар?

 

Ең үлкен сұранысқа ие мамандықтар көшін «юриспруденция», «дизайн», «дене шынықтыру және спорт», «жалпы медицина», «қаржы» салалары бастап тұр.

Ал талапкерлер ең аз таңдайтын мамандықтар тізбегінде «композиция», «музыка тану», «мүсін өнері», «түркітану» және «баспа ісі» бар.

Сонымен қатар, Білім министрлігі еліміздегі орташа оқу ақысын да жария етті. Ұлттық университеттердегі оқу бағасы басқаларға қарағанда екі есеге қымбат.

«Ұлттық университеттерде оқитын бір студентке жұмсалатын жылдық орташа сома 635 мың теңге, ал өзгелерінде 350 мың теңге» делінген хабарламада.

Министрлік таратқан мәліметте техникалық салада мамандардың жетіспейтіні айтылған. Сондай-ақ, өнімді өңдеу саласында шеберлердің жеткіліксіз екені анықталды. Сол себепті, аталған мамандықтарды 40 пайыздан артық мемлекеттік грант бөлінуде.

Транспортты (31 мың) және энергетикалық инфрақұрылымда (8 мың), тау-металлургиялық кешенде (23,4 мың), мұнай-газ секторында (17,8 мың), туристік индустрияда (6,9 мың) және машина жасауда (6,5 мың) мамандар қажеттілігі байқалады.

Қазақстандық нарықта механик, слесарь, дәнекерлеуші, жүк және арнайы транспорт жүргізушісі, құрылғылар операторы, электр монтаждаушы сынды мамандық иелері жетіспейді.

Сондай-ақ, ІТ мамандары, сервис пен нано және биотехнологияны игерген кадрлар қазіргі нарыққа аса қажет.

 

Мынандай  мәлімет беріп кеткенді  жөн санап отырмын. Мамандық таңдау төмендегі пәнаралық  байланыстар арқылы жүзеге асады:

Таңдау пәндері

Мамандықтар  саны

 1

Математика + физика

52

 2

Математика + география

16

 3

Тарих + география

8

 4

Биология + химия

22

 5

Биология + география

13

 6

Тарих + ағылшын

15

 7

Қазақ әдебиеті  + тарих

7

 8

География + ағылшын

4

 9

Химия + физика

5

 10

Шығармашылық

33

 

Барлығы

175

 

     Осымен оқушылар көкейлеріңізде жүрген сұрақтарға жауап ала алсаңыздар, Толқын Гафуровнаның  мамандыққа байланысты  алынған сауалнаманың қорытындысын тыңдайық.

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
          «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық.

Мамандық таңдаудың мынадай ережелерін есте сақтаған жөн: 
• Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршлік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет; 
• Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі); 
• Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс; 
• Таңдаған мамандықты зерттеу; 
• Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру; 
         Қандай мамандық иесі болсаңыздар да, мейлі сіз болашақта бастық боласыз ба, мейлі сіз қарапайым жүргізуші боласыз ба, тек бір нәрсені естен шығармасаңыздар екен бірінші кезекте адам екеніңізді. 

Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
 


Пікірлер (2)

Алия

Өте жақсы, тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз