Ұйымдастырған тәрбиеші: Шакизадаева Жансулу Аралбайкызы
Тақырыбы: «Өнерлі қыз, өнегелі ана»
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
Ән: Задыгерей Анель «Ақ құсым»
Жүргізуші:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
«Шабандоздар» биін тамашалайық.
Жүргізуші: Құрметті апайлар, аналар, қыз - келіншектер және көрермендер!
Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз Бүгін мерекеге орай балабақшамызда өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың аналарына арналған «Өнерлі қыз, өнегелі Ана» атты сайысқа
қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен Аналар өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
Жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.
«1»отбасы: Үмбетбаева Әйгерім,Жидебай Жансая.
«2»отбасы: Артықбаева Бақытханым,Талғат Ақпейіл.
«3»отбасы: Құрманиязова Гүлназ,Сайлауова Тоғжан.
«4»отбасы: Пусурманова Сая,Қарасай Данажан.
Алдымен сайыскер ару, аналарымыздың ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ - қазы алқасымен таныстырып алайық:
1. Балабақша психологы: Ұ.Б.Шалқарбаева.
2. Балбөбек тобының тәрбиешісі: Д.Р.Шарафиева
Жүргізуші: Енді көрермендерді сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
Сайыс 4 бөлімнен тұрады:
1. «Сәлем – сөздің атасы» яғни өз - өзін таныстыру. (өз тобын таныстыру)
2. «Шебер қолдар» (ата - аналарға үй тапсырмасы сайысы).
3 . Өнер сайысы.(анасы мен қызы өз өнерлерін көрсетеді)
4. Сұрақ-жауап (аналарға ситуациялық сұрақ қою).
Жүргізуші:
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз!
Жүргізуші:Енді ортада Абдуалиева Назеркенің орындауында «Анашым,ана жаным»қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:
«Сәлем – сөздің атасы» - деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз.
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
Тамаша, әділқазылар бағаларын қойып шыққанша, қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
«Неваляшка» биі.
- Тамаша, рахмет балалар, осындай тамаша билеп берген балапандарымызға қошемет көрсетейік.
Жүргізуші: Сайысымыздың 2 – кезеңі «Шебер қолдар» (ата-аналарға үй тапсырмасы сайысы). Аналар жасаған бұйымдарын түсіндіріп өтеді.
Бүлдіршіндеріміздің «Әрқашан күн сөнбесін»әнін тамашалайық.
Жүргізуші: - Аналарымыздың, Әжелеріміздің қолынан келмейтін өнер жоқ.
Олар тігеді, пішеді,астың түрлі-түрлісін жасайды. Топтағы қыздарымыз да аналарына еліктеп түрлі өнерге ыңғайлы.Аналары мен кішкентай ханшайымдары бірге дайындаған үй тапсырмаларына көңіл аударсақ қалай болады екен? Кезекте «Өнер сайысы» Анасы мен қызының өнерін тамашалайық. Тамаша өнерлеріңізге тәнті болдық, енді әділқазылар бағасына назар аударайық.келесі кезеңге дайындалып болғанша ханшайымдардың орындауларында «Өзбек» биін ұсынамыз.
- Рахмет, балалар мынадай әдемі би көріп расында да көңіліміз де бір көтеріліп қалды ау.
Жүргізуші: Жас ару жас ғұмырың талмасын,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қағып сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.
Сайысымыздың соңғы бөліміне келіп жеттік, «Сұрақ-жауап» Аналарымыз бен кішкене ханшайымдарымызды ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Өте тамаша жауаптарынызға рахмет. Әділ қазыларымыздың ұпай сандарына Назар аударайық.
Әділ қазыларымыз ұпай сандарын шығарғанша ортаға «Балдәурен»тобының бишілерін шақырайық.
«Мамина сердца»
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады- дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің аналарына арнаған «Ақ мамам» әнін тыңдауға шақырамын.
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір дем де.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!!!
- Міне, құрметті абзал жанды әжелер, аналар, кішкене ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын!
Осыменен сіздерге арналған мерекелік аяқталды.
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!
Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі