Орал қаласы №19 ЖОББ мектепалды даярлық тобының
тәрбиешісі: Есенгазиева Алтын Токтабаевна
Қысқа мерзімді ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Менің отбасым. Қосамын және азайтамын
Мақсаты:
«+» таңбаларын заттарды қосатын таңба ретінде «-» таңбасын заттар тобынан кеміту таңбасы ретінде түсіну және оларды пайдалану
Көп тілділік: отбасы-семья-family, отбасы мүшелерін үш тілде айтқызу; бірден онға дейінгі сандар үш тілде айтылады
Көрнекілік құралдар: жұмыс дәптері, шарлар (көк,қызыл),логикалық, дидактикалық ойын құралдары,бала санына жеткілікті үлестірмелі материалдар, сергіту сәті бейне ролигі, слаид.
Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері: «Қайырлы таң!» үш тілде орындалады.
Ой қозғау:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 сандарды тура және кері, үш тілде санау.
Балалардан отбасының не екенін сұрайды:
- Балалар, отбасы мүшелерін атайық, отбасында қандай мерекелер тойланады? Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Балалар сандарды санайды.
Сұрақтарға жауап береді.
- Жаңа жыл, наурыз, туған күн.
Ұймдастырушылық – ізденістік Логикалық тапсырма: «Туған күн»
Мақсаты: отбасында тойланатын мереке туралы түсініктерін бекіту арқылы «+» тапсырмаларын орындау арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.
Ойын шарты: Берілген сурет қарап қандай мереке тойланылып жатырғандығын анықтайды, келген қонақтарды санайды, дастархан басындағы ыдыс-аяқтар санау арқылы тапсырмалар орындалады.
Дәптердегі 1-тапсырма бойынша фотосуретте кімнің суреті бейнеленгенін және оның сыртындағы жақтауының пішіні қандай екенін сұрайды.
Содан соң тапсырма береді: Әлия мен Сырым альбомға фото суреттер жасырды. Олар неше фотосурет жапсырғанына қара. Альбомға тағы жапсыратын фотосуреттерді тауып көрсет. Жазуларды орында.
Санамақ: Саусақтардың көмегімен үш тілде отбасы мүшелерін санайды.
Одан кейін педагог
2 – тапсырма: шарлар арқылы «-» нәтижесін шығаруға тапсырға беріледі.
3 – тапсырма:
Логикалық тапсырма: Сандардың құрамын табайық
Балалардың алдына жарма және аққағаз үлестіріледі (үйшіктер сандар орналасқан)
Балалар үйшіктерде орнласқан сндардың құрмын, жармамен көрсетеді.
Сергіту сәті: «Саусақтарды санаймыз»
4-тапсырма
Оң қолым 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ,
5-ке 5-ті қосқанда болып шықты он саусақ (үш түрлі дауыс ырғағымен орындалады).
5 – тапсырма: дәптердегі «+» және «-» таңбаларын қаламмен бастырып сызады. Суреттегі «Туған күн» мерекесі екендігін айтады, Туған күн иесіне ат қояды. Бірнеше тапсырмалар орындайды.
Балалар отбасы мүшелерінің суреттері қандай пішіндегі жақтауларға салынғанын табады.
Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Балалар «-» нәтижесін дәптерге сандарды жапсыру арқылы орындайды.
Тақтаға ілінген қызыл және көк шарлар арқылы тапсырма орындалады.
Жұмыстанады.
Фасоль жармаларымен қызыға жұмыстанады.
Балалар саусақтарын ойнатып серігеді.
Қолдарына қаламдарын алып, «+» және «-» таңбаларын бастырып сызады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі