Өлең, жыр, ақындар

Жомарттық пен кеңпейілділік

Пән: Өзін-өзі тану

Мектеп: №173 мектеп-лицей КММ

Мерзім: 09. 02. 2021

Мұғалім: Нұрдыхан Куляш

Cынып: 3  «В»

Оқушылар саны:  15 оқушы

Тақырып: Жомарттық пен кеңпейілділік

Құндылық:  Қиянат жасамау

Қасиеттері: Аққөңілділік, риясыз сүйіспеншілік, жылы жүзділі

Мақсаты: Жомарттық пен кеңпейілділік ұғымдары туралы танысамыз, айналадағы адамдарға адал және қайрымды болуды үйренеміз.

Білімділік: Оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Оқушыларды қамқор болуға тәрбиелеу.

Қашықтықтан оқыту

ресурстар

кітап, дәптер,

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Балалармен сәлемдесу!

 Оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

  5«Т» ережесі:

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

Зум платформасы

Оқулық, слайд, дәптер, «5 Т» ережесі , тыныштық сәтi, оқулықпен жұмыс,

сұрақ-жауап.

2. Үй тапсырмасын тексеру

   Ы. Алтынсариннің «Жомарт» мәтінін оқып келу

Өткен тақырыпты қорытындылауға арналған сұрақтар:

- Жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады?

- Жомарттықтық қасиетін қалай түсінесіздер?

- Жомарт адам болу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек деп ойлайсыз?

 

 3. Дәйексөз.

«Адамның қадірлісі- жомарт кісі»  

                              Жүсіп Баласағұн                 

  • Хормен оқыту. Ұл балаларға және қыз балаларға бөлек оқыту
  • Жұмыс дәптерге жаздыру
  • Балалар осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Оқушылардың жауаптарының негізінде қорытынды жасау.

 

 4. Әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беру

«Кеңпейілдік» тақырыбында бейнебаян тамашалайық

1. Кеңпейіл адамдардан қандай үлгі алуға болады?

Кеңпейіл адам болу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек деп ойлайсыңдар?

Сеніңше кеңпейілді іс-әрекетті тағы қалай көрсетуге болады?

Оқулық

 

5. Шығармашылық жұмыс.

 Мақал-мәтелдерді толықтырып жаз, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз. (Дәптерге жазбаша орындаймыз)

 

6. Үй тапсырмасы.

 104 беттегі «Атымтай Жомарт» аңыз әңгімесін оқу

 

 7. Қорытындылау

Кеңпейілділік- бұл ниеті түзулік, мінезі ашықтық, жүрегі жұмсақтық. Кеңпейіл адам ешкімнің ала жібін аттамайды, барлық адамдарға қол ұшын беруге даяр, жомарттыққа бейім болады.

Кеңпейілділік туралы қазақ халқы «Кең болсаң, кем болмайсың» деп тауып айтқан.

8. Соңғы тыныштық сәтi.

Музыка қойылады. Бүгінгі сабақта аталған құндылықтарды жүректеріңізге сақтап алыңдар.

Рахмет! Сау болыңдар!

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер