Нұр-сұлтан қаласы
Менеджмент және бизнес колледжінің
Арнайы пәндер мұғалімі: Козыбагарова Гульмира Куанышкызы
Сабақ жоспары №38
Оқытушы: Козыбагарова Гульмира Куанышкызы
Пән. Кондитер ұн өнімдерінің технологиясы
Мамандық, топ: Тамақтандыруды ұйымдастыру. ОПб -23 тобы.
Сабақтың тақырыбы: Үгілмелі қамыр өнімдері
Күні 25.02.2019 жыл.
Cабақтың мақсаттары:
Білімділік. Студенттерді қамырдан жасалған тағамдар түрімен, дайындау тәсілдерімен мен еренкшеліктері жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Студенттердің тамақ пісіруге деген қызығушылығын, қаблеттерін, аспаздық кәсіби шеберлігін шыңдау.
Тәрбиелілік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, тазалыққа кәсіптік бағдар беріп тәрбиелеу және мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі. Жаңа тақырыпты игеру сабағы.
Өткізу үлгісі: аралас дәстүрлі.
Оқытудың әдіс тәсідері: тобқа бөліп оқыту, жұптық жұмыс, пікір алмасу, баяндау, қайлалау, жұмбақ шешу. Кондитер ұн өнімдерін әзірлеуге арналған құрал жабдықтар.
Аппараттық қамтамасыздандыру: компьютер, проектор, экран.
Бағдарламалық қамтамасыздандыру: Microsoft Word, Microsoft Power Point.
Қолданылатын ЦБР: мультимедийная презентация жобалау технологиясы. Үгілмелі қамыр әзірлеуге қажет құрал жабдықтар, дәптер, оқулық, печенье, пирог туралы сайттар.
Қолданылатын технология: Жобалау технологиясы.
Қолданылатын ОӘК; интерактивті тақта.
Сабақ жабдығы_Конспект, плакаттар, сайттар, технологиялық карталар.
Пәнаралық байланыс: Тағам тауар тануы, Микробиология негіздері, Өндірісті ұйымдастыру, Жабдықтар ТКО.
Әдебиет: Негізгі. Кондитер ұн өнімдеріның технологиясы. Бутейкс Н.Г.
Оқытушының қолы Козыбагарова Г.К.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.
3. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.
5. Сарамандық жұмыс.
6. Жаңа тақырып бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
7. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.
8. Бекіту кезеңі.
9. Үйге тапсырма беру.
Студенттердың сабаққа қатысуын тексеру.
Жеке бас гигенасын топ басшысы тексеріп шығады.
Техника қауыпсіздігі ережесін қайталайық:
1. Қызып тұрған кәстрөлды немесе басқа ыдыстарды үстелдің шетіне коюға болмайды.
2. Қызып тұрған ыдыстың тұтқасын арнайы тұтқышпен ұстау керек.
3. Қолың суланған болса, розеткаға іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама.
4. Жұмыс біткен соң барлық электр құралдарын өшіріліп тұрғанына көз жеткізіп алыңыз.
5. Жұмыс біткен соң бөлменің ауасын тазарту.
6. Ұстаздың рұқсатынсыз электр жабдықтарын қосып ажыратуға болмайды.
Сабақты теория мен сарамандық тәсілді араластыра өткіземін.
Тобтың 1-ші тобымен өтеді.
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау: Ұннан дайындалған кондитер бұйымдарын үгілмелі қамырдан дайындау.
3. Білімді жан-жақты тексеру: үйге берілген тапсырманы тобты екіге бөліп екі жаққа бір-біріне сұрақ қойғызамын.
«Сұрақ бізден, жауап сізден» тәсілмен екі тобқа бір–біріне сұрақ қойғызамын.
Сұрақтар:
1. Ұнды електен не үшін өткіземіз?
2. Қопсытқыштар не үшін қолданылады?
3. Ванилиннің маңызы не?
4. Үгілмелі қамыр қандай сұрыпты ұннан дайындаған дұрыс?
5. Ұнның ылғалдығын қалай анықтайды?
6. Кондитер бұйымдарын жасау үшін қандай қоспалар қажет?
7. Қамырды салқын ұннан илеуге бола ма?
8. Дайын өнімнің қандай болатындығын сипаттаймыз?
4. Жаңа тақырыппен жұмыс:
Үгілмелі қамырдың дайындалу рецептурасы.
Дайындау тәсілін дайын схемамен атап өту.
Қандай тағамдар дайындалатынын атап шығамыз.
Үгілмелі қамыр дайындаудың неше тәсілі бар.
Үгілмелі қамырды 2 тәсілмен әзірлейміз:
1-Тәсіл. Ұнды тақтайға елейді де, оған қопсытқыш қосып елейді, шекер мен майды араластырады.
Үйілген ұнның ортасын ойып, тұз бен жұмыртқаны құяды. Ұсақталған май мен шекер бөлігін қосып, ванилинды қосып қамырды қолмен тез илейді. Дайын қамырды орамалмен жауып, бір сағат суыққа шығарып қояды.
2-Тәсіл. Майды құмшекермен көпсітіп, оған жұмыртқа, тұздық, ұнды қосады да, тез илейді. Мұндай қамыр жұмсақ болады. Сондықтан оны кондитерлік шприц арқылы бөлектейді немесе қаңылтыр табаны қолмен майлайды. Үгілмелі қамырдан печенье, торт, балкүлшелер пісіреді.
5. Сарамандық жұмыс. Азық түлік мөлшері:
Шайға арналған үгілмелі печенье.
Үгілмелі қамырды дайындауды өзім көрсетемін.
Керек өнімдер:
Ұн жоғары сұрыпты: 300 гр
Сары май. 200 гр.
Қант. 200 гр
Қопсытқыш. 10 гр.
Тұз. Бір шөкім.
Жұмыртқа. 80 гр
Қант ұнтағы бетіне себуге 60 гр.
Ванилин 1 гр.
Осы өнімдерды ретімен араластыра бастаймыз 1 тәсіл.
Қамыр илегенде мән беретін нәрсе жұмыртқанын сары уызы көпіршітеді, ақ уыз қатайта түседі. Ал май қамырды жұмсарта түседі. Дайын қамырымызды 30 мин салқын жерден алып, дайын қамырды тексерып, жайып формалармен ойып пешке пісіруге жібереміз, 180-220 гр пісіреміз.
Қортынды: Сонымен бүгінгі тақырып үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдармен, оның тәсілдерімен таныстық. Жаңа сабақ бойынша сұрақ бар ма?
Сабақты бекіту: Қайталау сұрақтары.
1. Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіреді?
Жауабы: пирог, торт, бәліш, печенье т.б.
2. Үгілмелі қамырды неше тәсілмен дайындайды?
Жауабы: 2-тәсіл.
3. Пирожный тағамы қандай өнеркәсіпте дайындалады?
Жауабы: кондитер өнеркәсібі
4. Тағамға қосылатын ақ түсті иісі бар кристал?
Жауабы: ванилин
5. Үгілмелі қамырды дайындауға қандай азық түлік керек?
Жауабы: Ұн, қант, сары май, жұмыртқа.
6. Үгілмелі қамыр қандай температурада дайындалады?
Жауабы: 180-220 гр
7. Ұн, май, жұмыртқа, қант сөздерін ағылшын тілінде аудар?
Жауабы: Ұн-мука-flour
Қант-сахар-shugar
Май-масло-butter
Жұмыртқа-яйцо-egge
Бағалау: смайликтермен
Үйге тапсырма: Үгілмелі қамырдан дайындалған өнімдерге технологиялық карта 5 өнімге жасау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі