Корейская косметика премиум класса

«Шоқан Уалиханов-шығыстың жарық жұлдызы»

 

«Шоқан Уалиханов-шығыстың жарық жұлдызы»

 

   Смагулова А.С. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының и.о.доценті

Рахимбаева Р.М.Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының аға окытушысы

Жұмағалиева Л.Ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің

Әлемдік экономика мамандығы 2 курс студенті

 

    2020 жылдың 13-шы қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің Халықаралық қатынастар факультетінің  «Әлемдік экономика» мамандығының 2-курс студенттерімен  «Шоқан Уалиханов-шығыстың жарық жұлдызы» тақырыбында  онлайн дөңгелек үстел болып өтті.

     Дөңгелек үстел топ эдвайзері филология ғылымының кандидаты доцент А.С.Смагулованың баяндамасынан бастау алып, ары қарай қазақ тіліндегі Жұмағалиева Лауланың Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы дайындаған презентациясымен жалғасты.Одан әрі орыс тілінде Берденова Дарина көптеген мәліметтермен бөлісті.  Дөңгелек үстел әдеттегідей,үш тілде жүріп өтті.Ағылшын тілінде Жұмабаева Диана баяндама жасай отырып, Шоқанның еңбегі мен өмір жолына шолу жасады.Онлайн дөңгелек үстел барысында Шоқанның қысқа ғана өмірінде артынан өшпес із қалдырғаны,қазақ қоғамына сіңірген ерен еңбегі жайлы баяндалды.

Шоқанның шығыстанушы болуына отбасылық тәрбие, шығыс тілдері және мәдениетімен етене таныстығы; сонымен қоса Кадет корпусында Азия тарихы мен жағрапиясын, бірнеше шығыс тілдерін меңгеруі, белгілі шығыстанушы-ғалымдармен байланысы; ең соңында бірқатар маңызды саяхаттары нағыз шығыстанушы-ғалым болып орнығуына ықпал етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қарап көріңіз

×