Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі –
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламдық тарихи оқиғалардың бірі.
Қарақат:
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухамеджанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаеватарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұранамыз. Рахмет.
Зарина:
Бұрқатып өткен бұл халық мұны,
Бір дәуір сынды жыл болды ұлы
Желтоқсан таңы жадырап қайта
Ғасырдың бүгін нұрланды күні.
Нұрсұлтан:
Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар
Жүректе жылы үміт пен ізгі ар
Ақ құстай бейбіт орманы самғап
Алаңға шықты жігіттер, қыздар.
Мұғалім:
Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.
Қарақат:
16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.
Дильназ:
Дауылға желтоқсанның желі айналады,
Ашу мінді Алатау кәрі, айбарлы,
Күтпеген іс ақыры не болды, деп
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
Фархат:
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты,
Қытымыр қыстық басы сол бір айда
Желтоқсан әлемі әлемді жалт қаратты.
« Желтоқсан желі» әні орындалады.
Көрініс (Сахнаға екі студент шығады бірі жігіт, бірі қыз .Қолдарында конспект дәптерлері бар.)
Қарақат: 1986 жыл 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков өз курстасы Жанармен кездеседі.
Меруерт - Жанар. Қайрат , сен естідің бе ? Кеше Қонаев ағамыз орнынан алыныпты дейді.
Серікболсын - Қайрат. Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Меруерт - Жанар. Кеше куратор ағайдан естідім . Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналып жатыр дейді.
Серікболсын - Қайрат. Неге? Неліктен?
Меруерт - Жанар. Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді . Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Серікболсын - Қайрат. Қой ,біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік! Тез барайық.
Қарақат: Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.
Перизат:
Желтоқсан .Алматыда ақ қарада
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күнірене күн күркіреп тау жақтан ,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда .
Б.Әділет:
Аппақ қала , аппақ ғалам
О,тоба !
Найзағайлар қар жалап тұр жотада.
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар
Бұйдаланған ұқсас жетім ботаға.
Айқаным:
Кім көріпті о заман да ,бұ заман ,
Найзағайды көк аязға құлаған
Кеуделерді үрей –бөрі ұлыды.
Болсайшы аман , мына ғалам, дін аман!
«Желтоқсан желі» әні .Көрініс. (Сахна ашылады)
Алаңда жастар бейбіт ,жайбарақат.Қолдарында «Каждому народу – своего вождя »,
«Қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген транспоранттары бар . «Қазақстан жаса» деген дауыстар естіледі.
Меруерт - Дауыс. Қонаевты шақырыңдар! Ақиқаттын айтып , түсіндірсін барлық жайды !
Серікболсын - Дауыс. Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?
Ерасыл - Дауыс. Талап-тілегімізді айтамыз. Шықсын ортаға басшылар. Колбин долой!
Колбин долой!
Асылжан - Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар!
Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болады! Мен сендерге күш қолданам! Үйге қайтыңдар!
Әскери адам.Первая рота! Слушай мою команду! Производится операция
“Құйын”. Немедленно розогнать экстремистов и хулиганов!
(Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Шеруді құғындау басталады). Перде жабылады.
Мұғалім: Демонстрация шыққан жастарға “ұлтшыл”, “бұзақылар”, “ішкіштер”, “нашақорлар” деген жала жабылды.Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ жастарын ұрып-соғып, қорлап айуандық жолмен азаптады, бірнеше адамға ату жазасын кесіп, қаншамасын темір торға тықты.Барлығы 99 адам сотталды. Қазақ кеңес совет республикасы жоғарғы соты – 11 адамды, Алматы қалалық соты-59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату жазасына келісілді. 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Көрініс.
Қарақат: Темір тордың ішінде ҚАЙРАТ өлең жазып отыр.
Серікболсын – Қайрат:
Қаймана қазақ қамы үшін,
Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды-ау табанда
Сөйлесем дауысым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға
Шовинизм еді ғой,
Басты себеп жанжалға.
Қарақат: Осы кезде камераға кезекші келеді.
Кемеңгер - Кезекші: –Заключенный Рыскулбекова на допрос! (Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі).
Мұхамедияр - Тергеуші: Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы СОВИЦКИЙді өлтірген сен бе?
Серікболсын - Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, мен емес.
Мұхамедияр - Тергеуші: Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.
Серікболсын - Қайрат Рысқұлбеков: Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!
Мұхамедияр - Тергеуші: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный!Бұзақы.
« Заман - ай.» әні орындалады.
Көрініс. Сот залы.
Асылжан - Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.
Асылжан - Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң ға бардың ба?
Серікболсын - Қайрат Рысқұлбеков: - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.
Асылжан - Прокурор: - Не мақсатпен ?
Серікболсын - Қайрат Рысқұлбеков: Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.
С.Әділет - Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?
Серікболсын - Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.
Ақмарал - Хатшы: Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!
С.Әділет - Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.
Серікболсын - Қайрат Рысқұлбеков: Жоқ, бұл әділдік емес.
Маржан - Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Ақмарал - Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.
С.Әділет - Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?
Серікболсын - Қайрат: Бар.
Күнәдан таза басым бар
Қазақ деген атым бар
21-де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
ҚАЙРАТ деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар
Мен не етермін, не етермін
Мен келмеске кетермін
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін
Хош аман бол артымда,
Ағайын-туыс, азамат,
Артымда қалған ата-анам,
Ел жұртым саған аманат!
Маржан - Анасы: Қайратты Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!
Сеікболсын - ҚАЙРАТ:
Көтер ана, көтер ана басыңды.
Өтті, кетті жауынды күн жасынды
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!
Кешір ана, жан едің ғой тамаша,
Арым үшін түстім, рас араша
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,
Арым үшін түстім, рас, араша
Араша!
«Желтоқсан желі» әні орындалады.
Мұғалім: Кеңес Совет Республикасы одан жоғары кеңесі Президизмінің шешімінен 1988 жылдың 28 сәуірдегі жарлығымен ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВке кешірім жасалып,
20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар ҚАЙРАТты
Қуанта алған жоқ... мынау қайраттың анасына жазған соңғы хаты !
(Қайраттың хаты сахна сыртынан оқылады).
«Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым».
Қарақат: 1988 жылы 21-мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өз-өзін өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.
Мұғалім: Араға жылдар салып тарих қайнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасындағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор»деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991жылғы 12- желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17желтоқсанда «ҚР-ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Призидентінің жарлығы шықты.
Қарақат: Ләззат Асанова ,САбира Мухаметжанова , Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді Өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды.Бірақ олардың есімі ел есінен өтпейді.Желтоқсан құрбандарына әр уақытта бас иіп тағзым етеміз.
Әлихан:
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Жібек:
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Нұрдәулет:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Қарақат: Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып,дүние жүзіне танылуда.Біздің отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті Тарту етті. Енді біздің парызымыз—ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу .
Мұғалім: Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып , мемлекетімізге жарқын болашақ, барлығыңызға саулық тілейміз .
Айымыз оңыздан тусын деген ниетпен бүгінгі «Желтоқсан –тәуелсіздігіміздің ұлы рухы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
«Елім менің» әні орындалады.
Елім менің
1-Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты көлім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің
Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам, аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманың
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың оу
Берік болсын оу, босағаң
Желтоқсан желі
Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі