Өлең, жыр, ақындар

Жарықтың қысымы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасы

Алматы теміржол көлігі колледжі

Сабақтың технологиялық картасы

(САБАҚ ЖОСПАРЫ)

Пәннің аты: Физика

Мерзімі:__15.05.2019 ж.__________________________________________________

Курс    1__топ___А-1Г________________________________________

 

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың қысымы. Жарықтың химиялық әсері.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Студенттерді жарықтың қысымымен, жарықтың химиялық әсерімен таныстыру, фотосинтез құбылысы туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу, карточкалар, сөзжұмбақ қолдану арқылы пәнге деген қызығушылығьн арттыру.

Дамытушылық: Презетанцияны тақырып бойынша көрсету арқылы олардың ой-өрістерін кеңейту, алған білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын дамыту, ағылшынша сөздік қолдану арқылы тіл үйрету.

Сабақ түрі: астын сыз: (жаңа білім мен іс-әрекеттердің тәсілдерін оқып үйрену және бастапқы есте сақтау; білімін және іс-әрекет әдістерін жетілдіру; білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану; білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және жалпылау; білімді тексеру, бағалау, түзету сабағы)

Сабақты ұйымдастырудың түрі: (өтетін тақырыпқа байланысты, лекция, әңгімелесу, практикалық тапсырма, бақылау сабағы, тест, тренинг т.б. ).

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: (иллюстрациялық материал, үлестірмелі қағаздар,  эл.оқулық, тест, сызба деректер т.б.)

Пәнаралық байланыс (пән мен бөлімнің тақырыбын көрсетіңіз)

математика, қазақ тілі, ағылшын тілі

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың көңілін аудару, сабақ жүргізуге қалыпты жағдай туғызу) – 2 мин.

II. Өзектілігі (өткен түсіктерді тереңдетуге қажетті тірек білімдер, сұрақ қою арқылы) – 15 мин.

Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер дегеніміз қандай сәулелер?

Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің қолданылуы.

Оптика нені зерттейді?

Жарық туралы қандай теориялар дамыды?

Жарықтың шағылу және сыну заңдары

Жарықтың жылдамдығы нешеге тең?

Жарықтың жылдамдығын кім және қашан анықтады, қандай тәжірибенің көмегімен?

 

III. Жаңа түсініктер мен әрекеттердің қалыптасуы (жаңа сабақты түсіндіру) - 40 мин.

Сөздікпен жұмыс. Сөздерді әр тілде бірге оқып жаттығу.

Ағылшын тіліндегі мәтінмен жұмыс. Студенттерге ағылшын тілінде мәтін беріледі. Сөздікке қарай отырып, түсінгендерін қазақша айтады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Лебедев пен Тимирязевтің өмірбаяндарын тыңдау

Light empowers the subject. The first light pressure was discovered by Russian scientist Peter Nikolayevich Lebedev in 1900. It was difficult to measure because the light pressure was too small. Only 4 * 10-6 H will be applied to the area of ​​1 m 2.

The Lebedev instrument is made up of a very light tube hanging on a thin brush. The wings are attached to it. This appliance is positioned in the pumped container. When entering the wings located on one side of the light tubes, it was possible to calculate the pressure on the rotation angle.

The light falls into the body and destroys body molecules. This process is called the chemical effect of the light. As an example, you can get the sunburn under the sun, and so on. Under the influence of sunlight, green leaf takes place in photosynthesis that is vital to life on Earth.

The leaf emits carbon dioxide from the air, and the red spectrum of sunlight divides carbon dioxide into components: carbon and oxygen. It is found in chlorophyll molecules. This phenomenon is called photosynthesis and was opened by Russian scientist KlimentTimiryazev.

By combining carbon atoms into other elements, they form proteins, fats, carbohydrates, vitamins, and oxygen into the air. Photosynthesis is only under the influence of white light.

 

Жарық өзі келіп түскен затқа қысым түсіреді. Жарықтың қысымын ең алғаш 1900 жылы орыс ғалымы Петр Николаевич Лебедев анықтаған. Жарық қысымы өте аз болғандықтан, оны өлшеу қиынға соқты. 1 м2 ауданға небәрі 4*10-6 Н күш түседі.

Лебедев аспабы жіңішке қылға ілінген өте жеңіл түтікшеден (стержень) тұрады. Оның жан жағына қанатшалар жапсырылған. Бұл аспап ауасы сорылып алынған ыдысқа орналастырылады. Жарық түтікшенің бір жағында орналасқан қанатшаларға келіп түскенде, қылдың айналу бұрышы бойынша қысым шамасын есептеу мүмкін болды.

Жарық денеге түсе отырып, дене молекулаларын ыдыратады. Бұл үдеріс жарықтың химиялық әсері деп аталады. Мұның мысалы ретінде күннің астындағы матаның оңуын, күнге күюді алуға болады. Күн сәулесінің әсерінен жасыл жапырақта Жердегі барлық тіршілікке қажетті құбылыс фотосинтез жүреді.

Жапырақ ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, ал күн сәулесінің қызыл спектрі көмірқышқыл газын құрамдас бөліктерге бөледі: көміртегі мен оттегіне. Бұл хлорофил молекулаларында болады. Бұл құбылыс фотосинтез деп аталады және оны ашқан орыс ғалымы Климент Аркадьевич Тимирязев.

Көміртегі атомдарына тамыр арқылы алынған басқа элемент атомдарын қоса отырып, ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер түзеді, ал оттегіні ауаға бөліп шығарады. Фотосинтез тек ақ жарықтың әсерінен болады.

Лебедев аспабы

IV. Қолдану. Біліктілік дағдысын қалыптастыру (жаңа тақырыпты бекіту, кері байланыс туғызу, оқытуды ұйымдастырудың әртүрлілігі: топтық, жұптық т.б.)

Тақырып бойынша видео материал көрсету. Түсінгендерін сұрау.- 10 мин

Сөзжұмбақпен жұмыс. Тақырып бойынша сөзжұмбақ шешу – 10 мин

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1.   1 метр фокус аралығындағы күш

2. Жарық көзінен шығып айналаға таралатын бөлшектер

3. Уақыт бойынша кеңістікте таралатын тербелістер

4. Беті сфералық болып келетін мөлдір дене

5. Сұйықтан ұшып шыққан молекулалардың сұйыққа қайтып оралуы

6. Жарық құбылыстарын қарастыратын бөлім

7. Ақ жарықтың жіктелуі

V.  Сабақты қорытындылау. Бағалау – 2 мин

VI. Үй тапсырмасы туралы мәлімет алу кезеңі (үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқау)

1. Жарықтың химиялық әсері. Фотография негіздері. Қазақша және ағылшынша конспект.

2. Конспектіні оқу, толықтыру.

VII. Рефлексия (оқушының көңіл-күй, іс-әрекет, топ оқушыларына қарым-қатынасын бағалау)

Бүгін нені үйрендім?

Нені үйрену қиын болды? Сұрақтарына жауап жазу. Кері байланыс ағашына жапсыру – 2 мин

Оқытушының аты-жөні   А.Жакупова                   қолы _____________

ЦПБ төрайымы

   _____________ Жакупова А.Ж.

«__»____2019 ж


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер