Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы
КМҚК «Еркетай» бөбекжай-бақшасының
2 санатты музыка жетекшісі
Тышканбаева Жадыра Ануарбековна
Мақсаты: Мектепке дейінгі орта жастағы балаға музыкалық аспаптың түрлері мен олардың топтары жайлы білімдерін тереңдетіп, кеңейту және сақтау қабілеттерін тереңдету.
Міндеті:
1. Балалармен ата-анамен эмоционалды ортасын дамыту.
2. Балалармен ата-анамен қоршаған ортаны эстетикалық қабылдауын қалыптастыру.
3. Музыкалық мәдениетке баулу.
4. Музыка ойнауындағы қажеттіліктерді дамыту.
5. Баламен ата-анамен музыкалық қабілеттерін байыту және талғамдарының қалыптастыруына ықпал жасау
6. Ойлау қызметінің, естудің, қиялдың дамуына ықпал жасау.
7. Қарапайым іс-қимылдар жасау.
8. Ата-анамен қатынасты жақсарту үшін жағдай жасау және ата-анамен сенімді және серіктестік қатынас орнату.
Семинардың сипаттамасы: Сәлеметсіздер ме?, құрметті әріптестермен ата-аналар.
Семинар данышпан, ғалым Әл-Фарабидің сөзімен айтқанда «табиғат дүниесіндегі сұлудың ғажабы, аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулықтары ән-күй аспаптар сазында» депті.
Семинардың тақырыбы: «Шулы оркестр» оның ішінде ұрып-соғу арқылы ойналатын аспаптар. Олар ағаш қасықтар және маракас. Әрбір ұрып ойналатын аспаптардың өзінше ерекшелігі болады. Бұл аспаптардың сыр сипаты мен ерекшелігі олардың тембрлік және динамикалық дыбыстануына қарай айқындалады.
Семинардың қалыптасуы,тәрбиенің рухани-адамгершілігіне ықпал етеді. Өзара іс-қимыл мен әртүрлі субьектілерге қоғам құру,олардың арасындағы әріптестік қатары мен іс шаралары. Ата анамен қатынас орнату саласында «Шулы оркестр» атты тақырыпта ата-аналар, әріптестер мен керемет көңілді, қызықты әрі сергіту ретінде жақсы өтті. Ата-аналардың музыкаға деген қызығушылықтарын сезініп, есту, қағу, ұру және қарапайым би қимылдар арқылы жасап, шулы оркестрді ойдағыдай алып шықты. Жалпы өнер жолына баулудамын.
Менің мақсатым, балаларға әннің құдіреттілігін баланың бойына дарыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сондай-ақ әрбір мерекелер шаралар ән-күйсіз өткен жоқ.
Мектепке дейінгі ұйымдарға инклюзивті білім берудегі психологиялық педагогикалық сүйемелдеу таңдаудағы білім беру бағыты бойынша оқыту курсын аяқтадым. Сондай-ақ аудандық «Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық» атты семинарда ата-аналармен музыкалық «Шулы оркестр» жоғары дәрежеде өткізілді. Ата-аналар өз ризашылығын білдірді. Оның ішінде ұрып соғу арқылы ойналған аспаптар, яғни ағаш қасықпен маракас. Осы өзара іс-қимыл мен әр түрлі субьектілерге қоғам құру, музыкаға деген қызығушылықтарын сезініп, есту, қағу, ұру қимылдарын жасап,балаларымыздың өнерлерін байқап, әнге деген құштарлықтарын арттырып бұдан да жетістіктерге жетіп, биіктен көрінеміз деген сенімдеміз. Келешекте музыкалық аспаптар жасалынып, керемет «Шулы оркестр»жалғасын таба береді демекпін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі