Өлең, жыр, ақындар

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Сабақ тақырыбы: Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Сынып: 6

Күні:

Мектеп: Орал қаласы №43 жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Каспи Болатбек Нұрлыбекұлы

Сабақтың зерттеу сұрағы

Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме?

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ мақсаты

Оқушылар Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсінеді, халықаралық қатынастардың дамуындағы рөліне баға береді.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың  дамуындағы  орнын анықтау

Бағалау критерийлері

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын жіктейді.

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы рөліне баға береді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар мәтінді оқып, талдайды (оқылым дағдысы). Пікір-таласта өз пікірлерін қорғайды (айтылым дағдысы).

Пәндік лексика және терминология:

Жібек, жібек құрты, Ұлы Жібек жолы, Қытай, сауда, керуен жолы, айырбас сауда, елшілік, көш, тауар;

Диалогқа және жазуға қажетті сөздер тізбегі:

Ұлы Жібек жолының пайда болуына әсер еткен себептер...

Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың күшеюіне әкелді, себебі ...

Ұлы Жібек жолы арқылы .... дамыды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар Ұлы жібек жолы тармақтарының еліміздің аумағы арқылы өткендігімен мақтанады. Құндылықтар: патриотизм, өз елі үшін мақтаныш, ұлттық сана-сезім, тәуелсіздік.

Пәнаралық байланыстар

Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы  қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады

Осыған дейінгі білім

Қыпшақ хандығының қоғамдық, әлеуметтік құрылысы мен шаруашылығын салыстыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ақпарат, ресурс көздері

Сабақтың басы

0-3 минут

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

3-20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20-30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25-35 минут

Ұйымдастыру бөлімі

БЫМ Ұлы Жібек жолының тарихын бүгінгі өмірмен қалай байланыстыра аламыз?

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.

Зерттеу және талдау

Т 1-тапсырма. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырып, кесте ұсыныңыз. Кестеде Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын

  • Саяси (1-топ)
  • экономикалық (2-топ)
  • мәдени (3-топ)

салалар бойынша топтастырып, маңыздылық дәрежесіне қарай  жіктеуді тапсырыңыз.

 

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы

Саяси

Экономикалық

Мәдени

 

 

 

 

 

Дәлел

Дәлел

Дәлел

1.

 

2.

 

1.

 

2.

1.

 

2.

 

Топтардың бірін-бірі бағалауы.

Бағалау критерийі:Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын жіктейді

Дескрипторлар:

Ұлы Жібек жолының саяси маңызына сипаттама береді;

Саяси маңызына екі дәлел келтіреді;

Ұлы Жібек жолының экономикалық маңызына сипаттама береді;

Экономикалық маңызына екі дәлел келтіреді;

Ұлы Жібек жолының мәдени маңызына сипаттама береді;

Мәдени маңызына екі дәлел келтіреді.

 

Интерпретация  

Б 2-тапсырма. Ұлы Жібек жолы халықаралық қатынастарда экономикалық (сауда байланыстары) қатынастарды күшейтті ме, әлде саяси (дипломатиялық қатынастар, әскери шарттар) байланыстарды күштірек нығайтты ма? сұрағын беріп,  пікірталас ұйымдастырыңыз.

Экономикалық байланыстар

Саяси

қатынастар

 

Мұғалімнің бағалауы

Бағалауы критерийі: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы рөліне баға береді.

Дескрипторлар:

Ұлы Жібек жолының саяси не экономикалық саладағы байланыстарды  дамытуы туралы пікірін білдіреді;

Саяси/ экономикалық байланыстарды дамытудағы маңызына кемінде екі дәлел келтіреді;

Қарама-қарсы пікірге контраргумент келтіре алады.

 

Б Сабақ соңында «Ұлы Жібек жолының дамуы халықаралық қатынастардың нығаюына әкелді ме, әлде керісінше қайшылықтардың күшеюіне әкелді ме?» деген  сұрақ арқылы  дәлелді қорытынды жасатыңыз.

М Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелгендігін қазіргі өмірмен байланыстырыңыз. Елбасының «Жаңа Жібек жолының» жаңғыруы жобасымен таныстырып, сабақты қорытындылаңыз.

 

Ұлы Жібек жолының картасы

http://hameleons.com/uploads/posts/2012-10/1349886170_istoria-jibek.jpg

 

Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж.

www.nci.kz

 

 

 

 

Байпақов. К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қалалар – Алматы, 2005 ж.

 

 

 

 

 

Мамраимов А. Ұлы Жібек жолындағы киелі жерлер. – Алматы: Алматы кітап, 2009.

 

 

 

 

 

 

 

 

http://lms.nci.kz/history/view?f=143&id=7&lang=kaz

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=Ae7QAZ5pdEo

 

 

 

 

 

 

 

 

http://baq.kz/foto/ffad69a5a69bdad2c515ec3df4011e15.jpg

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия

«Білемін – Білдім – Білгім келеді»

 

 

Қосымша мәлімет

Дифференциация (саралау) – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Талқылау барысында барлық оқушылардың қатысуын қадағалаймын.

 

Топтық жұмыс нәтижелері топтардың бірін-бірі және өзін-өзі бағалау арқылы іске асырылады. Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша кері байланыс беріледі.

АКТ шектеулі қолдану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың  мақсаты мен оқу мақсаты қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізбесе, неліктен қол жеткізбеді?

Сабақта дифференуциациялау қалай жүргізілді?

Сабақтың кезеңдерін пайдалы қолдана алдыңыз ба?

Сабақта сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Болса, неліктен болды?

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз