Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шукирбаева Орынша Аскаровна
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5. Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. |
Мектеп: Федоровка қазақ ЖОББМ |
|||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Шукирбаева Орынша Аскаровна |
|||||
Сынып: |
Қатысқан оқушылар саны: 21 |
Қатыспағандар: 0 |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Қазақтың дәстүрлі әндері |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды – экспрессивті сөздерді және мақал – мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу; 7.Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, әңгіме құрастырып жазу; |
|||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Мақал – мәтелдерді қолданып диалогке қатысады, шағын мақала, әңгіме құрап жазады. Көпшілік оқушылар орындай алады: Тұрақты тіркестерді еркін қолданып диалогке қатысады, көркемдегіш құралдарды қолдана отырып шағын мақала, әңгіме құрап жазады. Кейбір оқушылар орындай алады: Көркем бейнелеуіш сөздерді және мақал – мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды; жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазады; |
|||||
Бағалау критерийі |
Диалогке түсе отырып, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды. |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Мақал – мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады. Көркемдегіш құралдарды орынды қолданады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау. Сыныптастарына құрметпен қарайды. Жеке, топта және жұпта жұмыс істей алады. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, әдебиет |
|||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Қазақ музыка өнерінің арналары |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 2 минут
2минут
2минут |
I.Топқа бөлу: «Түрлі – түсті өлең жолдары» әдісі. (Түрлі – түсті қағазға дәстүрлі әннің 3 шумағы жазылады, сол шумақтар арқылы 3 топқа бөлінеді: I топ – Достық, II топ – Сүйіспеншілік III топ - Адамгершілік II. Сабақтың мақсатымен таныстыру. III. Ойтүрткі. 1. Дәстүрлі әндер эстрадалық әннен несімен ерекшеленеді? 2. Дәстүрлі ән орындаушыларынан кімдерді атай аласыңдар? (сұраққа жауап бере отырып, тақырыпты болжайды) |
Топқа бөлу парағы
Интерактивті тақтада шығады.
|
||||
Сабақтың ортасы
7 минут
20 минут
5минут
|
Тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдай отырып, жұпта талқылайды. Мәтін: (тыңдалым) Қазақ халқының рухани жәдігерлерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі әндер. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар екенін айтады. Бұл - қазақ әншілік өнердің сан ғасырлық даму тарихының бар екендігін бірден бір айғағы. Киелі қара домбыра мен қарт қобыз сүйемелдеуімен айтылатын дәстүрлі ән өнері кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ – иірімдерімен ерекшеленеді. Талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен дәстүрлі ән өнерінде әуендік, орындаушылық, құрылымдық өзгешеліктері мен кең тараған мекеніне байланысты шартты түрде бірнеше мектеп қалыптасты. Халықтық ән дәстүрінде орындаушылық ерекшеліктеріне қарай аймақтық мектептерге бөле оқыту тәжірибесі қалыптасқан. Шартты түрде Арқа мектебі, Жетісу мектебі, Батыс Қазақстан мектебі деп бөлінеді. Дескриптор: Зейін қойып тыңдап, мәтін мазмұнын түсінеді. Жұпта диалог құрады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: «Қар көшкіні» әдісі. (айтылым) Әр жұп диалогке түседі. Жұптық жұмыс. Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер сөйлейді» әдісі. Тапсырма: Мақал – мәтелдер мен фразеологизмдерді орынды пайдалана отырып, мәтінді өздерің аяқтаңдар. «Ойтолғау» әдісі. (жазылым) Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Жүрекке түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, - деген Абайдың өлеңі қазақ халқының өнерді жан азығы етіп ардақтаған көңіл – күйін бейнелейді. Қазақтың ақын, жырау, өлеңші, әншілері өлеңдер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып айтады... Дескриптор: Мақалдар мен тұрақты сөз тіркестерін орынды пайдаланады. Мәтінді жүйелі түрде құрастырады. Топтық жұмыс. Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі. Тапсырма: тақырып бойынша дәстүрлі әнші мен тілшінің сұхбатын дайындар. (диалог) «Рөлдік ойындар» әдісі. (айтылым) Дескриптор: Сұрақтар дайындайды. Ауызша жауап береді. Топтық жұмыс. Қалыптастырушы бағалау: «Қол шапалақтау» әдісі. |
massaget.kz/blogs/7621 |
||||
Сабақтың соңы 2 минут
|
Үй тапсырмасы: Көркем бейнелеуіш сөздерді және мақал – мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, «Дәстүрлі ән мектептерінің ерекшеліктері» тақырыбына эссе жазыңдар. Кері байланыс: |
Таратпа
|
||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс - тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі