Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
«№7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы» КМҚК
тәрбиеші Асанова Сауле Турсуновна
«Жаңа жылда жасыл шырша жанында» ертеңгілік сценарий
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін!
Бәрімізге мына жыл арайлы,
Құтты болсын ағайын.
Жаңа жылдың тағы да,
Қол соғып қарсы алайық.
Шақырайық ортаға,
Ертеңгілік басталысын,
Балапан тобында!
(Балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Жүргізуші: шырша қандай әдемі, ойыншықтары әсем екен, жаңа жылда балалар кімдер қонаққа келетін еді? (Аяз ата, Ақшақар)
Әрине, дұрыс айтасыңдар, олай болса Аяз атаны шақырайық (хормен).
(Аяз ата таяғын тарсылдатып ортаға келеді)
Аяз ата: Құттықтау сөз.
Балаларым балғыным,
Өмір гүлі шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе арнап,
Бар сыйлығын, жоралған.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұрау демалғым.
Жүргізуші: Аяз ата сізге балалардың арнап айтар әні бар.
Ән: «Жаңа жыл»
Аяз ата: балалар, сендер ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Ойын: «Қар жинау»
Жүргізуші: балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.
Тақпақтар:
Арсен:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Айбибі:
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Көркем:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Мариям:
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Нурия:
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар ілінген.
Жібек:
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Саялы:
Жүзімізден күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Жүргізуші: Аяз ата енді балалардың дос болайық нышандағы би билегілері келіп тұр.
Би: «Татуласайық»
(Би биленіп болғанда ортаға жүгіріп Маша қыз келеді).
Маша: ой, ортада қояндар көп қой. Олар бұнда не істеп жүр?
Жүргізуші: Маша қояндар мерекеде тойлап жүр ғой, олар би билей алады, тамашалағың келеді ме?
Маша: әрине, тамашалаймын, Аяз ата солай ғой?!
Би: «Қояндар» (ұлдар билейді)
Жүргізуші: Маша балалар көп тақпақтар біледі, тыңдай ғой.
Тақпақтар:
Ерасыл:
Аппақ тонға орнап,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Сезім:
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.
Расул:
Қалып едік сағынып,
Жолдарыңа шам іліп.
Аяз ата келе екен,
Бізге кәмпит бере екен.
Жүргізуші: енді қыздардың орындауында ұлпа қарлар биін тамашалай ғой.
Би: «Ақшақарлар» (қыздар билейді)
Маша:балалар сендердің өнерлеріңді тамашаладым, енді сендер менімен сылдырмақ биін билеңдер.
Би: «Сылдырмақ»
Аяз ата: балалар сендердің әндеріңді, тақпақтарыңды, билеріңді тамашаладым. Өздерің өнерлі екенсіңдер. Көңілімді көтердіңдер. Рахмет сендерге. Маша балаларға арнаған сыйлықтар қайда?
Маша: ой мен ұмытып кетіппін ғой, сыйлық арқамдағы рюкзакта салынған, қараңызшы.
(Сыйлықты балаларға көрсетеді)
Аяз ата: ал балалар, сау болыңдар біздің кетуіміз керек, бізді басқада мекендер, сендер сияқты балалар тосып отыр.
(Аяз ата, Маша залдан кетеді)
Жүргізуші: мінекей құрметті қонақтар «Балапан» тобының «Жасыл шырша» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Баршаңызға жаңа жыл тек жақсылығымен келсін! Уақыт бөліп келгендеріңізге, Рақмет.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі