Өлең, жыр, ақындар

2021 жылдың 6-8 сәуірі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Халықаралық қатынастар факультетінде Дипломатиялық аударма кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» конференциясы болып өтті.

 

Смагулова А.С. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының и.о.доценті

Рахимбаева Р.М. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының PhD докторанті аға окытушысы

 

2021 жылдың 6-8 сәуірі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Халықаралық қатынастар  факультетінде Дипломатиялық аударма кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» конференциясы болып өтті. Жыл сайын тұрақты түрде өтетін конференцияның биылғы жылы өте қызықты болды. Екі секция жумыс жасады. Өздеріңізге белгілі, әлемді коронавирус індеті жайлап отырған жағдайда дәстүрлі «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдар ғылыми конференциясы да онлайн-конференция форматында ұйымдастырылды. Менің жетекшілігімдегімде 2 магистрант қатысты Рыспек Айпара және Отепова Айымгул. Секция барысында осы кезеңнің әр түрлі өзекті тақырыптары бойынша  студентер  дайындаған баяндамалары тыңдалды.

Жалпы «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың онлайн-конференциясы қызу талқылаулармен, жоғары деңгейде өтті. Конференция қорытындысы бойынша студенттердің ғылыми жұмыстары әр түрлі марапаттауларға ұсынылды.

 Конференция жұмысына байланысты жасайтын ең басты  қорытындымыз – мына, әлемді жайлаған коронавирус індеті жағдайында және сонымен байланысты университетімізде жаппай енгізілген қашықтықтан оқыту технологиясы жағдайында студенттердің ғылымға деген қызығушылығының бәсеңдемегені, керісінше арта түскендігіне көз жеткіздік. Бұл университет оқытушыларын ерекше қуантқан жағдай болды.  Мұның өзі қазақ жастарының еліміздің болашағы ғылым мен технологияда екендігін жақсы түсінетіндігінің айқын айғағы деп білеміз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Дипломатиялық аударма  кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Смагулова А.С.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз