Өлең, жыр, ақындар

Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы
«Ш.Уалиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
физика пәнінің мұғалімі Зеильбекова Жанар Конысбековна 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Электростатика

Мектеп: Ш. Уәлиханов атындағы

№18 жоббм

Күні: 06.03.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Зеильбекова Ж.

Сынып: 10 (ҚГБ)

Қатысқандар: 29

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 

10.3.1.4 – қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролі;

Сабақтың мақсаты

1. Оқшауланған өткізгіштердің электр сыйымдылығы, оның өлшем бірлігі және оның конденсатормен байланысын түсіндіру

2. Конденсатор түрлері және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі туралы білім беру

3. Электр өрісі энергиясына есептер шығару

Бағалау критерийі

1. Оқшауланған өткізгіштердің электр сыйымдылығы, оның өлшем бірлігі және оның конденсатормен байланысын біледі

2. Конденсатор түрлері және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі туралы айтады

3.Электр өрісі энергиясына есептер шығарады

Тілдік мақсаттар

Термин: Электростатика, электрсыйымдылық, потенциал, сфера, конденсатор, пластина, диэлектрик.

Құндылықтарға баулу

Еңбек өнімділігін арттыру үшін өнеркәсіпте біз конденсаторлардың әр түрлерін үнемі пайдаланамыз ол біздің еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі

Пәнаралық байланыс

Математика, география, жаратылыстану.

Алдыңғы білім

Физика 8 сынып.

Электр өрісі, электр заряды, өрістің потенциалы, Кулон заңы,  зарядтың сақталу заңы, электр сыйымдылық.

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Білу)

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Оқушыларды түгелдеу

Жағымды ахуал туғызу әрі үй тапсырмасын тексеру

Сыныпты үш топқа біріктіру. Әрбір топтың аты бар. Сол қойылған аттарға сәйкес анықтамалар өткен тақырыпқа айту керек.

І топ «Сыйымдылық»

ІІ топ «Заряд»

ІІІ топ «Потенциал»

Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

 8-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау

 Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

Үй тапсырманы тексеру әдісі: «Қызыл шар»

Топтар үй тапсырмасынан сұрақ дайындап, бір біріне сұрақ қояды әр дұрыс жауапқа қызыл шар беріледі сол арқылы бағаланады.

Мақсаты: алған білімін бекіту, еске түсіру.

 1. Зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңын тұжырымдаңдар.

 2. Қандай зарядты нүктелік заряд деп атайды?

 3. Электр өрісі дегеніміз не?

 4. Электр өрісінің кернеулгі дегеніміз не? Оны қалай анықтаймыз? Ол қалай бағытталған?

 5. Бір текті өріс дегеніміз е? Бір текті емес өріс дегеніміз не?

 6. Өрістің потенциалы дегеніміз не?

 7. Өрістің потенциалы мен кернеулігінің арасында қандай байланыс бар?

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

Дескриптор

Белгі

1. – электр өрісінің қасиетін талқылап және оның күштік сипаттамасын айтады;

 

-   Зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңын тұжырымдайды

- формуласын жазады;

- Кулон заңына есеп шығарады;

 

 

Сабақтың мақсатын анықтай отырып

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу (осы суреттерді көрсетіп олардан не байқағанын сұрау?)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

(Түсіну)

 

I. Жаңа материалды зерттеу.  Ақпаратпен жұмыс.

Жаңа материалды меңгерту:  Оқшауланған өткізгіштердің электр сыйымдылығы, оның өлшем бірлігі және оның конденсатормен байланысын түсіндіріп, тақтаға жазады.

Ойлау деңгейі - білу және түсіну, қолдану

Белсенді оқу әдісі - «Бірге оңай». Топпен бірге істейді.

Мақсаты ой-өрісін дамыту, бір-бірін тыңдау, талқылау, ақылдасу.

Жұмыс формасы -  топтық.

Дағдыларын дамыту – тыңдалым, айтылым, логикалық ойлау, тұжырымдау.

Бағалауды ұйымдастыру формасы: топ топты бағалайды.

Тапсырма №1. 1-топ

   1. Адам, үйдің полимерлі еденінде жүргенде, синтетикалық кілемді басып өткенде, үстінен көйлекті шешкенде электрдің разрядталу кұбылысы байқалады. Себебі не?

   2. Өткізгіштің элетрсыйымдылығы деп нені түсінеміз?

   3. Сыйымдылықтары 6,0 және 9,0 пФ болатын шардың потенциалдары сәйкесінше 2,0 . 10 2 В және 8,0 . 10 2 В. Екі шардың қосынды заряды қандай? Шарлардың түйіскеннен кейінгі потенциалын табыңдар.

Тапсырма №1. 2-топ

   1. Слюдалы конденсатордың пластинкасының ауданы 36 см2, диэлектрик қабатының қалыңдығы 0,14 см. Егер астарлардағы потенциалдар айырымы 3,0 . 10 2 В, ал слюданың диэлектрик өтімділігі 6-ға тең болса, онда конденсатордың сыйымдылығын, зарядын және энергиясын есептеңдер.

   2. Шардың электрсыйымдылығы ондағы заряд мөлшеріне қалай тәуелді?

   3. Авиация саласында ұшақ әуеде ұшқанда ол қонғанда бірден металл трап қоймайды. Неліктен?

Тапсырма №1. 3-топ

Конденсатордың түрлері және оның қолданылуы?

Есеп.

Вакуумдегі сыйымдылығы 1 Ф болу үшін өткізгіш шардың радиусы қандай болу керек?

Цистернадағы бензинді тасығанда, жермен жанастырылған металл шынжыр не үшін байланады?

 

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

Дескриптор

Белгі

1.Оқшауланған өткізгіштердің электр сыйымдылығы, оның өлшем бірлігі және оның конденсатормен байланысын біледі

2. Конденсатор түрлері және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі туралы айтады

3. Электр өрісі энергиясына есептер шығарады

-  Оқшауланған өткізгіштердің электр сыйымдылығы, оның өлшем бірлігі және оның конденсатормен байланысын айтады

-  Конденсатор түрлері және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі туралы айтады

 - есептің шартын түсініп, берілгенін жаза алады.

-электр өрісінің энергиясына есеп шығарады

- конденсатор не екенін айтып, қай жерлерде бар, қайда қолданылады, пайдасы және зиянын айтады

 

 

Кері байланыс:«БББ» кестесі

Білемін

Білгім келеді?

Білдім

 

 

 

 

СЕРГІТУ СӘТІ «Жалғасын тап» әдісі

Мұғалім сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар жазылған парақты таратады, олар жылдам айтады.

 

Деңгейлік тапсырмасы

Ойлау деңгейі - білу және түсіну, қолдану.

Белсенді оқу әдісі - «Жазбаша жауап».

Мұғалім  АВС деңгейлік есептерді таратып береді.

Мақсаты: жаңа тақырыпты  бекіту, логикалық дағдыны дамыту.

Жұмыс формасы -  жеке

Дағдыларын дамыту – оқылым, жазылым, тындалым, айтылым.

Саралау мұғалімнің және оқушының диалог және қолдау көрсетуі

Бағалауды ұйымдастыру формасы: жұптық бағалау.

Тапсырма №2. А В С деңгейіндегі есептер:

А. 50 мКл зарядты потенциалдар айырымы 200 В болатын өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне ауыстыру үшін қанша жұмыс жасалады?

В. Конденсатор сыйымдылығы 200 мкФ , астарлардағы заряд 0,005 Кл. Конденсатор астарларындағы кернеу қандай?

С. Конденсатор сыйымдылығы 400 мкФ, астарларындағы кернеу 40 В заряд шамасын табу керек?

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

2. Конденсатор түрлері және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі туралы айтады

3. Электр өрісі энергиясына есептер шығарады

- есептің шартын түсініп, берілгенін жазады.

- Электр өрісі энергиясының  формуласын жазады;

- Жазық конденсатор және сыйымдылық формулаларын жазады

- Электр өрісінің кернеуін табады

Смайликпен бағалаймын

Кері байланыс:  «Бес бармақ» тәсілі

Оқушылар қолдарымен көрсетеді

Барлығы түсіндім...

Енді түсіндім...

Түсінбедім...

Оқылған материалды жинақтау

«Буклет» әдісі мен тақырыпты жинақтау

Ойлау деңгейі - білу және түсіну, қолдану.

Мақсаты: Идеялар талқыланады, жинақталады.

Жұмыс формасы -  топтық

Дағдыларын дамыту – оқылым, жазылым, тындалым, айтылым.

Саралау мұғалімнің және оқушының диалог және қолдау көрсетуі

Бағалауды ұйымдастыру формасы:  мұғалімнің диалог және қолдау көрсетуі, жүрекше беру

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі

-  Оқшауланған өткізгіштердің электр сыйымдылығы, оның өлшем бірлігі және оның конденсатормен байланысын айтады

-  Конденсатор түрлері және оның қарапайым электр тізбегіндегі ролі туралы айтады

 - есептің шартын түсініп, берілгенін жаза алады.

-электр өрісінің энергиясына есеп шығарады

- конденсатор не екенін айтып, қай жерлерде бар, қайда қолданылады, пайдасы және зиянын айтады Смайликпен бағалаймын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А-4 парақ екіге бүктелініп, жұпта кезек –кезек идеялар жазылып, ой бөліседі.

Сабақтың соңы

 

Оқушылардың рефлексиясы. Әдісі: «рефлексия нысанасын» оқушылар нысана ішіне сабақ кезінде меңгергендігін жазады

Үйге тапсырма: конспект жазу, 19-жаттығу

 

СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?  

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Мен саралауды «Бірге оңай» әдісімен өтілген тапсырмада оқушыларды саралауды топ-топты бағалауы және мұғалімнің «диалогтық қолдау көрсетуі» тәсілі арқылы саралаймын. Себебі оқушылар бір-біріне түсіндіру арқылы өзіне сенімдігі артады, бір-бірін тыңдауды үйренеді, мұғалім дерек көздері арқылы түсіндіреді.

Оқушылар «Жазбаша жауап» деңгейлік тапсырмаларын орындап болғаннан кейін жұптар бір-біріне «смайлик» беру бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

 


Пікірлер (2)

катя

жақсы, бірақ тағы өндеу керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз