Орал қаласы №19 ЖОББМ мектепалды даярлық тобының
тәрбиешісі: Есенгазиева Алтын Токтабаевна
Білім беру саласы: Таным Қатынас
Тақырыбы: Біз не үйрендік? (ертегі желісінде құрылған сабақ)
Мақсаты: балалардың жыл бойы өткен білімін бекіту
Көп тілділік: мысық-кот-саt; Қыз-Девочка-Girl; бірден онға дейінгі сандар үш тілде айтылады
Көрнекілік құралдар: дидактикалық және логикалық тапсырмалар, бала санына жеткілікті үлестірмелі материалдар, сергіту сәті бейне ролигі, слаид
Шаттық шеңбері: «Қайырлы таң!» үш тілде орындалады
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, мектебім!
Қайырлы таң, ұстазым!
Қайырлы таң, достарым!
Здраствуй солнце золотое!
Здраствуй небо голубое!
Здраствуйте учитель
Здраствуйте друзья
Good morning! Good morning!
Good morning to you.
Good morning! Good morning!
I am glad to see you.
Ой қозғау:
1-ден -10 сандарын тура және кері, үш тілде санау.
Балалардан отбасы түсінігін сұрайды:
- Балалар мен сендермен ауызша есептер шығарғым келіп тұр?!
1. – Бір мысықтың неше құлағы бар?
2. – Екі мысықтың неше құлағы бар екен?
3. – Бір сиырдың екі мүйізі болса, үш сиырда неше мүйіз болады екен?
4. – Орманда 1-қоян, 2-аю , 3-түлкі жүр екен. Орманда барлығы неше аң жүр екен?
5. – Бір сиырдың төрт аяғы болса екі сиырдың неше аяғы болады?
Балаларға ертегінің үзіндісін тыңдату.
Балалар бұл мақтақыз ертегісінің үзіндісі екенін дәл табады.
Ендеше, мысықтың құйрығын Мақтақыздан алып беру үшін, балаларды көмекке шақырамын, тапсырмалар легінің берілгенін түсіндіріп беремін.
Балалар мысыққа көмекке әзір екендерін айтады.
1-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Сандарды тура және кері үш тілде сана?»
Енді мысық ағаштың тапсырмасын алды.
2-тапсырма: Логикалық тапсырма: «Үйшіктегі санның құрамын тап»
Мақсаты: еске түсіру қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.
Ойын шарты: балалар үйшіктегі санды атап, оның құрамын торкөзге жазып және оқып береді.
3-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Суреттен қандай әріптерді көріп тұрсың?»
Мақсаты: балалардың ой-өрісін, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: балалар карточкадағы тапсырманы орындарында орындайды. Жазған сөздерді оқып береді, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы айтып береді.
Балалар біздер санамақ білеміз бе?
Қандай санамақ айтамыз?(балалардың қалауымен «отбасында нешеуміз?» санамағы айтылады)
Балалар ол үшін біздер отбасы мүшелерін саусақ басына суретке салайық
Балалар отбасы және отбасы мүшелерін үш тілде айтады.
Отбасы-семья-family;
Санамақ: Саусақтардың көмегімен үш тілде отбасы мүшелерін санайды.(әуен қойылады)
Саусақтарын билетіп, әуенмен санамақты үш тілде айтады.
Балалар мысыққа су әкелген қыздармен бірге «Қарлығаш» сергіту сәтін орындайды.
Келесі тапсырманы тауықтан алады.
4-тапсырма:
Мақсаты: балалардың қатынас саласы бойынша алған білімін бекіту. Балалар суреттегі ертегінің атауын тауып, кейіпкерлерін айтып береді.
Балалар ертегінің ең соңғы тапсырмасын тауықтан алады.
Төмендегі карточкалардағы сөздерді оқып, оны сәйкестендіріп қосады және нұсқаларын оқып береді.
5-тапрсырма:
Осылайша, балалар, Мақтақыз бен мысықты татуластырып мысықтың құйрығын алып береді.
Мақал айтады: «Досы көпті жау алмайды»
Ән: «Біріншіге барамын»
Балалар ән орындап би билейді.
Балалар оқу қызметін бағалап, өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.
Тақтаға өз көңіл күйлерін білдіріп үлкен смайлик құрастырады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі