Өлең, жыр, ақындар

"Қуант бізді, Жаңа жыл!" ертеңгілік сценариі

Алматы қаласы
ТОО «BabyБалдаурен» балабақшасы
Тәрбиеші Бабажанова Алтын Жалеловна

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген
Жүргізуші – Сиқыршы: Құрметті біздің қонақтар, ұжымдастар!
Барлығыңыз да бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер!

Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Қарлығаш» тобында!
(балалар келіп шыршаның жанына тұрады)

Сиқыршы: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан, бәрімізге!

- Балалар, қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсізғой, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шырша шамдарын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Сиқыршы: Міне, керемет, қараңдаршы, қандай әдемі шырша! Шырша тойына өз өнерлерін ала келдіңдер ме? Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.

(Балалар тақпақтарын айтады).

Жаңа жылды қарсы алдым,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,                
Араластым биге де.

Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды,
Қонақтардың бәрінде.

Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам он болсын.
Төрле, төрле Жаңа жыл  
Бізге құтты жыл болсын.

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата –әже, әке-әже,
Құтты болсын жаңа жыл!

Сиқыршы: Балалар, шыршамен ойнайықшы, ол өз шамдарын жақсын, біз үрлегенде сөндірсін, шамдарды жағу үшін біз шапалақтаймыз. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты-қатты үрлейміз.

«Шыршамен» ойын.

(Балалар үрлейді, шамдар сөнеді. Ойын екі-үш рет ойналады. Балалар шапалақтайды, ал шырша жанады.)

Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз, бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.    Ал біз шыршамызға арнап ән айтайық, би билейік.

Ән «Жасыл шырша жанында»

Сиқыршы: Қыс қызығы тамаша,

Ойнаймыз біз таласа.

Думанымыз жалғассын

Жаңа жылға тамаша – дей отырып, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Балалар тақпақ айтады.

Тамаша, тамаша
Шыршымыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз  
Көптен күтіп, сағынған.

Шыршаны айналып,
Би билейміз ән салып.
Жаңа жыл өзіңді                  
Жырменен қарсы алып.

- Жарайсындар, балалар. Ал қазір бізге шыршамыздың құрбылары келіпті. Олар бізге бір құпия айтқылары келіп тұр екен. Қандай құпия екенін көріп, билерін тамашалайық.

Би «Шыршалар».

Сиқыршы: Жарайсындар, қыздар. Шыршамыз көңілденген сияқты. Ал, енді айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?  (Балалардың жауабы).
Сиқыршы: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет

Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. (Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата:

Амансын ба ұлдарым,

Амансын ба, қыздарым?

Қандай әсем жүздерің,

Қандай мөлдір көздерің.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Ақшақар- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүрг.: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, сәлеметсіз бе, Ақшақар. Біз балалармен ән айтып, би билеп, ойын ойнадық. Ал енді, балалар сіздерге де ән орындап береді.

Ән «Шырша жыры»

Ән аяқталған кезде Аяз ата шеңбердің ішінде қалып қояды.

Балалар: Қалып қойдың шеңберде,

Жібермейміз ешқайда.

Шығармаймыз біз сізді,

Ойнағымыз келеді.

Аяз Ата: Мен тышқан болып өтемін,  (балалар отырады)

Ұшақ болып ұшамын.   (балалар тұрып, қолдарын көтереді)

Су болып ағамын,   (балалар отырады)

Құс болып ұшамын.  (балалар қайта тұрып, қолдарын көтереді)

-- Балалар, босатыңдаршы мені! Не қаласаңдар, соны орындаймын.

Балалар: Сыйлық!

Аяз ата: Сендерге арналған сыйлықтарым бар еді, жеткізе алмай қалдым. Қане менің кішкентай көмекшілерімді шақырайыншы. Ергежейлер, көмектесіндерші.

«Ергежейлер» биі.

Сиқыршы: Аяз ата, сіз шаршаған шығарсыз. Балалар сізге тақпақтарын дайындап келді, отырып тамашалап, демалып алыңыз.

Аяз ата: Жақсы, ендеше балалардың тақпақтарын тындайық.

Сиқыршы: Ал, балалар, тұрмайық. Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтайық. Ал, Аяз ата демалып алсын.

Балалар тақпақтарын айтады.

Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай                    
Кесіп алсам шіркін-ай!

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,            
Аяз ата оралып.

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,            
Мерекені бастаған.

Тақпақтарды жаттадық,
Би де үйрендік, көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,                                             
Бізге риза болсын, деп.

Бар баланың қонағы,
Төрлет Ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,                      
Қашан мырза болады.

Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,                         
Аппақ екен шапаны.

О, алақай Аяз ата!
Келе жатыр алыста.
Қане, досым, әнге қосыл,        
Биге қосыл, қалыспа!

Аяз ата: Жарайсындар, балалар.

Ақшақар.: Жарайсындар, балалар. Жаңа біздің ескі жылымыз жүр еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай қамығып жүрген шығар, рахмет айтып ортаға алайық.

(Музыкамен Ескі жыл-Доңыз келеді).

Доңыз: Мен доңызбын, доңызбын,

Өзім сондай сұлумын.

Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақыт, денсаулық тілеймін.

Ақшақар: Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде – жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Кел, Жаңа жыл! Жаңа жыл! – деп ортаға жаңа «Тышқан» жылын шақырамыз!

Жаңа жыл (Тышқандар): Сәлеметсіздер ме! Кешіккен жоқпыз ба? Біз сондай асықтық, жүгірдік. Кешігеміз деп қорықтық. Біздің ең жақсы қасиетіміз – жылдамдық.

Жүрг.: Жоқ кешікпедіндер. Қош келдіңдер! Олай болса, барлығымыз жаңа жылымызға арнап, әнімізді айтайық.

Ән «Жаңа жыл»

Аяз ата: Жарайсындар, балалар. Ал, Тышқан жылы, қош келдің! Сендер бізге қандай базарлық әкелдіңдер?

Тышқан: Біз сіздерге әдемі, көңілді, жаңа жылдық биімізді әкелдік.

«Карнавал» биі.

Аяз ата: Жарайсындар, балаларым. Барлықтарың өнерлі екенсіндер. Аталарыңды бір қуанттыңдар, ал маған кететін кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)

Ақшақар: Ата сен әзілдеп тұрсын ба?
Сыйлықтарды ұмыттың,
Әлде сен балаларды сүймейсің
Тәтті егер бермесең?

Аяз ата: Ой, ақбас ау ақбас   
Кәне мен сендерге көрсетемін сиқырды
Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.
(Ақшақар сыйлық толы үлкен шананы алып келеді).

- Міне, менің сыйлыққа толы үлкен шанам да жетті.

Сыйлықтарды таратады.

- Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Жүрг.: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын.

Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
Өнерлі ару қыздарың,
Жарқын, жарқын жүздерің,
Жайнап өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай жайқалып,
Биіктердер өздерің.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып,
Әр жыл сайын сендерге,
Келіп тұрамын сағынып.

- Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Жүрг.: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын.  

Дайындаған: тәрбиеші, Бабажанова Алтын Жалеловна.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз