Өлең, жыр, ақындар

Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау әдістері

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
«Зейнеп Амина» бөбекжай-бақшасының әдіскері
Иксангалиева Жумабике Утегеновна

Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз — қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалардың, ұжымның және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, педагогтың жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принцптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз. Озат педагогикалық тәжірибе балаларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.

Мақсаты: — жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда  инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну.

Міндеттері:

1. Жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда  инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

2. Мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну.

Озат педагогикалық тәжірибе — педагогтың шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі басқа балабақшаларға таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі педагог ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс–тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені балабақшаның тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір педагог еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. Педагогикалық тәжірибені зерттеудің жолдары: педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жаңашыл педагогтардың озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі-әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Педагог оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың балаларға ықпалын ұйымдастырылған оқу қызметі және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқайды. Мұғалім өзінің немесе көршілес балабақшадағы тәжірибелі педагогтардың тәрбие жұмыстарымен танысып, оқу қызметтеріне қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, технологиялық карта, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жинақтайды.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Озат тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.

Озат педагогикалық тәжірбиенің екі түрі бар:

а) педагогтың ғылыми ұстанымдары біліктілікпен, ұтымды кешенді пайдалануы болып табылатын педагогикалық шеберлігі;

ә) педагогикалық жаңашылдық, яғни жаңа білім беру қызметін көрсетулері, оқытудың жаңа мазмұны, нысандары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары, т.с.с өзінің шығармашылық табыстарымен байытылған тәжірибе.

Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер педагогтардың жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау – озат тәжірбиені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және бақылау критерийлерінен өтеді.

Озат тәжірибенің критерийлері:

1. Жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, оны жетілдіру, толықтыру;

2. Жоғары нәтижелілік;

3. Тәжірибені басқа да педагогтар мен оқу орындарының пайдалану мүмкіндігі;

4. Тәжірибенің оңтайлылығы; көкейтестілігі, оның ғылым үшін және педагогикалық тәжірибе үшін құндылығы;

5. Бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі.

Педагог озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл педагогтардың тәжірбиесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық идеяларды және педагогикалық тәжірбиені енгізу мен таратудың түсінікті формалары – ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.

Ауызша насихат – бұл балабақшалардың педагогикалық кеңестерінде, аудандық әдістемелік кабинеттерінде, педагогтардың білімін жетілдіру институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық тәжірбие туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.

Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірбие оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады. Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада да тыңғылықты игеру қажет

Озат тәжірибе мектебінің жоспары:

Атқарылатын жұмыстар

Мерзімі

    Жауаптылар

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Тәжірибелі тәрбиешілерден озат тәжірибе мектебінің жетекшісі мен құрамын бекіту

2. Жас мамандарды анықтап, тәлімгер тағайындау, жұмыс жоспарын жасақтау Тақырыптық-күнтізбелік және күнделікті ҰОҚ технологиялық карталарын және  циклограмма жазуды үйрету.

3. Жас мамандарға тәлімгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру

4. Озат тәжірибе мектебі мүшелерінің іс-тәжірибелерін баспа беттерінде жариялану жұмыстарын ұйымдастыру

Қыркүйек

 

 

Қыркүйек

 

Жыл бойы

Әдіскер

 

 

 

 

 

 

ОТМ мүшелері

ІІ. Озат тәжірибе, ортақ әдіс

1. Жоспарға сай жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Оқу бағдарламасын оқуға, өз білімін жетілдіруге көмектесу

2. Жас мамандардың өзара ҰОҚ-не қатысуын ұйымдастыру

3. Озат тәжірибе мүшелерінің аудан, облыстық семинар, конференцияларға қатысуы

Жыл бойы

 

 

Қараша

ОТМ мүшелері

 

Әдіскер

ІІІ. Апробация процесін іске асыру бағытындағы жұмыстар

1. Тәрбиешілердің кәсіби сайыстар мен өзара ҰОҚ-не қатысулары

2. Тәрбиешілердің ашық сабақ даярламаларын баспаға дайындау

3. Озат тәжірибе мүшелерінің аудан, облыстық семинар, конференцияларға қатысуы

Жыл бойы

Жоспарға сәйкес

Әдіскер

 

ОТМ мүшелері

 

ІV. Қорытынды, саралау, талдау жұмыстары

1. Озық тәжірибені насихаттау, өзге

балабақшалармен байланыс орнату

2. «Жас ұстаздар» апталығын өткізіп, талдау жасау

3. Озат тәжірибе мүшелерінің жұмысына талдау, жетекші есебін тыңдау

Жоспарға сәйкес

 

 

Мамыр

 

Тәрбиешілер

Әдіскер

 

ОТМ мүшелері

Озат тәжірибелі педагогтардың жұмыстары жан-жақты қорытындыланып, талданып, жұмыстары, іс-тәжірибелері басылым беттерінде жариялануы керек. Төменде 2018-2019 оқу жылындағы баспасөз бетінде жарияланған іс-тәжірибелер жинағы: (Ю.Новикова, А.Т.Кулбалиева және Ж.У.Иксангалиевалардың іс-тәжірибелері, мақалалары республикалық педагогикалық журналдарда, атап айтқанда «Дошкольный мир», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «ХАБАРШЫ ВЕСТНИК» журналдарында жарияланды)

Іс-тәжірибе таралушының аты-жөні

Қызметі

 

Таратылу түрі

Жарияланған тақырыбы

Баспа атауы

Жарияланған

жылы,

1

 

 

 

 

Иксангалиева          Жумабике Утегеновна

 

 

 

 

   Әдіскер

 

 

 

 

 

1. Баспасөз беті

«Ханталапай» ұлттық интеллектуалдық ойыны

Республикалық педагогикалық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» журналы

2018 жыл,

№1, 55 – бет

2.Баспасөз

беті

«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры дамуының негіздері» (Мақала)

«Хабаршы Вестник» Республикалық  ғылыми-әдістемелік журналы

2018 жыл, №2 (29), 112-бет

2

 

Кулбалиева Ақбидай Темировна

 

    Тәрбиеші

 

 

Баспасөз беті

«Байқоңыр - ғарыш айлағы»

Республикалық педагогикалық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» журналы

2019 жыл,

№1, 10 – бет

3

Новикова Юлиана

   Тәрбиеші

Баспасөз

беті

«Чем больше мастерства в детской руке, тем умнее ребенок (статья)

Республиканский журнал «Дошкольный мир»

2019 жыл,

№3, стр 32

 

Кітапша

«Нетрадиционные техники рисования и их роль в развитии детей»

 

2019 жыл,

Ақпан айы

Тәрбиешілердің іс-тәжірибелерінің таратылуы туралы мәлімет

Педагогикалық озат тәжірибені тарату мақсаты: педагогикалық озат іс тәжірибені анықтау, талдау, педагог қызметкерлердің инновациялық, шығармашылық тәжірибесін қазіргі зерттеулер мен педагогика және психология жетістіктерін ескере отырып тарату

Педагогтың

аты-жөні         

      Шығармашылық

тақырыбы

Зерттеу

Жинақтау

Тарату

2018

2019

2019

2020

2019

2020

2021

1

Кулбалиева Ақбидай Темировна

«Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту»

+

 

+

 

 

 

+

2

Жумасатова Жупар Сайлауовна

«Қимылды ойын арқылы балаларды ептілікке баулу»

 

+

 

+

 

 

+

3

Новикова Юлиана

Нетрадиционные техники рисования и их роль в развитии детей

+

 

+

 

 

+

 

Сонымен, педагогикалық озат тәжірибе жұмысын ұйымдастыру арқылы – ұстаз шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі және шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі анықталады. Педагогтың тәжірибесіндегі жаңалық арқылы басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі таратылады, ендеше ол жұмысты ұйымдастыру, жүргізу білім беру мекемесінің жаңашыл бағытының көрінісі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж.
2. Методологические и теоритические проблемы изучения,обобщения и использования передового педагогического опыта. – М.,1978 ж.
3. Кухарев Н.В.Педагог-мастер, педагог-исследователь. Гомель,1992 ж.
4. Тұрғынбаева Г. Ұстаздық шығармашылық.. 2008 ж.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар