Өлең, жыр, ақындар

Күз мұңды, Көктем шуақты

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы
КМҚК «Еркетай» бөбекжай-бақшасының
2 санатты музыка жетекшісі
Тышканбаева Жадыра Ануарбековна

Тақырыбы: «Күз мұңды, Көктем шуақты»

Мақсаты: Ән айтуға қызығушылықтарын арттыру, суреттер бойынша талқылап, әңгіме құрастырып, жыл мезгілдерін атау.

Әнді үйретуді бастамас бұрын, күз бен көктем елестерді еске түсіріп аламыз. Музыка жайдан ойналып тұрады. Оларды салыстыра отырып, бір-бірінен қандай айырмасы және қандай ұқсастықтары бар екенін анықтап алған жөн.

Күз мұңды болса, Көктем шуақты қуанышты айтылады.

Күздің күнінін суыта түсетінін, күннің мұңсыз, қалтыраған\\түрін көріп балалармен күзде қандай жеміс-өнімдер жинап, оның пайдасы туралы айтса, ал Көктемнің шуағын шашып, ашық, жарық жарқын күнімізді қуана қарсы алып, бір-бірімізге жылы турмен қабылдап, ойнап көңіліміз әрқашан түзу болып, бір-бірімізбен дос болуға, тату –тәтті жүруге, келген мерекелік шараларды әдемі қарсы алып өткізуге әрдайым дайын болуға лайықпыз.

Әнді үйренер кезде ескерсек-әннің сөздері талданып, мазмұны сипаты анықталады. Әннің негізінде суреттер ілініп, көрнекіліктер пайдаланып, музыкадағы Күз бен Көктемнің өмірді бейнелейтінін пысықтау. Ән сабағында музыканың табиғатты бейнелеу мүмкіндіктерін одан сайын тереңдете  түсу бағытын құрайды. Түрлі аспаптармен де жандыруға болады. Дауысты және дауыссыз дыбыстың айтылу ережесін, орфоэпия заңдарын қадағалаймыз. Әнді үйренер кезде балалар оның ырғақ өрнегін аша түсетін бейнелеу интонациясын өздігінен білу қажет. Мысалы, күннің жабырқауы, жапырақтар түсіп, майысқан талдар және  көктемнің шуағын көріп, қуана қарап ары қарай сұрақтар беру арқылы анықтаймыз, яғни әнде нені бейнелейтінін көрсетеміз. Әнді жаттамас бұрын, ұқыпты түрде жаттығу жұмыстарын жасап, әндік дағдыларды пысықтаймыз. Әсіресе тыныс алу және дыбыстау мүшелерін әзірлеу негізінде балалардың дауыс аумағын ұлғайтып, олардың икемділіктерін тәрбиелеуге үнемі көңіл бөліп отыру қажет.

Орындаушылық:фортепианода ойнау, тональдық модуляциялық құрылымдар, әр түрлі транспозициялар, аранжировка т. б.

Қорыта келе, балаларымызды түрлі сипаттағы музыкаға деген ынтаны сүйсіне білуге ықылыастарын тәрбиелеу.

Балаларымыз Көктемнің шуағын құрастыруда.

Балаларымызды музыкаға деген ынтаны, қызыға тыңдай білуге, тыңдалған музыкалық шығармаларды әсерлі қабылдау, оларды есте сақтауларын қадағалау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз