Өлеңдер Бөлімі

"Адасқан құмырсқа" ертегісін сахналау

 «Жұлдызша» ересек тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Уақыты: 05.12.2019 жыл
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Драма»
Тақырыбы: «Адасқан құмырсқа» ертегісін сахналау
Мақсаты: 
Білімділік: Достық қарым – қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру. 
Дамытушылық: Тіл байлықтарын жетілдіру, сөйлеу барысында сұрақ қойып, оған дұрыс жауап беруге жаттықтыру. 
Тәрбиелік: Қамқорлыққа, мейірімділікке, достыққа, сахна мәдениетіне тәрбиелеу. Балалардың бойына эстетикалық талғам қалыптастыру. 
Көрнекіліктер: Ертегі мазмұнын сахналау, слайд. 
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ғажайып сәт
Билингвальды компоненттер: Құмырсқа-муравей-unt;
Ара – пчела – bee.
Көбелек-бабочка- Butterfly;

Мотивациялық қозғаушылық    Қонақтармен сәлемдесу.
Тақтаға жүрек, оң қол, екі қолдың суреттері ілініп тұрады. Әр бала кірген сайын өзіне тандаған сурет арқылы амандасады.
Жүрек – құшақтасып,
Оң қол – шапалақтап,
Екі қол – қос шапалақтап амандасады.    

Өздеріне ұнаған суретті таңдап, тәрбиешімен амандасады
Ұйымдастыру ізденушілік  

 Ғажайып сәт.
Есік тарсылы естіліп, ішке почташы кіреді.
-    Сәлеметсізбе! «Нұрсәуле» балабақшасыма?
 -Сәлеметсізбе, ия.
-Мына парақшаға қол қоюынызды сұраймын!Рахмет. Сау болыңыздар!
 Балалар, бізге біреу сәлемдеме беріп жіберген сияқты, қане ашып қарайықшы!
Мұнда хат бар екен.
Қәне оқимыз!
«Құрметті бүлдіршіндер! Сендерде бүгін ерекше күн екенін мен сиқырлы айнамнан көрдім. Сендер ертегіні жақсы көреді екенсіңдер! Сондықтан сендерге арнайы сыйлыққа театрға билет және өзімнің «Алтын сандығымды» беріп жібердім. Сендер театр әлемімен танысып, ертегі көргеннен кейін, «Алтын сандық» ашылатын болады. Сәлеммен: Ертегі Ханшайымы!»
Тәрбиеші: -Алақай, керемет болды ғой! Рақмет сізге, Ертегі Ханшайымы!
Мінекей балалар театрға билет қолымызда, барамыз ба?
-Театрға бармас бұрын, театр туралы әңгімелесеміз.
-Біз тұратын қала – «Семей» деп аталады. Біздің қалада демалатын мәдениет орындары, театрлар бар
Сонын бірі де ,бірегейі  Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры - бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы. 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен "Ойқұдық" жайлауында қойылған "Еңлік-Кебек" пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Осы Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егеменді елдің өркендеген өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесінде елеулі рөл атқаруда.
Ал енді театр тәртібін айтып өтейін:
-Театрға кіргенімізде театр қызметкерлерімен амандасамыз.
-Театр дегеніміз – ойын-сауық түрлері көрсетілетін орын.Театр өнеге көзі, тәрбие ошағы. Театр нағыз өнердің ордасы.Ал, мұндай киелі де рухани ордада мәдениет сақтамау әбестік.
Театр мәдениетінің ережесі:
1.Қойылымға уақытынан бұрын кешікпей келу керек.
2.Өзіңді өзің жөнге келтіріп келу керек.
3.Билетте көрсетілген орында отыру керек.
4.Қойылым кезінде тыныштық сақтап,қошемет көрсетіп отыруымыз керек.
Әртістің қуанышы – халқының қошеметіне бөлену.
Ал балалар театрға баруға дайынбыз ба?
Екі-екіден қолдарыннан ұстап, өздеріңді ретке келтіріп алыңдар.
(автобусқа отырады, театрға барар жолда Семей қаласының мәдени орындарымен таныстырады)
-Ендеше балалар билетті қолымызға алып тексерушіге береміз.
(театрға келеді, билетті тексертеді)
Сахна. Қазақ сахнаны киелі санайды. Көрерменге ой салар жері осы.(Сахнаның безендірілуі қойылымға байланысты безендіріледі.) Сахнада арнайы шымылдығы болады.Сахналық шымылдықтың арғы жағында әртістер дайындық жасайды. Онда кез-келген адам өнер көрсете алмайды.Сахналық қаhарманның мінезін жасайтын адамды –әртіс деп атаймыз.Кез-келген ортаның өз бағынатын заңы немесе мәдениеті болады.
-Құрметті көрермендер! Театрға қош келдіңіздер! Бүгін сіздер сахнадан «Адасқан құмырсқа» ертегісін көріп, тамашалайсыздар!
(Сиқырлы әуен) Сахнадан көңілді әуен естіліп тұрады.
Ертеде бір құмырсқаның илеуі болыпты. Сол жерде құмырсқалар тынымсыз еңбек етіпті. Олар бір-біріне дос, бауыр екен. Достықтары сонша, араларынан қыл өтпейтін тату екен. Соның ішінде біреуі кінәмшіл, өзімшіл болыпты. Өз айтқанынан қайтпайтын, бірбеткей, кекшіл болыпты.
(сахнада көңілді әуен басталады да, көбелек ұшып кіреді, олардан соң бірінің артынан бірі дән көтеріп, құмырсқалар келеді)
Алижан: Ой достар! Қалған дәндерді тасып алсақ, біз қыстан аман шығамыз.
Ақтілек: Иә, барлығы да еңбектің арқасы.
Әлішер: Достарым сендер білесіңдер, сендерді қалай жақсы көретінімді.
Алижан,Ақтілек, Әлішер: «Бәріміз біріміз үшін, достығымыз ажырамас үшін».
(Бір бірінің қолының үстіне қолын қояды)
Автор: Иықтарына бидай сабағын салған үш құмырсқа келе жатады. Кенет жерге отыра қалып:
Әлішер: Аяғым, аяғым деп жылаған үшінші құмырсқаның дауысы шығады. Барлығы бидай сабағын жерге қояды.
Алижан: Саған не болды, айтшы?
Әлішер:«Аяғым – ай, аяғым» деп жылай береді.
Ақтілек: Жылама саған не болды?
Әлішер: Сенің көзің жоқ па? Аяғымды басып – мыжып кеттіңғой!
Ақтілек: Мен... мен байқамай қалдым!
Алижан: Қане аяғыңды басып көрші. Ештеңе етпейді. Ол әдейі басқан жоқ қой.
Әлішер:Жоқ-жоқ мен сендермен дос болмаймын. Ол аяғымды әдейі басты!
Ақтілек:Олай деме достым. Әлі ақ жазылып кетесің. Сенікі дұрыс емес, өзің кешірім сұра!
Әлішер: Ә, сендер бірігіп алып, мені кінәлап отырсыңдар ма? Олай болса мені жақсылап тыңдап алыңдар, Мен сендермен дос болмаймын! Кетемін. Енді сендерге қайтып келмеймін. (кетіп қалады)
Алижан:Енді не істейміз ол қайтып келмейді. (жылайды)
Ақтілек: Жылама, дос керек болса, өзі-ақ кінәсін түсініп келер (бір біріне қарап) Амал қанша.
Бидай сабағын көтеріп, сахнадан шығып кетеді.
Әлішер: (көңілсіз әуен ойналады,басы салдырып, құмырсқа кіреді) –Енді не істеймін? Кіммен дос боламын? Тастың үстіне отыра кетеді. 
«Танец бабочек» әуеніне
Көбелек ұшып, билеп келеді.
Айлин: Сен неге көңілсізсің? Сенің достарың қайда?
Әлішер: Мен достарыма өкпелеп кетіп қалдым.Олармен енді дос болмаймын.Сен менімен дос болшы.
Айлин: Жарайды дос болайық!
«Танец пчелка» әуені
Гүлдерге қонып, бал жинап жүрген араны көріп:
Әлішер: Ара, менімен дос болшы, мен жалғыз қалдым.
Сұлтан: Иә, мен дос боламын, енді жалғыз емессің.
Әлішер: Алақай! Мен достар таптым, достар таптым! (үшеуі қолдарын ұстасып айналады)
Сұлтан: Құмырсқа, мен енді гүлдерден шырын жинайын.
Айлин: Мен де өз жұмыстарыма кетейін.
Әлішер: Мен де, еңбек етейін.
Автор: Құмырсқа келе жатып, бір үлкен дән тауып алады да, көтере алмайды.
Ара досынан көмек сұрайды.
Әлішер: Ара досым мен дәнімді көтере алмай жатырмын, көмектесші.
Сұлтан: Көрмей түрсың ба, мен жұмыс жасап жатырмын ғой.
Автор: Көбелек досына келеді.
Айлин: Менің уақытым жоқ, көмектесе алмаймын.
Автор: Көбелек өз жұмысын жалғастырып, ара гүлдерден шырын жинап, залдан шығып кетеді.Сахнаға құмырсқаның ұялас достары келеді (көңілсіз әуен ойналады).
Әлішер: Ой достарым, -деп мүңаяды.
Алижан: Сен неге көңілсізсің?
Әлішер: Мен сендерден кеткелі ара, көбелекпен дос болдым. Бірақ олар дәнді көтеруге көмектеспеді.
Алижан: Қәне, көрсет.
Ақтілек: Біз көмектесейік.
Әлішер: Рас па, жүріңдер ендеше!
(көңілді әуен ойналады).
Автор: Барлығы 1, 2, 3-деп дәнді көтеріп залдан шығып кетеді де, қайта кіреді.
Әлішер: Достарым, сендер мені кешіріңдерші, менен бір ағаттық кетті. Мен енді қайталамаймын. Мені қайта өздеріне дос етіп алыңдаршы. Жақсы дос болуға уәде етемін.
Ақтілек: «Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді».
Алижан: Жарайды, біз сені өзімізге қайта дос етіп аламыз.
Орындарынан тұрып, қол шапалақтайды.
-Ал, балалар енді екі – екіден қол ұстасып, тобымызға қайтамыз.
(автобусқа отырады)
Сұрақ – жауап:( автобуста келе жатып, балалардан Абай Құнанбаев туралы сұрап, өлеңдерін айтқызады)
Билингвальды компоненттер:
Құмырсқа-муравей-unt;
Ара-пчела-bee;
Көбелек-бабочка- Butterfly

Абай өлеңдерін айтады
Құмырсқа-муравей-unt;
Ара-пчела-bee;
Көбелек-бабочка- Butterfly.
Рефлексивті-қорытындылау    Қорытынды:
Балалар бүгінгі күн ерекше болды, иә?
Театрға барып, ертегі қойылымын тамашаладық. Театрда барлығымыз жақсы отырып, тәртіпті, мәдениетті екенімізді көрсете білдік. 
«Ертегі ханшайымы» беріп жіберген «Алтын сандық» ашылады ма екен, көрейік!
-Ашылды, қандай керемет!
- Еркеназ, ертегіде көргенінді айтып берші!
-Балалар, біз театрдан қандай ертегіні тамашаладық?
-Ертегі не туралы болды?
-Құмырсқа достарына неге өкпеледі?
-Құмырсқа нелермен дос болды?
-Көбелек пен араның іс-әрекеті дұрыс па?
-Құмырсқаға керек кезінде нелер көмектесті?
Достарымызға көмектесіп, қамқор, адал болуды үйрендік.
Достық қиындықта сыналады. Достар әркезде өзара түсінісіп, бір-біріне көмектессе, осындай достықты шынайы, адал достық деп айтамыз.
Мақтау, мадақтау.
Жарайсыңдар, рахмет сендерге! Әрбір күндерің сәтті өтсін!    

Балалар іс – қимылы мен жауабы.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: мәдениет орындарында өздерін ұстай алу, достарына үнемі қолдау жасап, қамқорлық көрсетіп, көмектесуді;
Нені біледі: ертегіні сахналауға, әртістік бейімділікті, театр  өнері туралы мағлұмат алуды, достар қиындықта сыналатынын;
Нені игерді: мәдениетілікті, адамгершілікті, бір-біріне адал, шынайы дос болып, әрқашан көмектесіп, қажет нәрселерімен бөлісетін нағыз достар болуды.
 


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×