Баттал Динара Ануаровна
"Таран ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Апанов негізгі мектебі" ММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Білім беру көзі: Драма
Оқу қызметінің тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер туралы ертегі»
Ортақ тақырып: Мен үшін не дәмді және пайдалы?
Мақсаты: Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау. Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.
Көрнекілігі: Көкөніс, жемістердің суреті, муляждары, интерактивті тақта.
Блингвалдық компонент: дәрумен – витамин – vitamin, жеміс – фрукты – fruit, көгөніс – овощ – vegetable
Жоспар |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам
III. Тақырып бойынша жұмыс
ІҮ. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қорытындысы. Рефлексия
|
Балалар бір-бірімен амандасып, жақсы ынтымақтастық қарым-қатынасқа түседі. Балалар біздерге көптеген қонақтар келіп отыр екен ,сол қонақтармен амандасып алайық.
Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Құрметпенен сіздерге Бас иеміз біз
Шеңберге тұру
Ертеңгілік шеңбері Қол алысып кәне біз Достасайық бәріміз Айтарым бар сендерге Қандай жақсы бір тұру Достарыңмен бір жүру
Қуан шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Қайырлы таң, қайырлы күн, Күліп шықты бүгінде күн!
Здравствуй, солнце золотое, Здравствуй, небо голубое. Здравствуйте, мои друзья, Очень рад, Вас видеть я.
Good morning, good morning, Good morning to you! Good morning, good morning, I like to see you!
Топқа бөліну. Балалар, топқа бөліну үшін сендер алдыларыңдағы жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлек себеттерге салыңдар. Жұмбақ жасыру.
Аспай піскен, Қайнамай түскен.
Бақшада өседі, Көп өнім береді.
Оны күткен адамдар Ұзақ өмір сүреді Қадірін білген адамдар Байлық осы деседі
Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар балалар.! -Олай болса адамдар денсаулығы мықты болу үшін не істеу керек? – Балалар, адам организміне қажет және пайдалы тағам дегенді қалай түсінесіңдер?
Ойын: «Ойлан тап!» -Балалар онда мынау үстелдің үстінде тұрған тағамдарды 2-бөліп қойыңдар.Пайдалы және зиянды екенін ажырату.
-Олай болса, балалар,бүгінгі өтетін оқу іс әрекетіміз драма.
Тақырыбымыз: « Көкөністер мен жемістер ертегісі» . Құзіреттілікке байланысты билигвальды компоненттерді 3-тілде айтып шығу. Жеміс-фрукт-fruit Көкөніс-овощ-vegetable Дәрумен-витамин-vitamin
Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Сен қалай ойлайсың, көгөніс және жемістер өздерінің пайдасы туралы не айтар еді? Қызанақ, пияз,шие.қызылша, асқабақ
(Т) 2-тапсырма: Тіл ұстарту жаттығуы Ша-ша-ша – есік алды бақша. Із-із-із – бақшадағы сәбіз. Ет-ет-ет – алма толы себет.
Интонациямен жұмыс: Асан басқа жақтан Ақ сабақ асқабақ әкелді. Басқа жақтан Басқарақ асқабақ әкелді.
Жағдаятты сұрақ: – Сендер қалай ойлайсыңдар, жемістер мен көгөністер ертегі кейіпкері бола ала ма? – Режиссёр деген кім? -сахнада драмалық немесе музыкалық туынды қоятын жауапты маман. Режиссер-маман, ұстаз,суретші,түсіндіруші, қойылымды ұйымдастырушы. Музыкалық дыбыстарды, жарық сәулені,қолданатын заттарды, дыбыстық бейнені біріктіреді.
– Режиссёр болғыларың келе ме? Ойын: «Мен режиссёр боламын». Балалар топқа бөлініп, көкөністер мен жемістер туралы өз ойларынан ертегі құрастырып, сахналайды. Жемістер тобы мен көкөніс тобы «жемістер мен көкөнсітер ертегісін» сахналайды. Жидектер тобы: Аюлардың жидек теруін құрады. Қорбаңдаған аюдың, Жемістері көп екен. Теріп-теріп алайық Себеттерге салайық.
Қуаныштың балаларға сұрағы: -актер сахнада өзін қалай ұстауы керек? -Актер сахнада өзін еркін ұстауы тиіс. Әліппе-дәптермен жұмыс. 3-тапсырма: Көгөністер мен жемістерді дене мүшелерімен толықтырып, мультфильм кейіпкерлеріне айналдыр.
Саусақ жаттығуын жасау. Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ Қала салсақ ,жол салсақ. Шығармашылық топтық жұмыс: құрастырманың бөлшектерінен жемістер мен көкөністер жасау. – Қуаныш бүгінгі сабаққа өзінің білетінін сендермен бөлісуге келіпті. 1. Тамақтанар алдында қолыңды жу. 2. Көгөністерді жумай жеме. • Тамақтану не үшін қажет? • Көгөністер мен жемістерде қандай дәрумендер болады? • Сен үшін қай тағам пайдалы?
Рефлексия: Тәрбиеші балалардан өздерінің жұмыстарын бағалауды сұрайды. 1.Өз жұмысына көңілі толса көңілді бетперденің суретін бояу. 2.Өз жұмысына көңілі толмаса көңілсіз бетперденің суретін бояу. |
Балалар қонақтармен және бір-бірімен амандасады.
Балалар жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлек себеттерге салады.
Жұмбақты мұқият тыңдап, шешімін табады.
Жеміс
Көкөніс
Денсаулық
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар бір-бірден шығып тағамдарды бөліп қояды. Жемістерді бөлек,газдалған сусынды,чипсы, кириешкиді,чупа-чупсты бөлек қояды.
Интерактивті тақтада жемістер,көкөніс-тер,жидектер суреттері көрсетіледі
Балалар өз ойларын ортаға салады
Тіл ұстарту жаттығуын жылдам және жай дауыспен айтады.
Жаңылтпашты қайталайды.
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар өз ойларынан ертегі құрастырып, сахналайды.
Көкөністер мен жемістерге көз, ауыз, қол, т.б. дене мүшелерін салып, мультфильм кейіпкеріне айналдырады.
Саусақ жаттығуын жасайды.
Құрастырманың бөлшектерінен жасайды.
Сұраққа жауап береді.
Бетпердені бояйды. |
Күтілетін нәтиже: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;
Нені біледі: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтып, сыбырлап және қатты айта алады.
Қандай түсініктерді игерді: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасай алады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі